Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне сәйкес, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру мақсатында, жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды және табыс табуды, кедейлікті еңсеруді, жұмыссыздық ауқымы мен деңгейін қысқартуды қамтамасыз ету үшін, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 53/01 "2015 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Балқаш қаласының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің тізбесін, жұмыстардың түрлерін, нақты жағдайларын, көлемдерін және еңбекақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі тіркеу нөмірі № 2944, 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 9 (12259) "Балқаш өңірі", № 9 (1330) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Жаксылыкова Саягуль Жаксылыковнаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Райымбеков |
|
2015 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Балқаш қаласының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің тізбесі, жұмыстардың түрлері, нақты жағдайлары, көлемдері
№ | Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің атауы | Жылдық адам саны | Жұмыстардың түрлері және көлемі |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) | 28 | Қосалқы жұмыстар, күнделікті 10-12 құжаттарды тарату |
2 | "Гүлшат кенті әкім аппараты" ММ | 14 | Кентті көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту, айына 3000 шаршы метрден кем емес |
3 | "Саяқ кенті әкім аппараты" ММ | 14 | Кентті көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту, айына 3000 шаршы метрден кем емес |
4 | "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" ММ | 4 | Құжаттарды мұрағатқа тапсыруға дайындауға, сессиялар және тұрақты комиссиялар хаттамаларын ресімдеуге көмек, күнделікті 10-12 құжаттар |
5 | "Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ | 6 | Күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу, тізілімдерді, хабарлау хаттарды дайындау бойынша жұмыс |
6 | "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ | 14 | Әлеуметтік төлемдерге құқығы бар азаматтарды анықтау мақсатында аулаларды аралау, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін жасауға көмек, күнделікті 10-12 құжаттар |
7 | "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" ММ | 4 | Күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу |
8 | "Балқаш қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ | 16 | Күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу, саяжайлар және гараждар алаптарын түгендеу |
9 | "Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" ММ | 30 | Күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу, қаланы көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту |
10 | "Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ | 8 | Күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу, мұрағаттық құжаттармен жұмыс |
11 | "Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ және оның ішінде қаланың жалпы білім беретін мектептері | 43 | Айына 60 кем емес іс-шараларды жүргізуге көмек, қоғамдық тәрбиеші |
12 | "Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ | 8 | Күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу |
13 | "Балқаш қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" ММ | 4 | Құжаттарды өңдеу, күнделікті 10-12 құжаттарды жеткізу |
14 | "Балқаш қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ | 4 | Күнделікті 10-12 құжаттарды жеткізу, ақпараттарды жинақтау, ауыл шаруашылық жануарларының қозғалысын есептеу және тіркеу |
15 | "Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ | 12 | Мәдени – жалпы іс-шараларды жүргізуге көмек, күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу |
16 | "Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ | 4 | Қосалқы жұмыстар, күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу және тіркеу |
17 | "Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Балқаш қалалық қазынашылық басқармасы" ММ | 4 | Күнделікті 10-12 құжаттарды жеткізу, құжаттарды өңдеу |
18 | "Балқаш қаласының ветеринария бөлімі" ММ | 3 | Күнделікті 10-12 құжаттарды жеткізу, құжаттарды өңдеу |
19 | "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қарағанды облыстық сотының кеңсесі" ММ | 40 | Қосалқы жұмыстар, мұрағат құжаттарымен жұмыс, күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу |
20 | "Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" ММ | 4 | Мұрағаттық құжаттармен жұмыс, шақыру қағаздарын тарату, күнделікті 10-12 құжаттар |
21 | "Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Балқаш қаласының ішкі істер бөлімі" ММ | 60 | Қосалқы жұмыстар, номенклатуралық істерді тігу, күнделікті 10-12 кіріс және шығыс құжаттарын тарату |
22 | "Қарағанды облысының прокуратурасы" ММ | 8 | Қосалқы жұмыстар, күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу және тіркеу |
23 | "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Балқаш қалалық аумақтық инспекциясы" ММ | 4 | Күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу және тіркеу |
24 | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Балқаш қалалық аумақтық инспекциясы" ММ | 4 | Мұрағаттық құжаттармен жұмыс, қосалқы жұмыстар, күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу |
25 | "Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" ММ | 4 | Күнделікті 10-12 құжаттарды тарату және өңдеу |
26 | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаменті Балқаш қаласының Әділет басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - РММ) | 20 | Күнделікті 10-12 құжаттарды жеткізу, әділет органдарында құжаттарды өңдеу бойынша жұмыс, формулярларды таратып салу |
27 | "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қарағанды облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Балқаш қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" РММ | 8 | Күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу |
28 | "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгі Экологиялық реттеу және бақылау комитетiнің Қарағанды облысы бойынша экология департаментi" ММ | 4 | Күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу |
29 | "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Балқаш қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" РММ | 20 | Салық төлеу бойынша хабарлау хаттарды тарату, күнделікті 10-12 құжаттарды жеткізу |
30 | "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" РММ | 4 | Хабарлау хаттарды тарату, күнделікті 10-12 құжаттарды және номенклатуралық істерді тігу |
31 | "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Қарағанды облысы Әділет департаменті" РММ | 30 | Күнделікті 10-12 хабарламаларды тарату |
32 | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнің "Қарағанды облысы Балқаш қаласының қорғаныс iстерi жөніндегі біріктірілген бөлімі" РММ | 28 | Күнделікті 10-12 шақыру қағаздарын тарату |
33 | "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Балқаш қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" РММ | 10 | Суға түсу маусымы кезеңіндегі профилактикалық жұмыстар, күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу |
34 | Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - КММ) | 4 | Мұрағаттық құжаттармен жұмыс, мұрағаттық істерді жаңғырту, күнделікті 10-12 құжаттар |
35 | "Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталығы" КММ | 4 | Қосалқы жұмыстар, күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу |
36 | Қарағанды облысы білім басқармасының "Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық № 4 арнайы мектеп-интернаты" КММ | 3 | Күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу |
37 | "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (бұдан әрі - РМҚК) | 4 | Мұрағаттық істерді жаңғырту, жәрдемақы және зейнетақы алушыларға күнделікті 10-12 шақырулар тарату |
38 | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің "Қарағанды облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" РМҚК | 4 | Күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу |
39 | Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қазақавтожол" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Қарағанды облыстық филиалы | 21 | Жолдарды көріктендіру және санитарлық тазартуға көмек, айына 3000 шаршы метрден кем емес |
40 | Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы "Балқаш қ. орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - КМК) | 4 | Қосалқы жұмыстар, мұрағаттық құжаттармен жұмыс, күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу |
41 | Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы "Балқаш қаласының № 1 емханасы" КМК | 8 | Күнделікті 10-12 құжаттарды жеткізу, құжаттарды өңдеу |
42 | "Қалалық коммуналдық шаруашылық-2012" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – ЖШС) | 70 | Қаланы көріктендіру, санитарлық тазарту және көгалдандыру, айына 3000 шаршы метрден кем емес |
43 | "Қазақ соқырлар қоғамының Балқаш оқу-өндіріс кәсіпорыны" ЖШС | 4 | Күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу |
44 | "Kazakhmys Smelting" (Қазақмыс Смэлтинг) ЖШС | 4 | Күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу |
45 | "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы - "Балқаштүстімет" өндірістік бірлестігі | 4 | Күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу |
46 | "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Балқаш қалалық филиалы | 4 | Күнделікті 10-12 құжаттарды өңдеу |
47 | "Қазпочта" акционерлік қоғамы | 4 | Күнделікті 10-12 хабарламаларды тарату |
Барлығы | 610 |
және консультативтік Асылбеков Б.С
жұмыс бөлімінің басшысы
Құжаттамамен қамтамасыз Абильдинова К.Ж
ету бөлімінің басшысы
Орынд: Томпиева Ж.К
Құқықтық және консультатив Кондубаева А.Томпиев а Балқаш қаласы әкімдігінің
2013 жылғы "05" желтоксандағы
№ 48/02 қаулысына қосымша
Томпиева Балқаш қаласы әкімдігінің
2012 жылғы "24" желтоқсандағы
№49/02 қаулысына қосымша