"Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 27 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 сәуірде № 3098 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 56 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 13.06.2018 № 56 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығын басшылыққа ала отырып, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Джанабергеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.


Қаражал қаласының әкімі

Қ. Шорманбаев



  Қаражал қаласы әкімдігінің
  2015 жылғы 12 наурыздағы № 27
  қаулысымен бекітілген

"Қаражал қаласының кәсіпкерік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және ауылшаруашылық дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 100700, Қаражал қаласы, Сайдалы Сары Тоқа көшесі, 1 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде – "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде – Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал".

      10. Осы Ереже "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      12. "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің миссиясы кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, ауыл аймақтарын және агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеу саласы бойынша бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық саласында стратегиялық мемлекеттік жоспарларды жүзеге асыру болып табылады.

      14. Міндеттері:

      қаланың аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасау;

      аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.

      15. Функциялары:

      бөлімнің құзыретіне кіретін қаланың әлеуметтік-экономикалық орта мерзімдік даму жоспарын өндеуге ат салысу;

      үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жобаларды іздеу және жүргізу;

      қазақстандық үлесті қамтамасыз ететін ірі жүйе құраушы кәсіпорындар мониторинг;

      өнеркәсіп кәсіпорындарындағы негізгі капиталды инвестициялауға мониторинг;

      қаланың шағын кәсіпкерлерімен көрме, байқау, жәрмеңке, көшпелі сауда ұйымдастыру;

      қала әкіміне немесе әкім орынбасарына басшылық жасайтын сұрақтар бойынша ақпаратты жинақтау, жалпылау, талдау, дайындау;

      қалада шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдаудың инфрақұрылымдық объектілерін құруды және дамытуды қамтамасыз ету;

      жеке кәсіпкерлікті жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

      мемлекеттік мекеменің құзіретіне жататын сұрақтар бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, қарау және Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларына сәйкес тәртіп пен мерзімде арыз берушіге қабылданған шешім бойынша хабарлау;

      мемлекеттің аграрлық саясатын жүзеге асыруға қатысу және ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда жеке және мемлекеттік құрылымдардың қызметін үйлестіру;

      агроөнеркәсіптік кешенінің дамуын және мемлекеттік реттеу саласында мемлекет саясатын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізу;

      аумақтың ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламасын дайындау және оның орындалуын бақылау;

      ауыл шаруашылығы техникаларын, тіркемелерін және машиналарын тіркеу және есепке алу;

      ауыл шаруашылығы техникаларын, тіркемелерін және машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;

      емтихан қабылдау мен тракторист-машинист куәлігін беру;

      жыл сайынғы техникалық байқаудан өту құжаттарының сәйкестігін бақылау;

      ауыл шаруашылығы саласы бойынша субсидияларды алу жөнінде ақпарат беру, жеке және заңды тұлғалардан тиісті құжаттарды қабылдау.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      әкімге немесе қала әкімдігіне кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша ұсыныс жасауға;

      өз құзыреті денгейінде мемлекеттік органдарға қала әкімі орынбасарының келісімі бойынша ақпараттық-аналитикалық ақпараттар дайындауға және ұсынуға;

      қалалық атқарушы билік органдарынан, басқару органдарынан, кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді шешуге қажетті материалдарды белгіленген тәртіпте сұратуға және алуға;

      әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлар бағасына мониторинг жүргізуге;

      өзінің құзыреті шегінде қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын даярлауға;

      қала әкімі мен әкім орынбасарларының қатысуымен өтетін қала әкімдігі отырысына, жиналыстарға тиісті мәселелер бойынша қатысуға;

      бөлім құзыретіне жататын сұрақтар бойынша қала әкіміне шешімдер, өкімдер мен ұсыныстар жобаларын ұсынуға, белгіленген тәртіпте жиналыс ұйымдастыру;

      қала бөлімдері мен мекеме мамандарын жобаны өңдеуге, баяндама, ақпарат әзірлеуге қатыстыруға;

      Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуге;

      кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласы бойынша экономикалық жағдайды талдау;

      қала мекемелерімен кәсіпорындарының негізгі капиталға салған инвестициясын талдау;

      кәсіпкерлік және ауылшаруашылық жағдайы бойынша ақпараттар, баяндамалар жасау;

      инновациялық жобаларды енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      кәсіпкерлікті және ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру саясатына қатысу;

      жаңадан тіркелген кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнес субьектілеріне ақпараттық, тәжірибелік көмек көрсету;

      бөлім құзыретіне кіретін барлық сұрақтар бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік органдармен, басқа ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимылын үйлестіру;

      базарларға төлқұжат беру және категория тағайындау үшін Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасына құжат дайындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      18. "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қаражал қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      19. "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      20. "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      заңнамаларға сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлерін қызметке алады және қызметтен босатады;

      заңдарда көзделген тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және мадақтау бойынша шаралар жүргізеді, еңбек қатынастары бойынша сұрақтарды шешеді;

      бұйрықтарға қол қояды;

      барлық мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің атынан өкіл болады;

      мемлекеттік қызметті орындауға қатысты емес үшінші тұлғалармен қарым-қатынас кезінде мемлекеттік мекеменің өкілі болу құқығына сенімхат береді.

      "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдауға міндетті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамауда дербес жауапты болады.

      "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      22. "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал"

Постановление акимата города Каражал Карагандинской области от 12 марта 2015 года № 27. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 2 апреля 2015 года № 3098. Утратило силу постановлением акимата города Каражал Карагандинской области от 13 июня 2018 года № 56

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Каражал Карагандинской области от 13.06.2018 № 56 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", руководствуясь Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат города Каражал ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал".
      Государственному учреждению "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления, в соответствии с действующим законодательством.
      Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Каражал М. Джанабергенова.
      Настоящее постановление вводится в действие после его первого официального опубликования.

      Аким города Каражал К. Шорманбаев

  Утверждено
постановлением акимата
города Каражал
от 12 марта 2015 года № 27

Положение
государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере развития предпринимательства и сельского хозяйства.
      2. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и Законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Карагандинская область, 100700, город Каражал, улица Сайдалы Сары Тока, дом 1.
      9. Полное наименование государственного органа:
      на государственном языке – "Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      на русском языке – Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал".
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" осуществляется из местного бюджета.
      12. Государственному учреждению "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал".
      Если государственному учреждению "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссией государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" является осуществление государственной политики по поддержке и защите предпринимательства, развития малого и среднего бизнеса, проведение единой государственной политики в области государственного регулирования развития агропромышленного комплекса и сельских территорий, реализация стратегических планов государства в области предпринимательства и сельского хозяйства.
      14. Задачи:
      создать условия для развития предпринимательской деятельности и инвестиционного климата на территории города;
      обеспечивает рациональное и эффективное функционирование аграрного сектора.
      15. Функции:
      участие в разработке среднесрочных планов социально-экономического развития города по курируемым вопросам;
      поиск и продвижение проектов по реализации государственных программ индустриально - инновационного развития;
      мониторинг казахстанского содержания по системообразующим предприятиям города;
      мониторинг инвестиции в основной капитал промышленных предприятий;
      проведение выставок, конкурсов, ярмарок, организация выездной торговли субъектами малого предпринимательства города;
      сбор, обобщение, анализ, подготовка информации акиму или курирующему заместителю акима города по курируемым вопросам;
      обеспечение создания и развития в городе объектов инфраструктуры поддержки малого предпринимательства и инновационной деятельности;
      обеспечение государственной поддержки на местном уровне частного предпринимательства;
      принятие, рассмотрение обращений граждан и юридических лиц по вопросам, относящимся к компетенции государственного учреждения, и сообщение заявителям о принятых решениях в порядке и сроки, установленные законодательством Республики Казахстан;
      участие в реализации аграрной политики государства, координировать деятельность государственных и частных структур в осуществлении программы развития сельского хозяйства;
      внесения предложения по реализации государственной политики в области государственного регулирования и развития агропромышленного комплекса;
      разработка комплексных программ развития сельского хозяйства на территории и контроль их исполнение;
      регистрация и постановка на учет сельскохозяйственной техники, прицепов и машин;
      проведение государственного технического осмотра сельскохозяйственной техники, прицепов и машин;
      прием экзаменов и выдача удостоверений тракториста-машиниста;
      контроль за соответствием документов по проведенным ежегодным техническим осмотрам;
      подготовка информаций и прием документов от физических и юридических лиц на получение субсидий в сфере сельского хозяйства.
      16. Права и обязанности:
      вносить акиму, акимату города предложения по вопросам предпринимательства и сельского хозяйства;
      в пределах своей компетенции подготавливать и представлять государственным органам информационно-аналитические материалы по согласованию с курирующим заместителем акима города;
      запрашивать и получать в установленном порядке от городских органов исполнительной власти, органов управления, предприятий, организаций и учреждений необходимые материалы для решения вопросов, входящих в компетенцию отдела;
      проводить мониторинг цен на социально значимую группу продуктов питания;
      в пределах своей компетенции подготавливать проекты нормативных правовых актов акимата и акима города;
      участвовать в рассмотрении вопросов на заседаниях акимата города, совещаниях, проводимых акимом города и его заместителями;
      вносить на рассмотрение акима города проекты решений и распоряжений, предложения, созывать в установленном порядке совещания по вопросам, входящим в его компетенцию;
      привлекать к участию в разработке проектов, докладов, информаций, специалистов городских отделов и учреждений;
      вступать в гражданско-правовые отношения с физическими и юридическими лицами в пределах компетенции предусмотренной законодательствам Республики Казахстан;
      анализ экономической ситуации в сфере предпринимательства и сельского хозяйства;
      анализ инвестиций в основной капитал предприятий и учреждений города;
      подготовка докладов, информации о состоянии предпринимательства и сельского хозяйства;
      организация работы по внедрению инновационных проектов;
      участие в выполнении государственной политики поддержки предпринимательства и сельского хозяйства;
      оказание консультативной, практической помощи начинающим предпринимателям и субъектам малого и среднего бизнеса;
      координация взаимодействия субъектов малого и среднего бизнеса, с государственными органами и другими учреждениями и организациями по вопросам, входящих в компетенцию отдела;
      подготовка документов для получения паспортов и присвоения категорий рынкам в Управлении предпринимательства Карагандинской области.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственным учреждением "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" назначается на должность и освобождается от должности акимом города Каражал.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      20. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал":
      в соответствии с законодательством назначает на должность и освобождает от должности сотрудников государственного учреждения;
      в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания и применяет меры по поощрению сотрудников государственного учреждения, решает вопросы трудовых отношений;
      подписывает приказы;
      представляет государственное учреждение во всех государственных органах и иных организациях;
      выдает доверенности на право представления государственного учреждения в отношениях с третьими лицами, не связанные с исполнением государственных функций.
      Первый руководитель государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" обязан принимать меры, направленные на противодействие коррупции и несет персональную ответственность за непринятие антикоррупционных мер.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      22. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал", относится к коммунальной собственности.
      24. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.