"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қызылорда қаласы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы № 2970 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4921 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 наурыздағы, "Ақмешiт апталығы" газетінде 2015 жылғы 01 сәуірдегі № 24, "Кызылорда Таймс" газетінде 2015 жылғы 01 сәуірдегі № 13 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген регламенттің 34-тармағы алып тасталсын.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қызылорда қаласының әкімі | Н. Нәлібаев |