"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Жамбыл ауылдық округіндегі Плодовоягодный ауылының төмендегі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Ленин көшесі-Астана:
Дружба көшесі-Достық:
Хутор көшесі-Таугүлі:
Ягодный көшесі-Қарақат.
2.
Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-заңгері Н. Нарікбаевқа жүктелсін.
3.
Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауылдық |
М. Кокрекбаев |