"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес және бірлескен Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 30/04 қаулысы және Қарағанды облыстық маслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы ХХХV сессиясының № 399 "Қарағанды облысындағы облыстық маңызы бар қалалардың бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және кейбір ауылдық елді мекендерді қайта атау туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3322 болып тіркелген) негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Дальний ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 32/07 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3303 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдедегі "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 18 шілдедегі № 29 (7461) "Сельский труженик" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берілген "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Дальний ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Дальний ауылдық округі әкімінің аппараты" деген сөздер "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округі әкімінің аппараты" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Валентина Владимировна Абилсеитоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Осакаров ауданының әкімі | Н. Әбілдин |