Қалалық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы

Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 137 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 қыркүйекте № 3417 болып тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 94 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 13.12.2024 № 94 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 "Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қалалық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер айқындалсын.

      2. "Қаражал қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) Қарағанды облысының әділет департаментінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындаған өзге де шаралар қабылдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Джанабергеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қаражал қаласының әкімі

Қ. Шорманбаев



  Қаражал қаласы әкімдігінің
  2015 жылғы 10 қыркүйектегі
  № 137 қаулысына қосымша

Қалалық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер


Критерийлер атауы


Иеліктен айыру түрі


1


Объектіні одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігінің болмауы (шарттар қойылмайды).

Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.


сауда-саттықты аукцион нысанында өткізу


2


Объектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі.

Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату қажеттілігі.


сауда-саттықты коммерциялық тендер нысанында өткізу


3


Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау.


тікелей атаулы сатылым


4


Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі.

Шетелдік инвесторларды қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.


сауда-саттықты қор биржасында өткізу


5


Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату қажеттілігі.


туынды бағалы қағаздарды сату



Об определении критериев по выбору видов отчуждения городского коммунального имущества

Постановление акимата города Каражал Карагандинской области от 10 сентября 2015 года № 137. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 28 сентября 2015 года № 3417. Утратило силу постановлением акимата города Каражал области Ұлытау от 13 декабря 2024 года № 94

      Сноска. Утратило cилу постановлением акимата города Каражал области Ұлытау от 13.12.2024 № 94 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2011 года № 920 "Об утверждении Правил продажи объектов приватизации", постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2014 года № 280 "О некоторых вопросах приватизации" акимат города Каражал ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить критерии по выбору отчуждения городского коммунального имущества согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Отдел экономики и финансов города Каражал" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Карагандинской области;

      2) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления в соответствии с действующим законодательством.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города М. Джанабергенова.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.


Аким города Каражал

К. Шорманбаев



  Приложение
  к постановлению акимата
  города Каражал
  от 10 сентября 2015 года
  № 137

Критерии
по выбору отчуждения городского коммунального имущества


Наименование критерия


Вид отчуждения


1


Отсутствие заинтересованности государства в дальнейшем контроле над Объектом (условия не выставляются).

Необходимость реализации Объекта по максимально возможной цене и привлечения широкого круга участников торгов.


проведение торгов в форме аукциона


2


Необходимость установления условий продажи Объекта (сохранение профиля деятельности, погашение кредиторской задолженности, погашение задолженности по заработной плате и другие условия).

Необходимость реализации Объекта по максимально возможной цене.


проведение торгов в форме коммерческого тендера


3


Выполнение условий договора доверительного управления, имущественного найма (аренды) с правом последующего выкупа доверительным управляющим, нанимателем (арендатором).


прямая адресная продажа


4


Соответствие Объекта требованиям фондовой биржи.

Необходимость привлечения широкого круга участников торгов, включая иностранных инвесторов.


проведение торгов на фондовой бирже


5


Необходимость реализации производных ценных бумаг, удостоверяющих права на акции акционерных обществ, принадлежащие государству.


продажа производных ценных бумаг