Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 9 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" № 704 Жарлығына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1.
Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі ХХІ сессиясының "Шет аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 21/181 шешіміне (Норматитвік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2645 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырдағы "Шет Шұғыласы" № 21 (10486) газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 01 қазанында жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шет аудандық мәслихатының Регламентінде мемлекеттік тілдегі 7 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"7. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.".
2.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
Р. Шакиржанова |
Аудандық мәслихаттың |
Ә. Смағұлұлы |