"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 710 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4777 нөмірімен тіркелген, "Кызылординские вести" және "Сыр бойы" газеттерінде 2014 жылғы 31 қазанында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулының орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіліп, мемлекеттік тілдегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын;
аталған қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берілген "Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.";
аталған қаулымен бекітілген "Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі";
аталған қаулымен бекітілген "Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
16-тармақта:
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 41-1), 41-2) және 41-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"41-1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
41-2) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;
41-3) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;".
"Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |