Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласының әкімінің 30.04.2015 № 3 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және 5-тармағы 3) тармақшасына, 48-бабына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Саран қаласы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 3 хаттамасы негізінде, Саран қаласының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында Саран қаласының әкімі ШЕШТІ:
1.
Қарағанды облысы Саран қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2.
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қалалық аумақтық кіші жүйесі жұмыс істеуінің төтенше жағдай режимі енгізілсін.
3.
Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары М.М. Кожуховқа жүктелсін.
4.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
А. Шкарупа |