1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарағанды облысындағы есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Әбдібеков |
| Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 62/04 қаулысына қосымша |
Қарағанды облысының есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары
Ескерту: егер тұрғын үй 6 бөлмеден артық болса, онда шамдар есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығымен бекітілген есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларына сәйкес бөлме саны + 5 = шамдар саны формуласы бойынша анықталады.