Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағына және 2014 жылғы 15 тамыздағы Сарымолдаев ауылдық округі, Сарымолдаев ауылы, Кубанская көшесінің тұрғындар жиналысының хаттамасына сәйкес, Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарымолдаев ауылдық округі, Сарымолдаев ауылы, Кубанская көшесінің атауы Омар Карбозов атындағы көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарымолдаев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е.Киргизбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Ж. Абдуллаев |