Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 47/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 3572 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлікті (бұдан әрі - Объект) иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлер анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Кобжанов

  Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 47/02
қаулысына қосымша

Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша критерийлер


Критерийлер атауы
Иеліктен айыру түрі
1.
Объектіні одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігінің болмауы (шарттар қойылмайды).
Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.
сауда - саттықты аукцион нысанында
өткізу
2.
Объектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі.
Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату қажеттілігі.
сауда - саттықты коммерциялық тендер нысанында өткізу
3.
Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау.
тікелей атаулы сатылым
4.
Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі.
Шетелдік инвесторларды қоса алғанда, сауда -саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.
сауда - саттықты қор биржасында өткізу
 
5.
Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату қажеттілігі.
туынды бағалы қағаздарды сату
 
6.
Жекешелендіру объектілерін сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнінде консультациялық қызметтерді тарту қажеттілігі. Конкурсты жекешелендіру бағасының басымдығын және (немесе) өзге де шарттарын айқындайтын қаржы кеңесшісінің қатысуымен өткізу қажеттілігі.
екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс
 

      

Об определении критериев по выбору видов отчуждения районного коммунального имущества

Постановление акимата Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 3 декабря 2015 года № 47/02. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 28 декабря 2015 года № 3572

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2011 года № 920 "Об утверждении Правил продажи объектов приватизации" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить прилагаемые критерии по выбору видов отчуждения районного коммунального имущества (далее - Объект) согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Әли Асхата Сағадиұлы.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района Н. Кобжанов

  Приложение
к постановлению акимата
Бухар-Жырауского района
от 3 декабря 2015 года № 47/02

Критерии
по выбору видов отчуждения районного коммунального имущества


Наименование критерий
Вид отчуждения
1.
Отсутствие заинтересованности государства в дальнейшем контроле над Объектом (условия не выставляются).
Необходимость реализации Объекта по максимально возможной цене и привлечения широкого круга участников торгов.
проведение торгов в форме аукциона
2.
Необходимость установления условий продажи Объекта (сохранение профиля деятельности, погашение кредиторской задолженности, погашение задолженности по заработной плате и другие условия). Необходимость реализации Объекта по максимально возможной цене
проведение торгов в форме коммерческого тендера
3.
Выполнение условий договора доверительного управления, имущественного найма (аренды) с правом последующего выкупа доверительным управляющим, нанимателем (арендатором).
прямая адресная продажа
4.
Соответствие Объекта требованиям фондовой биржи. Необходимость привлечения широкого круга участников торгов, включая иностранных инвесторов.
проведение торгов на фондовой бирже
5.
Необходимость реализации производных ценных бумаг, удостоверяющих права на акции акционерных обществ, принадлежащие государству.
продажа производных ценных бумаг
6.
Необходимость привлечения конультационных услуг по предпродажной подготовке Объектов приватизации и их продаже. Необходимость проведения конкурса с участием финансового советника, определяющего приоритет цены и (или) иных условий приватизации.
конкурс путем двухэтапных процедур