Шахтинск қалалық маслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының № 1115/33 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі V шақырылған XXXVII сессиясының № 1183/37 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 қазанда № 3440 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 276/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 19.09.2023 № 276/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес қалалық маслихат ШЕШТІ:

      1. Шахтинск қалалық маслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының № 1115/33 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3182 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда № 19 "Шахтинский вестник" газетінде, 2015 жылғы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      Қағидалардың 10 тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "3) ең төмен күнкөрiс деңгейiнен 2,2 еселiк мөлшерден аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Щербаков
      Маслихат хатшысы А. Сатова

О внесении изменения в решение XХXIII сессии Шахтинского городского маслихата от 09 апреля 2015 года № 1115/33 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение XXXVII сессии V созыва Шахтинского городского маслихата Карагандинской области от 22 сентября 2015 года № 1183/37. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 12 октября 2015 года № 3440. Утратило силу решением Шахтинского городского маслихата Карагандинской области от 19 сентября 2023 года № 276/5

      Сноска. Утратило cилу решением Шахтинского городского маслихата Карагандинской области от 19.09.2023 № 276/5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение XХXIII сессии Шахтинского городского маслихата от 9 апреля 2015 года № 1115/33 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3182, опубликовано 15 мая 2015 года в газете "Шахтинский вестник" № 19, информационно-правовой системе "Әділет" от 15 мая 2015 года), следующее изменение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      подпункт 3) пункта 10 Правил изложить в следующей редакции:

      "3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего 2,2 кратного размера прожиточного минимума.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Щербаков
      Секретарь маслихата А. Сатова