Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 7 қарашадағы және Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 3 желтоқсандағы қорытындылары негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қаласының көшелеріне келесі атаулар:
"Күнгей" шағын ауданы бойынша:
3-көшеге – Мұхаметхан Сейітқұлов есімі;
6-көшеге – Батыр Баян есімі;
7-көшеге – Игілік би есімі;
8-көшеге – Нәзір Төреқұлов есімі;
9-көшеге – Нұртас Оңдасынов есімі;
10-көшеге – Фазыл Кәрібжанов есімі;
11-көшеге – Кәрім Мыңбаев есімі;
12-көшеге – Шолпан Жандарбекова есімі;
14-көшеге – Ніл Мазитов есімі;
4-көшеге – Зада Қажыбеков есімі;
13-көшеге – Әбікен Төлеубаев есімі;
17-көшеге – Мәтен Рахымбеков есімі;
18-көшеге – Жақан Смақов есімі;
19-көшеге – Жүсіпбек Алтайбаев есімі;
20-көшеге – Ақселеу Сейдімбек есімі;
"Қалалық әуежай" шағын ауданы бойынша:
1-көшеге – Қайролла Қабжанов есімі;
2-көшеге – Ғабдолла Құлқыбаев есімі;
3-көшеге – Жұмаш Әубәкіров есімі;
4-көшеге – Кәрібоз Шектібаев есімі берілсін.
2. Балқаш қаласындағы 3-шағын ауданға – Жидебай батыр есімі берілсін.
3. Бұқар жырау ауданының келесі ауылдық елді мекендері:
Корнеевка ауылы – Керней ауылы;
Молодецкое ауылы – Жаңаталап ауылы деп қайта аталсын.
4. Осакаров ауданының келесі ауылдық елді мекені және аймағы:
Дальний ауылдық округі – Жансары ауылдық округі;
Дальний ауылдық округі бойынша:
Лиманное ауылы – Басқорық ауылы деп қайта аталсын.
5. Осы Қарағанды облысының әкімдігі және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.М. Әдекенов) жүктелсін.
6. Осы Қарағанды облысының әкімдігі және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі |
Н. Әбдібеков |
Қарағанды облыстық |
Д. Чернов |
Қарағанды облыстық |
Н. Дулатбеков |