"Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандатуға арналған субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алқаптардың болжамды құрылымына қарай) белгіленсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2015 жылғы "3" сәуірдегі № 901 қаулысына қосымша |
2015 жылға тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандатуға арналған субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алқаптардың болжамды құрылымына қарай)
Аудандар (қала) | Барлық егіс көлемі, гектар | Барлық субсидия көлемі, мың теңге |
Жаңақорған | 29070 | 48 907,0 |
Шиелі | 24095 | 71 098,0 |
Сырдария | 29792 | 444 018,0 |
Жалағаш | 30000 | 395 577,0 |
Қармақшы | 19632 | 341 283,0 |
Қазалы | 17600 | 168 822,0 |
Арал | 749 | 8 363,0 |
Қызылорда қаласы | 7055 | 45 335,0 |
Барлығы | 157993 | 1 523 403 |