РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Жезқазған қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 шілдедегі "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 16/02 қаулысы жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары А.А. Мухамбединге жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкімі | Б. Ахметов |
| Жезқазған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандығы № 05/17 қаулысымен бекітілген |
"Жезқазған қаласының кәсіпкерік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және ауылшаруашылық дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. "Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 100600, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекеменің миссиясы кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, ауыл аймақтарын және агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеу саласы бойынша бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық саласында стратегиялық мемлекеттік жоспарларды жүзеге асыру болып табылады.14. Міндеттері:
қаланың аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасау;
аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
15. Функциялары:
құзыретіне кіретін қаланың әлеуметтік-экономикалық орта мерзімдік даму жоспарын өндеуге ат салысу;
үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жобаларды іздеу және жүргізу;
қазақстандық үлесті қамтамасыз ететін ірі жүйе құраушы кәсіпорындар мониторинг;
өнеркәсіп кәсіпорындарындағы негізгі капиталды инвестициялауға мониторинг;
қаланың шағын кәсіпкерлерімен көрме, байқау, жәрмеңке, көшпелі сауда ұйымдастыру;
қала әкіміне немесе әкім орынбасарына басшылық жасайтын сұрақтар бойынша ақпаратты жинақтау, жалпылау, талдау, дайындау;
қалада шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдаудың инфрақұрылымдық объектілерін құруды және дамытуды қамтамасыз ету;
жеке кәсіпкерлікті жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
мемлекеттік мекеменің құзіретіне жататын сұрақтар бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, қарау және Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларына сәйкес тәртіп пен мерзімде арыз берушіге қабылданған шешім бойынша хабарлау;
мемлекеттің аграрлық саясатын жүзеге асыруға қатысу және ауылшаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда жеке және мемлекеттік құрылымдардың қызметін үйлестіру;
агроөнеркәсіптік кешенінің дамуын және мемлекеттік реттеу саласында мемлекет саясатын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізу;
аумақтың ауылшаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламасын дайындау және оның орындалуын бақылау;
ауыл шаруашылығы техникаларын, тіркемелерін және машиналарын тіркеу және есепке алу;
ауыл шаруашылығы техникаларын, тіркемелерін және машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
емтихан қабылдау мен тракторист-машинист куәлігін беру;
жыл сайынғы техникалық байқаудан өту құжаттарының сәйкестігін бақылау;
ауыл шаруашылығы саласы бойынша субсидияларды алу жөнінде ақпарат беру, жеке және заңды тұлғалардан тиісті құжаттарды қабылдау.
16. Құқықтары мен міндеттері:
әкімге немесе қала әкімдігіне кәсіпкерлік және ауылшаруашылық мәселелері бойынша ұсыныс жасауға;
өз құзыреті денгейінде мемлекеттік органдарға қала әкімі орынбасарының келісімі бойынша ақпараттық-аналитикалық ақпараттар дайындауға және ұсынуға;
қалалық атқарушы билік органдарынан, басқару органдарынан, кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден құзыретіне жататын мәселелерді шешуге қажетті материалдарды белгіленген тәртіпте сұратуға және алуға;
әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлар бағасына мониторинг жүргізуге;
өзінің құзыреті шегінде қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын даярлауға;
қала әкімі мен әкім орынбасарларының қатысуымен өтетін қала әкімдігі отырысына, жиналыстарға тиісті мәселелер бойынша қатысуға;
бөлім құзыретіне жататын сұрақтар бойынша қала әкіміне шешімдер, өкімдер мен ұсыныстар жобаларын ұсынуға, белгіленген тәртіпте жиналыс ұйымдастыру;
қала бөлімдері мен мекеме мамандарын жобаны өңдеуге, баяндама, ақпарат әзірлеуге қатыстыруға;
Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуге;
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласы бойынша экономикалық жағдайды талдау;
қала мекемелерімен кәсіпорындарының негізгі капиталға салған инвестициясын талдау;
кәсіпкерлік және ауылшаруашылық жағдайы бойынша ақпараттар, баяндамалар жасау;
инновациялық жобаларды енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
кәсіпкерлікті және ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру саясатына қатысу;
жаңадан тіркелген кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнес субьектілеріне ақпараттық, тәжірибелік көмек көрсету;
бөлім құзыретіне кіретін барлық сұрақтар бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік органдармен, басқа ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимылын үйлестіру;
базарларға төлқұжат беру және категория тағайындау үшін Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасына құжат дайындау.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жезқазған қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
заңнамаларға сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлерін қызметке алады және қызметтен босатады;
заңдарда көзделген тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және мадақтау бойынша шаралар жүргізеді, еңбек қатынастары бойынша сұрақтарды шешеді;
бұйрықтарға қол қояды;
барлық мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің атынан өкіл болады;
мемлекеттік қызметті орындауға қатысты емес үшінші тұлғалармен қарым-қатынас кезінде мемлекеттік мекеменің өкілі болу құқығына сенімхат береді.
"Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдауға міндетті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамауда дербес жауапты болады.
"Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкiлеттiгiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
4. Мемлекеттік органның мүлкi
22. "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін."Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.