Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылындағы № 4 жаңа көшеге "Мәдениет" атауы берілсін.
2. "Жамбыл ауылындағы № 4 жаңа көшеге атау беру туралы" Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 5 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл ауылдық округі әкімінің орынбасары Е. Жексембековке жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Д. Темир |