"Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 08/06 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 наурызда № 3077 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 11/61 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 13.04.2016 № 11/61 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 41 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Н. Кобжанов

      

 
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 08/06 қаулысымен бекітілген

"Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – мемлекеттік мекеме) мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы саласындағы бірынғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган болып табылады.
      2. Мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100400, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Қазыбек би көшесі, 50 А.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде – "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Бухар-Жырауского района".
      10. Осы Ереже мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      12. Мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мемлекеттік мекемесі миссиясы: аграрлық сектордың даму концепцияларын, жобалау тенденцияларын талдауын жүзеге асыру және оның келешегін анықтау және нарықтық қарым-қатынас шарттарында ауданда аграрлы саясатты жүргізу.
      14. Міндеттері:
      1) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудің экономикалық жағдайларын жасау;
      2) мемлекеттiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      3) заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
      15. Функциялары:
      1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
      2) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны аудандық жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
      3) тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру;
      5) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      7) қатынаста әкімгер болып табылатын бюджеттік бағдарламалар нәтижесіне жету және орындау, жаңару, жоспарлау;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз функцияларын орындау мақсатында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды сұрау және алу;
      2) өз құзырына жататын мәселелерді шешуді қарау жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
      3) шаруа (фермер) қожалықтары және басқа да ауыл шаруашылық құрылымдарына қажетті жағдайда әдістемелік, ұйымдастырушылық, экономикалық, және құқықтық көмек көрсетуге;
      4) мемлекеттік мекеменің міндетіне кіретін мәселелер бойынша бекітілген тәртіпке сәйкес семинарлар, кеңестер, жиналыстар өткізуге;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен ұсынылған басқа да құқықтарды пайдаланады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар, нұсқаулар шығарады және мемлекеттік мекемесі барлық құрылымдық бөлімшелерімен орындалуға міндетті нұсқаулар береді, келісім-шарттарды жасайды;
      2) мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімдер туралы Ережені бекітеді;
      3) мемлекеттік мекеме қызметшілерін жұмысқа тағайындайды және жұмыстан босатады, олардың міндеттері мен өкілеттілігін анықтайды;
      4) заңнамаға сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда мемлекеттік мекеме атынан шығуға өкілетті;
      5) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкіміне бекітілген тәртіпке сай шешімдер мен қаулылар жобасын ұсына алады;
      6) заңмен белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      7) құжаттардың орындау барысын ұйымдастырады және бақылауын жүргізеді, олардың сақтығына жауап береді;
      8) сыбайлас жемқорлықтың барлық түріне қарсы әрекет жасау жұмыстарын ұйымдастырады;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалатын әрекетке жеке басы жауапты;
      10) басқа да құқықтары бар, сондай-ақ заңнамаларға сәйкес жаупкершілік атқарады.
      Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      20. Мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
      Мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiкті алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бухар-Жырауского района"

Постановление акимата Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 26 февраля 2015 года № 08/06. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 30 марта 2015 года № 3077. Утратило силу постановлением акимата Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 13 апреля 2016 года № 11/61

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 13.04.2016 № 11/61.
      В соответствии со статьей 41 Гражданского кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Бухар-Жырауского района".
      2. Контроль за выполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Әли Асхата Сағадиұлы.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Аким района
Н. Кобжанов

      

 
Утверждено
постановлением акимата
Бухар-Жырауского района
от 26 февраля 2015 года № 08/06

Положение
о государственном учреждении "Отдел сельского хозяйства
Бухар–Жырауского района"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Бухар-Жырауского района" (далее – государственное учреждение) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим в пределах своей компетенции единой государственной политики в области сельского хозяйства.
      2. Государственное учреждение осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: 100400, Карагандинская область, Бухар-Жырауский район, поселок Ботакара, улица Казыбек би, 50А.
      9. Полное наименование государственного органа:
      на государственном языке – "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      на русском языке - государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Бухар-Жырауского района".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения.
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения осуществляется из местного бюджета.
      12. Государственному учреждению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения.
      Если государственному учреждению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссия государственного учреждения:
      реализация концепций развития аграрного сектора, анализа тенденций прогнозирования и определения его перспектив и проведение аграрной политики в районе в условиях рыночных отношений.
      14. Задачи:
      1) создание экономических условий производства конкурентоспособной сельскохозяйственной продукции;
      2) обеспечение продовольственной безопасности;
      3) осуществление иных задач, возложенных законодательством.
      15. Функции:
      1) осуществление государственной поддержки субъектов агропромышленного комплекса в соответствии с Законом Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и другими нормативными правовыми актами в данной сфере;
      2) проведение сбора оперативной информации в районе агропромышленного комплекса и сельских территорий и предоставление ее местному исполнительному органу (акимату) района;
      3) представление информации об отсутствии (наличии) обременений тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, а также специальных машин повышенной проходимости;
      4) осуществление сбора данных о племенных животных от субъектов в области племенного животноводства;
      5) осуществление организации выставок и ярмарок;
      6) осуществление государственного контроля за соблюдением размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары;
      7) планирование, обоснование, реализация и достижение результатов бюджетных программ, в отношении которых является администратором;
      8) осуществление иных функций, установленных законодательством Республики Казахстан.
      16. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных организаций информацию, необходимые документы для выполнения своих функций;
      2) вносить на рассмотрение акима и акимата района предложения по решению вопросов, относящихся к его компетенции;
      3) оказывать на местах, и при обращений необходимую методическую, организационную, экономическую и юридическую помощь крестьянским (фермерским) хозяйствам и другим сельхозформированиям;
      4) проводить в установленном порядке семинары, совещания, советы по вопросам входящих в компетенцию;
      5) пользоваться иными правами, предоставленными действующим законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственного учреждения осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение задач и осуществление им своих функции.
      18. Первый руководитель государственного учреждения назначается на должность и освобождается от должности акимом района.
      19. Полномочия первого руководителя государственного учреждения:
      1) в пределах своей компетенции издает приказы и дает указания, обязательные для исполнения всеми специалистами государственного учреждения, заключает договора;
      2) утверждает Положения о структурных подразделениях государственного учреждения;
      3) назначает на должность и освобождает от должности работников государственного учреждения, определяет их круг обязанностей и полномочий;
      4) представляет государственное учреждение во всех органах и организациях в соответствии с действующим законодательством;
      5) вносит в установленном порядке на рассмотрения акима района проекты решений и распоряжений по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения;
      6) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения;
      7) организует и осуществляет контроль за ходом исполнения документов, несет ответственность за их сохранность;
      8) организует работу по противодействию коррупции во всех ее проявлениях;
      9) несет персональную ответственность по противодействию коррупции;
      10) осуществляет иные полномочия в соответствии с действующим законодательством.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      20. Государственное учреждение может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      21. Имущество, закрепленное за государственным учреждением относится к коммунальной собственности.
      22. Государственное учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом, и имуществом приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение государственного учреждения осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.