Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімінің 27.04.2015 № 3 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру қажеттігін туындатқан, Шахтинск қаласының Шахан кенті аумағының бөлігін су басуына байланысты, Шахтинск қаласының әкімі ШЕШТІ:
1.
Шахтинск қаласының Шахан кентінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2.
Төтенше жағдайларды жою басшысы болып Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Е.Б. Уахитов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3.
Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі |
А. Аглиулин |