"Осакаров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі 48 сессиясының № 520 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 қазанда № 3442 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы № 612 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 19.02.2016 № 612 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10130 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Осакаров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
Н. Ревякина
Аудандық мәслихаттың хатшысы
К. Саккулаков

      

 
Осакаров аудандық
мәслихатының 48 сессиясының
2015 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 520 шешімімен
бекітілген

"Осакаров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Осакаров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10130 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және "Осакаров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – аппараты) "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады. Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      7. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді, оны Осакаров аудандық мәслихатының хатшысы құрады.
      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия төрағасы аппарат басшысы табылады.
      Комиссия хатшысы аппаратының заң және кадр мәселелері бойынша бас маманы (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Персоналды басқару қызметі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда - қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
      16. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
      17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      а= b + c
      а – қызметшінің қорытынды бағасы,
      b – тікелей басшының бағасы,
      с – осы Әдістеменің 13–тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз",
      21-ден 33 балға дейін – "қанағаттанарлық",
      33 баллдан жоғары – "тиімді".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді
      22. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

 
"Осакаров аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша

      
       нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда): _______________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________


р/н
 
Өлшем
 
Көрсеткіштің мәні
(саны)
 
Баға
(балл)
 
1.
 
Бастамашылығы
 
2-ден 5-ке дейін
 
 
2. 
 
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы 
 
2-ден 8-ге дейін 
 
 
3. 
 
Әрекеттестікке икемділігі 
 
2-ден 5-ке дейін 
 
 
4.
 
Қызметтік этиканы сақтауы 
 
2-ден 5-ке дейін 
 
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы):
 
 
 
 

      

Таныстым:
Қызметші
Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)_______
күні___________________________
қолы__________________________
 
Тікелей басшы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)____
күні_____________________________ қолы____________________________
 

      

 
"Осакаров аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша

      
       нысан

Айналмалы бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):__________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________


р/н
 
Өлшем
 
Көрсеткіштің мәні (саны)
 
Баға
(балл)
 
 
Бағынышты адам
 
1.
 
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті
 
2-ден 5-ке дейін
 
 
2.
 
Жұмысқа ынталандыру қабілеті
 
2-ден 5-ке дейін 
 
 
3.
 
Қызметтік этиканы сақтауы
 
2-ден 5-ке дейін 
 
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы):
 
 
 
 
Әріптесі
 
1.
 
Топта жұмыс істей алу қабылеті
 
2-ден 5-ке дейін
 
 
2.
 
Қызметтік этиканы сақтауы
 
2-ден 5-ке дейін 
 
 
3.
 
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
 
2-ден 5-ке дейін
 
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы):
 
 
 

      

 
"Осакаров аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша

      
       нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      __________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы)

№ р/н
 
Қызметшінің Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда)
 
Тікелей басшының бағасы
 
Айналмалы баға
 
Қорытынды баға
 

 
 
 
 
 
...
 
 
 
 
 

      
       Комиссия қорытындысы:___________________________________________________________________
      __________________________________________
      Тексерген:
      Комиссия хатшысы:__________________________ Күні:_________________
      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
      Комиссия төрағасы:__________________________ Күні:_________________
      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
      Комиссия мүшесі:___________________________ Күні:_________________
      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" в государственном учреждении "Аппарат Осакаровского районного маслихата"

Решение 48 сессии Осакаровского районного маслихата Карагандинской области от 16 сентября 2015 года № 520. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 13 октября 2015 года № 3442. Утратило силу решением Осакаровского районного маслихата Карагандинской области от 19 февраля 2016 года N 612

      Сноска. Утратило силу решением Осакаровского районного маслихата Карагандинской области от 19.02.2016 N 612 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии со статьей 16 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года "О государственной службе", Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих", Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б", утвержденной приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86 "Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10130) районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемую Методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" в государственном учреждении "Аппарат Осакаровского районного маслихата".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии
Н. Ревякина
Секретарь районного маслихата
К. Саккулаков

      

 
Утверждена
решением 48 сессии Осакаровского
районного маслихата
от 16 сентября 2015 года № 520

Методика
ежегодной оценки деятельности административных
государственных служащих корпуса "Б" в государственном учреждении "Аппарат Осакаровского районного маслихата"
1. Общие положения

      1. Настоящая Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" в государственном учреждении "Аппарат Осакаровского районного маслихата" разработана в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих", приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86 "Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10130) и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" (далее – служащие) в государственном учреждении "Аппарат Осакаровского районного маслихата" (далее – аппарат).
      2. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего).
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      6. Получение служащим двух оценок "неудовлетворительно" в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      7. Служащий, получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      8. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке (далее – Комиссия), которая создается секретарем Осакаровского районного маслихата.
      9. Комиссия состоит не менее, чем из трех членов, в том числе председателя.
      10. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя Комиссии является решающим.
      Председателем Комиссии является руководитель аппарата.
      Секретарем Комиссии является главный - специалист по юридическим и кадровым вопросам аппарата (далее – служба управления персоналом). Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      11. Служба управления персоналом формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Служба управления персоналом уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в пункте 4 настоящей Методики, о проведении оценки не позднее одного месяца до проведения оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      12. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист непосредственного руководителя по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от службы управления персоналом, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае работником службы управления персоналом и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      13. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия). Перечень таких лиц (не более трех) определяется службой управления персоналом не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      14. Лица, указанные в пункте 13 настоящей Методики, заполняют оценочный лист круговой оценки по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      15. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 13настоящей Методики, направляются в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней со дня их получения.
      16. Служба управления персоналом осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      17. Оценка лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, осуществляется анонимно.

5. Итоговая оценка служащего

      18. Итоговая оценка служащего вычисляется службой управления персоналом не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:
      a = b + c
      где а – итоговая оценка служащего,
      b – оценка непосредственного руководителя,
      с – средняя оценка лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      19. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – "неудовлетворительно",
      от 21 до 33 баллов – "удовлетворительно",
      выше 33 баллов – "эффективно".

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      20. Служба управления персоналом обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.
      Служба управления персоналом предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии по форме согласно приложению 3настоящей Методики.
      21. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:
      1) если эффективность деятельности служащего превышает результат оценки, при этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;
      2) при допущении ошибки службой управления персоналом при расчете результата оценки служащего.
      При этом не допускается снижение оценки служащего.
      22. Служба управления персоналом ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае работником службы управления персоналом в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      23. Документы, указанные в пункте 20 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в службе управления персоналом.

7. Обжалование результатов оценки

      24. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      25. Уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      26. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент.

 
Приложение 1
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих корпуса
"Б" в государственном учреждении
"Аппарат Осакаровского районного маслихата

      
       форма

Оценочный лист непосредственного руководителя

      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего:______________________
      Должность оцениваемого служащего: _________________________________

№ п/п
 
Критерий
 
Значение показателя
 
Оценка (баллы)
 
1.
 
Инициативность
 
от 2 до 5
 
 
2.
 
Качество исполнения должностных обязанностей
 
от 2 до 8
 
 
3.
 
Способность к сотрудничеству
 
от 2 до 5
 
 
4.
 
Соблюдение служебной этики
 
от 2 до 5
 
 
Итого (сумма всех оценок):
 
 
 

      

Ознакомлен (а):
Служащий
Ф.И.О. (при его наличии) _____
дата _______________________
подпись ____________________
 
 
Непосредственный руководитель
Ф.И.О. (при его наличии) __________
дата ____________________________
подпись _________________________
 
 

      

 
Приложение 2
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих корпуса
"Б" в государственном учреждении
"Аппарат Осакаровского районного маслихата

      
       форма

Лист круговой оценки

      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего: ____________________
      Должность оцениваемого служащего: ________________________________


п/п
 
Критерий
 
Значение показателя
 
Оценка (баллы)
 
Подчиненный
 
 
1.
 
Умение планировать работу
 
от 2 до 5
 
 
2.
 
Умение мотивировать к работе
 
от 2 до 5
 
 
3.
 
Соблюдение служебной этики
 
от 2 до 5
 
 
 
Итого (сумма всех оценок):
 
 
 
Коллега
 
 
1.
 
Умение работать в команде
 
от 2 до 5
 
 
2.
 
Соблюдение служебной этики
 
от 2 до 5
 
 
3.
 
Качество исполнения должностных обязанностей 
 
от 2 до 5
 
 
 
Итого (сумма всех оценок):
 
 
 

      

 
Приложение 3
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих корпуса
"Б" в государственном учреждении
"Аппарат Осакаровского районного маслихата

      
       форма

Протокол заседания Комиссии по оценке

      ______________________________________________________
      (наименование государственного органа)


п/п
 
Ф.И.О. (при его наличии) служащего
 
Оценка непосредственного руководителя
 
Круговая оценка
 
Итоговая оценка
 
1
 
 
 
 
 
...
 
 
 
 
 

      
      Заключение Комиссии:
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      Проверено:
      Секретарь Комиссии: ________________________ Дата: _____________
      (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)
      Председатель Комиссии: _____________________ Дата: ____________
      (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)
      Член Комиссии: _____________________________ Дата: _____________
      (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)