Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 27.04.2016 № 21/03 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 41 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Осакаров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұржан Шаймерденұлы Әбілдинге жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Аймақов |
Осакаров ауданы әкімдігіні 2015 жылғы 10 наурыздағы № 16/04 қаулысымен бекітілген |
"Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, және тұрғын үй инспекциясы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101000, Қарағанды облысы, Осакаров кенті, Достык көшесі, 33.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады
12. "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республиқалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй қоры саласында аудан аумағында біріккен мемлекеттік саясат жүргізу.
14. Міндеттері:
1) меншіктің түріне қарамастан, энергетикалық кешенді ұйымдастыру және кәсіпорындар қызметін үйлестіру;
2) кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкіне лауазымды тұлғаларының тексеріс жүргізуі арқылы тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылау жүргізу;
3) мемлекеттік тапсырысқа сәйкес инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы, қайта жаңартуы және күрделі жөнделуі, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;
4) атқарылатын мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасымен сәйкес жеке санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету.
15. "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) ауданның елді мекендерінің көшелері, сонымен қатар, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу;
2) тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту бойынша басымды бағдарламаларды әзірлеу және жетілдіру;
3) инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысын, қайта жаңартылуын және қызметін ұйымдастыру;
4) ауданның елді мекендеріне байланыс қызметін ұсыну және қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру;
5) құрылыс–құрастыру жұмыстарын жобалау, жүргізу, коммуналдық меншік нысандары мен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеу және ауданның елді мекендерінің жолдарын қадағалау бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
6) аудан ішілік тұрақты жүк және жолаушылар тасу қатынастарын ұйымдастыру, маршруттарын бекіту және маршруттың жүру кестесін бекіту және олардың қызмет ету құқығына конкурс өткізу және ұйымдастыру;
7) аудан аралық тұрақты жүк және жолаушылар тасу қатынасы маршруттарының тізімдемесін енгізу;
8) жүк және жолаушыларды таксимен тасу қатынасын ұйымдастыру;
9) шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды орта білім беру мектептеріне тасу тәртібін және жобасын қарау және бекіту;
10) шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды орта білім беру мектептеріне тасуды ұйымдастыру;
11) аудан аралық хабарламада әлеуметтік маңызды жолаушыларды тасу кезінде тасымалдаушыға кеткен шығынына қаржылай көмек көрсетуді іске асыру;
12) таксимен тасымалдаушы ретінде әрекеттін бастауға ескертпе қағазын тапсырып, заңды тұлға және жеке кәсіпкердің тізімдемесін енгізу;
13) бюджеттік несиелеуді, инвестициялық тартуды, қаржыландыру көздерін, қажетті жұмыс көлемін белгілеу негізінде тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық, өмірді қамтамасыз ететін нысандарды қыс жағдайында жұмыс істеуін дайындау бойынша шаралардың орындалуын бақылау және жетілдіру;
14) тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттағы) үй-жайларды қайта жайластыру бойынша жұмыстарды жүргізу нормалары мен ережелерінің сақталуын бақылау;
15) ауданның тұрғын үй қорын қадағалау, сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
16) апатты және ескі үйлерді бұзу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
17) кондоминиум объектісінде және үй маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын ұйымдастыру;
18) қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес кондоминиум нысандарындағы ғимарат иелерінің жалпы мүлігінің техникалық жағдайын және оның инженерлік құрылымын қадағалау мен жөндеу жұмыстарының уақытылы орындалуын бақылау;
19) кәріз, су құбырлары жүйелерін жөндеу және пайдалану;
20) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) заңмен белгіленген тәртіпте ақпаратты жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдар мен мекемелер "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша қызметкерлерден жазбаша және ауызша түсініктеме, құжаттарды және басқа да материалдарды беру және сұрату;
2) белгіленген тәртіп бойынша "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанынан мамандардан тұратын кеңестік, қоғамдық кеңестер, эксперттік топтар құруға;
3) аудан әкіміне, әкім және аудандық мәслихатқа өз құзыретіне қатысты сұрақтарды шешу жөнінде ұсыныстар беруге;
4) жобадан ауытқу, кұрылыс нормалары және ережелері мен және техникалық жағдайы бұзылған жағдайда өндірістік жұмыстарды тоқтату;
5) тұтынушыларды мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттандыру;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тексерістер жүргізуге;
7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерінің жүргізу тізбесін, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;
8) Қазақстан Республикасы заңнамасымен сәйкес басқа құқықтар мен міндеттерін атқарады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. Осакаров ауданының әкімі "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
1) өз құзыреті шегінде "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін белгілейді;
2) заңнамаға сәйкес "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңдарда белгіленген тәртіппен "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің стратегиялық және ағымдық жұмыс жоспарларын бекітеді;
6) мемлекеттік органдарда және ұйымдарда "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан әрекет етеді.
"Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамады өзгеше көзделмесе, "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. "Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.