Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 28 хаттамасы негізінде, Шет ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Шет ауданының Ақадыр, Ақшатау, С.Сейфуллин атындағы кенттерде, Ақсу-Аюлы, Нұраталды, Красная поляна, Ақой, Батық, Ақшоқы, Талды ауылдық округтерінің аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайларды жою комиссиясының басшысы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары Б.Төлеуқұлов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шет ауданының әкімі | Р.Әбдікеров |