Приозерск қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 2/3 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 ақпанда № 2971 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 25/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 18.06.2015 № 25/2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Приозерск қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. "Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Струментова) заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Д.Ш. Сәденовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қала әкімі

Қ. Камзин


Приозерск қаласы әкімдігінің


2015 жылғы 15 қаңтардағы


№ 2/3 қаулысымен бекітілген

Приозерск қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары

      1. Осы Приозерск қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді және қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.
      2. Қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес құрылыс үлгісі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, инженерлік коммуникациялардың бар болуы, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері негізінде анықталып, мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кв х Кик х Кр х Квд х Копф,
      мұнда:
      Ап – жылына қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Рбс - 1 шаршы метрге жылына теңге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі;
      S - жалға алынатын алаң, шаршы метр;
      Кт - құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
      Кв - тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Кик - инженерлік коммуникациялардың бар болуын ескеретін коэффициент;
      Кр - аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Квд - жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Копф - жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      3. Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және өзге де тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = С х Nam /100 х Кп,
      мұнда:
      Ап - жылына жабдықтар, көлік құралдары және өзге де тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны.
      100 пайыз тозуы есептелген жабдықтарды, көлік құралдарын және өзге де тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
      Nam - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Кп - төмендету коэффициенті (жабдықтарды, көлік құралдарын және өзге де тұтынылмайтын заттарды алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде).
      4. Қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін, сондай-ақ жабдықты, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алу) ұсыну кезінде жалдау ақысын есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ач=Ап/12/Д/24,
      мұнда:
      Ач – сағатына қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Ап – жылына қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      12 – жылдағы айдың саны;
      24 – тәуліктегі сағаттың саны;
      Д – объектілерді мүліктің жалдауға беруді жүзеге асырылатын айдағы күндердің саны.
 


Приозерск қаласының коммуналдық
мүлікін мүліктік жалдауға (жалға алуға)
беру кезінде жалдау ақысының
мөлшерлемесін есептеу қағидаларына
қосымша

Приозерск қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде құрылыс үлгісі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, инженерлік коммуникациялардың бар болуы, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері

      Базалық мөлшерлеменің мөлшерлері – тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш.
 
 


 
 

Коэффициенттер түрі
 

Коэффициент мөлшері
 

1
 

Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Кт):
 

1.1 ғимарат
 

1,0
 

1.2 тұрғын үй, қоймалар мен гараж
 

0,9
 

1.3 спорттық имараттар (стадион, спорттық алаңдар, корт)
 

0,7
 

1.4 басқалары
 

0,8
 

2
 

Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кв):
 


2.1 жер үсті қабатында орналасқан үй-жай
 

1,0
 

2.2 үй асты қабатында (жартылай подвал) орналасқан үй-жай
 

0,9
 

2.3 жертөле қабатындағы үй-жай
 

0,8
 

2.4 басқа (шатыр, шатырдағы жай және басқа)
 

0,7
 

3
 

Инженерлік коммуникациялардың бар болуын ескеретін коэффициент (Кик):
 


3.1 барлық инженерлік-коммуникациялары бар үй-жайлар үшін (жылумен, электрмен, сумен жабдықтау, және кәріз)
коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса, әрбір түрге 0,1-ге азаяды
 

1,0
 

4
 

Аумақтық орналасуы ескеретін коэффициент (Кр):
 


4.1 қаланың орталығы*
 

1,5
 

4.2 қаланың өзге жағы**
 

1,2
 

4.3 қаланың шеті***
 

1,0
 

5
 

Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):
 


5.1 банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, Қазақстан Республикасы ұлттық почта операторы, банкоматтар, төлеу терминалдары (мультикассалар) үшін
 

2,5
 

5.2 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін
 

3,0
 

5.3 сауда, қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру, сату автоматтары үшін
 

2,5
 

5.4 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру (асхана, буфеттер) үшін
 

1,5
 

5.5 оқу орындарында (мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде және спорттық мектептерде) қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру (асхана, буфеттер) үшін
 

0,5
 

5.6 денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларында қызмет ету (қызметтерді) және іс-шараларды ұйымдастыру үшін
 

1,0
 

5.7 ұялы байланыс, интернет саласында қызмет ету үшін (телекоммуникация жабдықтарын орналастыру және басқа)
 

5,2
 

5.8 такси қызметіне диспечерлік көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін
 

1,6
 

5.9 коммуналдық төлемдерді жинауды ұйымдастыру
 

1,8
 

5.10 жүйелік маркетингті ұйымдастыру үшін
 

1,6
 

5.11 автокөліктерді техникалық тексеру саласы және ТҚКС ұйымдастыру үшін
 

1,7
 

5.12 құрылыс саласында қызметті ұйымдастыру үшін
 

1,6
 

5.13 нысандарды күзету қызметі саласында қызметті ұйымдастыру үшін
 

1,3
 

5.14 5.1-5.13-тармақтарында көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, басқа қызмет түрлері үшін
 

2,0
 

6
 
 
 

Жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):
 


6.1 коммерциялық емес ұйымдар үшін
 

0,5
 

6.2 жеке кәсіпкерлер үшін
 

0,9
 

6.3 қалғандары үшін
 

1,0
 


      * - Достық, Кисунько, Пушкин, Ағыбай батыр, Дорохов, Рақымжан Қошқарбаев көшелері;
      ** - Балқаш, Бауыржан Момышұлы, Панфилов, Совет Армиясы Бульвары, Абай, Гвардейская, Дружба Народов көшелері;
      *** - өзге көшелер.
 

Об утверждении Правил расчета ставки арендной платы при передаче коммунального имущества города Приозерск в имущественный наем (аренду)

Постановление акимата города Приозерск Карагандинской области от 15 января 2015 года № 2/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 16 февраля 2015 года № 2971. Утратило силу постановлением акимата города Приозерск Карагандинской области от 18 июня 2015 года № 25/2

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Приозерск Карагандинской области от 18.06.2015 № 25/2.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2014 года № 88 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)", акимат города Приозерск ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила расчета ставки арендной платы при передаче коммунального имущества города Приозерск в имущественный наем (аренду).
      2. Государственному учреждению "Отдел экономики и финансов города Приозерск" (Струментова Н.) в соответствии с действующим законодательством принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Приозерск Саденова Д.Ш.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
 
 

      Аким города

К. Камзин


Утверждены постановлением
акимата города Приозерск
от 15 января 2015 года № 2/3

Правила расчета ставки арендной платы при передаче

коммунального имущества города Приозерск в имущественный

наем (аренду)

      1. Настоящие Правила расчета ставки арендной платы при передаче городского коммунального имущества в имущественный наем (аренду) (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 50 Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду), утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2014 года № 88 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)", и определяют порядок расчета ставки арендной платы при передаче коммунального имущества города Приозерск в имущественный наем (аренду).
      2. Расчет ставки годовой арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду) объектов государственного нежилого фонда, находящихся на балансе городских коммунальных юридических лиц определяется на основании базовых ставок и размеров применяемых коэффициентов, учитывающих тип строения, вид нежилого помещения, наличие инженерных коммуникаций, территориальное расположение, вид деятельности нанимателя, организационно-правовую форму нанимателя согласно приложению к настоящим Правилам и осуществляется по формуле:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кв х Кик х Кр х Квд х Копф,
      где:
      Ап – ставка арендной платы объектов государственного нежилого фонда, находящихся на балансе городских коммунальных юридических лиц в год;
      Рбс – базовая ставка арендной платы за 1 квадратный метр, тенге в год;
      S – арендуемая площадь, квадратный метр;
      Кт - коэффициент, учитывающий тип строения;
      Кв - коэффициент, учитывающий вид нежилого помещения;
      Кик - коэффициент, учитывающий наличие инженерных коммуникаций;
      Кр - коэффициент, учитывающий территориальное расположение;
      Квд - коэффициент, учитывающий вид деятельности нанимателя;
      Копф - коэффициент, учитывающий организационно-правовую форму нанимателя.
      3. Расчет ставки годовой арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду) оборудования, автотранспортных средств и других непотребляемых вещей осуществляется по формуле:
      Ап = С х Nam /100 х Кп,
      где:
      Ап - ставка арендной платы за оборудование, транспортные средства и другие непотребляемые вещи в год;
      С - остаточная стоимость оборудования по данным бухгалтерского учета.
      При сдаче в имущественный наем (аренду) оборудования, транспортных средств и других непотребляемых вещей с начисленным износом 100 процентов, остаточная стоимость принимается в размере 10 процентов от первоначальной (восстановительной) стоимости;
      Nam - предельные нормы амортизации в соответствии со статьей 120 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс);
      Кп - понижающий коэффициент (применяется при износе оборудования, транспортных средств и других непотребляемых вещей более шестидесяти процентов - в размере 0,8).
      4. Расчет арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду) по часам объектов государственного нежилого фонда, а также оборудования, автотранспортных средств и других непотребляемых вещей, находящихся на балансе городских коммунальных юридических лиц, осуществляется по следующей формуле:
      Ач=Ап/12/Д/24,
      где:
      Ач – ставка арендной платы за объекты государственного нежилого фонда, оборудование, транспортные средства и другие непотребляемых вещи, находящиеся на балансе городских коммунальных юридических лиц, в час;
      Ап – ставка арендной платы за объекты государственного нежилого фонда, оборудование, транспортные средства и другие непотребляемые вещи, находящиеся на балансе городских коммунальных юридических лиц, в год;
      12 – количество месяцев в году;
      24 – количество часов в сутках;
      Д – количество дней в месяце, в котором осуществляется передача объектов в имущественный наем.
 


Приложение к Правилам
расчета ставки арендной платы
при передаче коммунального
имущества города Приозерск
в имущественный наем (аренду)

Базовая ставка и размеры применяемых коэффициентов, учитывающих тип строения, вид нежилого помещения, наличие инженерных коммуникаций, территориальное расположение, вид деятельности нанимателя, организационно-правовую форму нанимателя при передаче коммунального имущества города Приозерск в имущественный наем (аренду)

      Размер базовой ставки – 2 (два) месячных расчетных показателя, установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий год.
 
 


 

Вид коэффициентов
 

Размер коэффициента
 

1
 

Коэффициент, учитывающий тип строения (Кт):
 

1.1 здание
 

1,0
 

1.2 жилой дом, складское, гаражное
 

0,9
 

1.3 спортивное сооружение (стадион, спортивные площадки, корт)
 

0,7
 

1.4 прочие
 

0,8
 

2
 

Коэффициент, учитывающий вид нежилого помещения (Кв):
 


2.1 помещение в надземном этаже
 

1,0
 

2.2 помещение в цокольном (полуподвальном) этаже
 

0,9
 

2.3 помещение в подвальном этаже
 

0,8
 

2.4 прочее (крыша, чердак и другое)
 

0,7
 

3
 

Коэффициент, учитывающий наличие инженерных коммуникаций (Кик):
 


3.1 для помещений со всеми инженерными коммуникациями (тепло-, электро-, водоснабжения и водоотведения) при отсутствии каких-либо видов коммуникаций уменьшается на 0,1 за каждый вид)
 

1,0
 

4
 

Коэффициент, учитывающий территориальное расположение (Кр):
 


4.1 центральная часть города*
 

1,5
 

4.2 остальная часть города**
 

1,2
 

4.3 окраина города***
 

1,0
 

5
 

Коэффициент, учитывающий вид деятельности нанимателя (Квд):
 


5.1 для расчетно-кассовых центров банков, Национального оператора почты Республики Казахстан, банкоматов, терминалов оплаты (мультикасс)
 

2,5
 

5.2 для брокерской деятельности и оказания таможенных услуг, обменных пунктов и организаций, деятельность которых связана с рынком ценных бумаг, страховых, инвестиционных компаний, нотариальных контор, адвокатских контор
 

3,0
 

5.3 для организации торговли, гостиничных услуг, торговых автоматов
 

2,5
 

5.4 для организации общественного питания (столовая, буфет)
 

1,5
 

5.5 для организации общественного питания (столовая, буфет) в учебных заведениях (школах, гимназиях, лицеях, колледжах , школах до школьного образования и спортивных школах)
 

0,5
 

5.6 для организации услуг (деятельности) и мероприятий в области здравоохранения, культуры, физической культуры и спорта
 

1,0
 

5.7 для организации услуг в сфере сотовой связи, сети интернет (размещение телекоммуникационного оборудования и другое)
 

5,2
 

5.8 для организации услуг в сфере организации диспетчерской службы такси
 

1,6
 

5.9 для организации услуг в сфере организации сбор за коммунальных услуг
 

1,8
 

5.10 для организации услуг в сфере сетевого маркетинга
 

1,6
 

5.11 для организации услуг в сфере технического осмотра автотранспорта, СТО
 

1,7
 

5.12 для организации услуг в сфере строительства
 

1,6
 

5.13 для оказания услуг в сфере охраны объектов
 

1,3
 

5.14 для иных видов деятельности, за исключением видов деятельности, указанных в пунктах 5.1-5.13
 

2,0
 

6
 

Коэффициент, учитывающий организационно-правовую форму нанимателя (Копф):
 


6.1 для некоммерческих организаций
 

0,5
 

6.2 для индивидуальных предпринимателей
 

0,9
 

6.3 для остальных
 

1,0
 





       * - улицы Достык, Кисунько, Пушкина, Агыбай батыра, Дорохова, Рахымжана Кошкарбаева;
      ** - улицы Балхашская, Бауыржан Момышулы, Панфилова, Бульвар Советской Армии, Абая, Гвардейская, Дружба Народов;
      *** - прочие улицы.