"Бұқар жырау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 08/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 наурызда № 3031 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 11/61 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 13.04.2016 № 11/61 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 41 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Бұқар жырау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ерлан Бейсембайұлы Құсайынға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Н. Кобжанов

      

 
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 08/04 қаулысымен
бекітілген

"Бұқар жырау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Бұқар жырау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – мемлекеттік мекеме) дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясыжәне заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
      5. Мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардын тарапы болуға құқығы бар.
      6. Мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудан әкімдігімен бекітіледі.
      8. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 100400, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Қазыбек би көшесі, 60 А.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Бұқар жырау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      12. Мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекемесінің фунциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберілсін.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқару мен салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету.
      14. Міндеттері:
      қала аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету;
      бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектер спортынан аудан құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық және республикалық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      Елбасынын – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тестілерінің орындалу жұмыстарын бақылау және ұйымдастыру.
      15. Функциялары:
      ауданның дене шынықтыру және спортты дамыту жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады;
      аудан аймағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
      жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылым жасайды;
      аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлерi бойынша аудандық, облыстық спорттық жарыстарды өткiзедi;
      спорт түрлерi бойынша қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
      аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етедi;
      аудан аумағында қалалық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын бередi;
      мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын бередi;
      спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн iске асырады;
      аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
      аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады;
      аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша ауданның құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастырады және бекiтедi;
      ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi;
      аудандық спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;
      аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорттық мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
      спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын, бұқаралық, ұлттық спорт түрлерін, мүгедектер спортын дамыту мәселелерін реттейтін бағдарламалардың, нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалық-әдіскерлік құжаттардың жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
      конференциялар, семинарлар және тағы басқа оқыту түрлерін ұйымдастыру және өткізуге қатысу және бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру мамандарымен тәжірибе алмасу;
      дене шынықтыру және спорттың дамуы бойынша мәліметтерді талдау және жоғарыда тұрған органдарға ұсыну;
      заңнамамен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауға және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы лауазымына аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      мекеме қызметін ұйымдастырады және басқарады;
      тікелей аудан әкіміне бағынады және мекемеге жүктелген функцияларды орындауға жауапты;
      дара басшылық қағидасында әрекет жасайды және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және осы ережемен белгіленетін құзыретіне сәйкес мекеменің қызметін мәселелерін өз еркімен шешеді;
      өз құзіреті шегінде мекеменің қызметшілерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      өз құзіреті шегінде барлық қызметшілерге міндетті бұйрық шығарады және нұсқау береді;
      мекеменің қызметшілеріне ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жаза береді;
      мекеменің қызметшілерінің өкілеттіліктерін анықтайды;
      жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
      мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу мақсатында атқарушы органдардан белгіленген тәртіпте материалдарды сұрайды және алады;
      мүдделі мекемелерді тартумен мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жиналыс шақырады;
      мекеме атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
      барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін ұсынады;
      келісімдер жасайды;
      сенімхаттар береді;
      мекеменің іс-сапарлар, тәжірибе алмасу, республикалық және шет елдік оқу орталықтарына және біліктілікті көтерудің басқа да түрлері бойынша мекеме қызметшілерін оқытудың және біліктіліктерін арттырудың тәртібі мен жоспарын бекітеді;
      Қазақстан Республикасының заңнамаларында, осы Ережеде жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

      23. Мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта Бухар-Жырауского района"

Постановление акимата Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 26 февраля 2015 года № 08/04. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 13 марта 2015 года № 3031. Утратило силу постановлением акимата Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 13 апреля 2016 года № 11/61

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 13.04.2016 № 11/61.
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
      В соответствии со статьей 41 Гражданского кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта Бухар-Жырауского района".
      2. Контроль за выполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Құсайын Ерлана Бейсембайұлы.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Аким района
Н. Кобжанов

      

 
Утверждено
постановлением акимата
Бухар-Жырауского района
от 26 февраля 2015 года № 08/04

Положение
о государственном учреждении "Отдел физической культуры и спорта Бухар-Жырауского района"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта Бухар-Жырауского района" (далее – государственное учреждение) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере физической культуры и спорта.
      2. Государственное учреждение осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения утверждаются акиматом района в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение государственного учреждения: 100400, Карагандинская область, Бухар-Жырауский район, поселок Ботакара, улица Казыбек би, 60А.
      9. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта Бухар-Жырауского района".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения.
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения осуществляется из местного бюджета.
      12. Государственному учреждению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения.
      Если государственному учреждению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государстенного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссия государственного учреждения: обеспечение эффективного государственного управления и межотраслевой координации в целях реализации государственной политики в сфере физической культуры и спорта.
      14. Задачи:
      обеспечение развития массового спорта и национальных видов спорта на территории города;
      организация и обеспечение подготовки сборных команд района по массовым, национальным видам спорта, инвалидному спорту и их участия на областных, республиканских спортивных соревнованиях;
      организация и контроль работой по выполнению тестов Первого Президента Республики Казахстан - Лидер Нации.
      15. Функции:
      разрабатывает и реализует планы развития физической культуры и спорта в районе;
      организует работу по реализации программ развития территории района;
      создает инфраструктуру для занятий спортом физических лиц по месту жительства и в местах их массового отдыха;
      проводит районные спортивные соревнования по видам спорта совместно с местными аккредитованными спортивными федерациями;
      обеспечивает подготовку сборных команд района по видам спорта и их выступления на областных спортивных соревнованиях;
      обеспечивает развитие массового спорта и национальных видов спорта на территории района;
      координирует деятельность районных физкультурно-спортивных организаций на территории района;
      присваивает спортсменам спортивные разряды: спортсмен 2 разряда, спортсмен 3 разряда, спортсмен 1 юношеского разряда, спортсмен 2 юношеского разряда, спортсмен 3 юношеского разряда;
      присваивает квалификационные категории: тренер высшего уровня квалификации второй категории, тренер среднего уровня квалификации второй категории, методист высшего уровня квалификации второй категории, методист среднего уровня квалификации второй категории, инструктор-спортсмен высшего уровня квалификации второй категории, спортивный судья;
      реализует единый региональный календарь спортивно-массовых мероприятий;
      координирует организацию и проведение спортивных мероприятий на территории района;
      осуществляет сбор, анализ и предоставляет местному исполнительному органу области информацию по развитию физической культуры и спорта на территории района по форме и в сроки, установленные законодательством Республики Казахстан;
      формирует и утверждает списки сборных команд по видам спорта по предложениям региональных и местных аккредитованных спортивных федераций;
      организует медицинское обеспечение официальных физкультурных и спортивных мероприятий;
      обеспечивает общественный порядок и общественную безопасность при проведении физкультурных и спортивных мероприятий;
      координирует вопросы строительства спортивных сооружений на территории района и обеспечивает их доступность населению;
      обеспечивает деятельность районных неспециализированных детско-юношеских спортивных школ;
      оказывает методическую и консультативную помощь спортивным организациям;
      осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые законодательством Республики Казахстан.
      16. Права и обязанности:
      участвовать в разработке и реализации программ, проектов нормативных правовых актов, программно-методических документов, регулирующих вопросы массовой физкультурно-оздоровительной работы, развития массового спорта и национальных видов спорта, инвалидного спорта;
      принимать участие в организации и проведении конференций, семинаров и других форм обучения и обмена опытом со специалистами массовой физкультурно-оздоровительной работы;
      анализировать и представлять вышестоящим органам сведения по развитию физической культуры и спорта;
      выполнять иные права и обязанности, предусмотренные законодательством.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственного учреждения осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель государственного учреждения назначается на должность и освобождается от должности акимом района.м города.
      19. Полномочия первого руководителя государственного учреждения:
      организовывает и руководит работой учреждения;
      непосредственно подчиняется акиму района и несет ответственность за выполнение возложенных на учреждение функций;
      действует на принципах единоначалия и самостоятельно решает вопросы деятельности учреждения в соответствии с его компетенцией, определяемой законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением;
      в пределах своей компетенции принимает на работу и увольняет с работы работников учреждения;
      в пределах своей компетенции издает приказы и дает указания, обязательные для всех работников учреждения;
      применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на работников учреждения;
      определяет полномочия работников учреждения;
      принимает меры направленные на противодействие коррупции и несет персональную ответстенность за непринятие антикоррупционных мер;
      запрашивает и получает, в установленном порядке, от исполнительных органов материалы, необходимые для решения вопросов, входящих в компетенцию учреждения;
      созывает, в установленном порядке, совещания по вопросам, входящим в компетенцию учреждения, с привлечением представителей заинтересованных организаций;
      без доверенности действует от имени учреждения;
      представляет интересы учреждения во всех организациях;
      заключает договоры;
      выдает доверенности;
      утверждает порядок и планы учреждения по командировкам, стажировкам, обучению работников в казахстанских и зарубежных учебных центрах и иным видам повышения квалификации работников;
      осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством Республики Казахстан, настоящим Положением.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа.

      20. Государственное учреждение может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы) приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      21. Имущество, закрепленное за государственным учреждением относится к коммунальной собственности.
      22. Государственное учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение государственного учреждения осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.