Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған аудан бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары С. Әлиұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы ауданының әкімі | К.М. Максутов |
Қарқаралы ауданының әкімдігінің |
Аудан бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-аналардың бір айға ақы төлеу мөлшері (теңге) | Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) кем емес | ||||
Мемлекеттік | Жеке | Мемлекеттік | Жеке | Мемлекеттік | Жеке | Мемлекеттік | Жеке | ||
1 | Балабақша | 620 | 0 | 14625,40 | 0 | 8000 | 0 | 14625,40 | 0 |
2 | Мектепке дейінгі шағын орталық | 1070 | 0 | 5399 | 0 | 4000 | 0 | 5399 | 0 |