Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 20.12.2019 № 66-3 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергіліктік мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазастан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, әкімшілік аумақтық құрылысы, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы мәселелері жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
Л. Асанова | Б. Дондаұлы |