"Ұлытау ауданы Ұлытау ауылдық округі әкіміннің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 28/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 қарашада № 3484 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 18/05 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімдігінің 22.06.2016 № 18/05 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы", 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 "Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Жарлықтарына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Ұлытау ауданы Ұлытау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау ауданы әкімі аппаратының басшысы міндетін атқарушы Дукембаев Габиден Маратовичке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Х. Омаров

  Ұлытау ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 28 қыркүйек
№ 28/04 қаулысымен бекітілген

"Ұлытау ауданы Ұлытау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Ұлытау ауданы Ұлытау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын және орындайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
       3. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101510, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылы, Абай көшесі, 23 үй.
      9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
      мемлекеттік тілде – "Ұлытау ауданы Ұлытау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
       орыс тілінде – Государственное учреждение "Аппарат акима Улытауского сельского округа Улытауского района".
      10. Осы Ереже Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мемлекеттік мекеменің миссиясы: мемлекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саясатты жүргізу.
      14. Міндеттері:
      1) аудан әкіміне ақпараттық және талдау сипатындағы құжаттарды дайындау;
      2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау және оларды әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге уақытылы жолдау;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің актілерін іске асыру;
      4) заңнамамен жүктелген өзге де тапсырмаларды орындау.
      15. Функциялары:
      1) өтініштерді, хаттарды қарау және заңмен белгіленген тәртіпте жауаптар дайындау;
      2) аудан әкімі номенклатурасына сәйкес кадр резервін құру;
      3) мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;
      4) Мемлекеттік мекеменің жүргізуіне қатысты мәселелер бойынша хат алмасуды жүргізу.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;
      2) Мемлекеттік мекеменің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етеді;
      3) халықтың арасында өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      17. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын әкім жүзеге асырады.
      18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      19. Мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттігі:
      1) Мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
      2) Мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
      3) сенімхаттарды береді;
      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
      5) өз құзыреті шегінде өкімдер шығарады, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      6) Мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
      7) Мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
      11) коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.
      Мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкi

      20. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
      Мемлекеттік мекеменің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Мемлекеттік мекеме бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік мекеме, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного Учреждения "Аппарат акима Улытауского сельского округа Улытауского района"

Постановление акимата Улытауского района Карагандинской области от 23 сентября 2015 года № 28/04. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 3 ноября 2015 года № 3484. Утратило силу постановлением акимата Улытауского района Карагандинской области от 22 июня 2016 года № 18/05

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Улытауского района Карагандинской области от 22.06.2016 № 18/05.
      В соответствии с Законами Республики Қазахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлений и самоуправлении в Республике Казахстан", от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах" и Указами Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", от 7 марта 2013 года № 523 "Об утверждении Реестра должностей государственных служащих", акимат Улытауского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат акима Улытауского сельского округа Улытауского района".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на исполняющего обязанности руководителя аппарата акима Улытауского района на Дукембаева Габидена Маратовича.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким района Х. Омаров

  Утверждено
постановлением акимата
Улытауского района
от 23.09.2015 года
№ 28/04

Положение государственного учреждения
"Аппарат акима Улытауского сельского округа Улытауского района"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима Улытауского сельского округа Улытауского района" (далее – Государственное учреждение) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим и выполняющим функции государственного управления.
      2. Государственное учреждение, осуществляет свою деятельность, в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Государственного учреждения и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности Государственного учреждения утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: 101510, Карагандинская область, Улытауский район, село Улытау, улица Абая, дом 23.
      9. Полное наименование Государственного учреждения:
      на государственном языке – "Ұлытау ауданы Ұлытау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      на русском языке - Государственное учреждение "Аппарат акима Улытауского сельского округа Улытауского района".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом Государственного учреждения.
      11. Финансирование деятельности Государственного учреждения осуществляется из республиканского и местного бюджета.
      12. Государственному учреждению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Государственного учреждения.
      Если Государственному учреждению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности
Государственного учреждения

      13. Миссия Государственного учреждения: ведение государственной политики в сфере государственного управления в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      14. Задачи:
      1) подготовка документов информационного и аналитического характера для акима района;
      2) подготовка проектов нормативных правовых актов и своевременное отправление их на государственную регистрацию в органы юстиции;
      3) реализация актов Президента, Правительства Республики Казахстан, акима области, акима района;
      4) осуществление иных задач, возложенных законодательством.
      15. Функции:
      1) рассмотрение заявления, писем и подготовка ответов в установленном законом порядке;
      2) создание резерва кадров в соответствии с номенклатурой акима района;
      3) осуществление реализации государственной политики;
      4) ведение служебной переписки по вопросам, отнесенным к ведению Государственного учреждения.
      16. Права и обязанности:
      1) организует порядок проведения совещания, участвует в заседаниях акимата района;
      2) обеспечивает освещение деятельности Государственного учреждения в средствах массовой информации;
      3) организует разъяснительные работы по актуальным вопросам среди населения;
      4) принимает меры по противодействую коррупции;
      5) осуществляет иные полномочия в соответствии с законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, настоящим Положением.

3. Организация деятельности Государственного учреждения

      17. Руководство Государственного учреждения осуществляется акимом, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Государственное учреждение задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель Государственного учреждения назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      19. Полномочия руководителя Государственного учреждения:
      1) утверждает планы работ Государственного учреждения;
      2) действует от имени Государственного учреждения;
      3) выдает доверенности;
      4) в установленном законодательством порядке поощряет работников государственного учреждения и налагает на них дисциплинарные взыскания;
      5) издает распоряжения, подписывает служебную документацию в пределах своей компетенции;
      6) утверждает внутренний трудовой распорядок Государственного учреждения;
      7) осуществляет контроль за соблюдением Закона Республики Казахстан "О государственной службе" в Государственном учреждении;
      8) осуществляет личный прием граждан;
      9) осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;
      10) несет персональную ответственность за исполнение антикоррупционного законодательства;
      11) обеспечивает контроль за использованием и сохранностью коммунального имущества.
      Исполнение полномочий руководителя Государственного учреждения в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество Государственного учреждения

      20. Государственное учреждение может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Государственного учреждения формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      21. Имущество, закрепленное за Государственным учреждением, относится к коммунальной собственности.
      22. Государственное учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Государственного учреждения

      23. Реорганизация и упразднение Государственного учреждения осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.