"Шахан кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 23/4 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 шілдеде № 3344 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы N 18/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 25.05.2016 N 18/01 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Шахан кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
А. Аглиулин

      

 
Шахтинск қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 12 маусымдағы
№ 23/4 қаулысымен
бекітілген

"Шахан кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Шахан кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Шахан қаласы әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Мемлекеттік мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі: 101606, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Шахан кенті, Шаханская көшесі, 11.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде – "Шахан кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – Государственное учреждение "Аппарат акима поселка Шахан".
      10. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Миссиясы: мемлекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саясатты жүргізу.
      14. Міндеттері:
      1) әкімі ақпараттық – талдау, құқықтық, ұйымдастырушылық, хаттамалық және материалдық – техникалық қызметтерін қамтамасыз ету;
      2) қала әкімінің және әкімдігінің актілерінің, әкімнің және әкім орынбасарлары мен қала әкімдігінің тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және орындалуына бақылау жасау;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
      15. Функциялары:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмысын зерделеу және талдау;
      2) әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
      3) әкімнің шешімдері мен өкімдерінің, әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеу, әділет органдарында тіркеу, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
      4) мемлекеттік мекеменің жұмысын жоспарлау, кеңестерді, семинарларды және өзге де іс-шараларды өткізуге дайындық жүргізуді және өткізуді ұйымдастыру;
      5) мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге бағытталған шараларды қолдану;
      6) өтініштерді қарау және заңмен белгіленген тәртіпте жауаптар дайындау;
      7) мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;
      8) мемлекеттік мекеменің сұрақтарына қатысты, қызметтік хат алмасуды жүргізу;
      9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды іске асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік мекеменің құзырлығына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды, жеке және заңды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алу;
      2) ақпараттық мәліметтердің барлық түрлерін пайдалануға, мемлекеттік мекеменің құзырлығына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және барлық меншік нысанындағы мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
      3) қала әкімдігінің және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың отырыстарына қатысу;
      4) Қазақстан Республикасының қолданымдағы өзге де заңнамаларымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттері бар.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге
      жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеме жұмысына жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;
      2) қала әкімдігіне мемлекеттік мекеменің ережесі мен құрылымын және олардағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;
      3) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;
      4) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
      6) шарттар жасайды;
      7) банктік шоттар ашады;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қолданады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар қабылдайды;
      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына жеке жауапкершілік жүктеледі;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
      Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде
      оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Мемлекеттік мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат акима поселка Шахан"

Постановление акимата города Шахтинск Карагандинской области от 12 июня 2015 года № 23/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 22 июля 2015 года № 3344. Утратило силу постановлением акимата города Шахтинска Карагандинской области от 25 мая 2016 года N 18/01

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Шахтинска Карагандинской области от 25.05.2016 N 18/01.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Шахтинска ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат акима поселка Шахан".
      Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким города А. Аглиулин

  Утверждено
постановлением акимата
города Шахтинска
от 12 июня 2015 года
№ 23/4

Положение
государственного учреждения
"Аппарат акима поселка Шахан"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима поселка Шахан" (далее – государственное учреждение) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности акима поселка Шахан.
      2. Государственное учреждение осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: индекс: 101606, Карагандинская область, город Шахтинск, поселок Шахан, улица Шаханская, 11.
      9. Полное наименование государственного органа:
      на государственном языке – "Шахан кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      на русском языке - Государственное учреждение "Аппарат акима поселка Шахан".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения.
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения осуществляется из местного бюджета.
      12. Государственному учреждению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения.
      Если государственному учреждению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности
государственного органа

      13. Миссия: ведение государственной политики в сфере государственного управления в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      14. Задачи:
      1) информационно-аналитическое, правовое, организационное, протокольное, документационное и материально-техническое обеспечение деятельности акима; 
      2) контроль за исполнением и организация исполнения актов акима и акимата города, поручений акима, заместителей акима и акимата города; 
      3) иные задачи, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      15. Функции:
      1) изучение и анализ работы государственного учреждения;
      2) освещение деятельности акима в средствах массовой информации;
      3) разработка проектов решений и распоряжений акима, постановлений акимата, регистрация в органах юстиции, опубликование в средствах массовой информации;
      4) планирование работы государственного учреждения, организация подготовки и проведение совещаний, семинаров и иных мероприятий;
      5) принятие мер, направленных на расширение сферы применения государственного языка;
      6) рассмотрение обращений и подготовка ответов в установленном законом порядке;
      7) осуществление реализации государственной политики;
      8) ведение служебной переписки по вопросам, отнесенным к ведению государственного учреждения;
      9) в пределах своей компетенции осуществление иных функций в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      16. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать от государственных органов, организаций, финансируемых из государственного бюджета необходимую информацию, документы, иные материалы, устные и письменные объяснения от физических и юридических лиц по вопросам, отнесенным к компетенции государственного учреждения;
      2) пользоваться всеми видами информационных данных, вести служебную переписку с государственными органами, организациями и негосударственными организациями всех форм собственности по вопросам, отнесенным к ведению государственного учреждения;
      3) участвовать в заседаниях акимата города и исполнительных органов, финансируемых из государственного бюджета;
      4) имеет иные права и обязанности, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственным учреждением осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель государственного учреждения назначается на должность и освобождается от должности акимом города.
      19. Полномочия первого руководителя государственного учреждения:
      1) осуществляет общее руководство работой государственного учреждения;
      2) представляет на утверждение акимата города Положение и структуру государственного учреждения, а также изменения в них;
      3) утверждает должностные инструкции работников государственного учреждения;
      4) без доверенности действует от имени государственного учреждения;
      5) представляет интересы государственного учреждения в государственных органах, иных организациях;
      6) заключает договоры;
      7) открывает банковские счета;
      8) принимает на работу и увольняет с работы сотрудников государственного учреждения в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      9) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания к сотрудникам государственного учреждения, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      10) принимает меры по противодействию коррупции;
      11) несет персональную ответственность за исполнение антикоррупционного законодательства;
      12) осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством Республики Казахстан, настоящим Положением и уполномоченным органом.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      20. Первый руководитель определяет полномочия своего заместителя в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      21. Государственное учреждение может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      22. Имущество, закрепленное за государственным учреждением, относится к коммунальной собственности.
      23. Государственное учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение государственного учреждения осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.