"Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 115 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 08 желтоқсанда N 5252 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 мамырдағы № 245 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 06.05.2016 № 245 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Қармақшы аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 637 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4879 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 наурызда "Қармақшы таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ә. Қошалақовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қармақшы ауданының әкімі С. Мақашов

  Қармақшы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 115 қаулысымен бекітілген

“Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қармақшы ауданының әкімдігі болып табылады.
      3 “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствосы бар.
      4. “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      5. “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі-мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      6. “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      7. “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      8. “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “ Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі баcшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      9. “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120500, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт ата көшесі, №1.
      “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі және жексенбі, заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
      11. Мемлекеттік органның толық атауы - “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      12. Осы Ереже “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      14. “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады
      16. Міндеттері:
      1) халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
      2) жануарларды аурулардан қорғау және олардың емделуін ұйымдастыру;
      3) ветеринарлық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау;
      5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою.
      17. Функциялары:
      1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      11) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      12) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      13) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      14) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      15) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      16) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      17) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
      18) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      19) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
      20) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      21) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      22) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      23) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      24) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      25) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      26) “Рұқсаттар және хабарламалар туралы” Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
      27) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
      28) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
      29) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      Қармақшы аудандық ветеринария бөлімінің “ Қармақшы аудандық ветеринариялық станциясы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының функциялары:
      1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
      4) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
      5) құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органы ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;
      6) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
      7) ветеринариялық анықтама беруді;
      8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
      9) биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
      10) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
       1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың лицензияларын "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен тоқтату туралы ұсыныс шығаруға немесе қайтарып алуға бастамашы болуға;
      3) Заңмен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға құқылы.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қармақшы ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, басшылық жасайды, жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функционалдық міндеттерінің жүзеге асырылуына жауап береді;
      2) “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербестік жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасында қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үлестіреді және бекітеді;
      3) “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      4) заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;
      5) жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
      6) “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      7) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
      8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
      9) тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
      10) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
      11) гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асырады.
      “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      25. “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын “Қармақшы аудандық қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. “Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Ресубликасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

“Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. Қармақшы аудандық ветеринария бөлімінің “Қармақшы аудандық ветеринариялық стансасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Кармакшинский районный отдел ветеринарии"

Постановление Кармакшинского районного акимата Кызылординской области от 25 ноября 2015 года № 115. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 08 декабря 2015 года № 5252. Утратило силу постановлением Кармакшинского районного акимата Кызылординской области от 06 мая 2016 года № 245

      Сноска. Утратило силу постановлением Кармакшинского районного акимата Кызылординской области от 06.05.2016 № 245 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года “О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан” и Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года “О государственном имуществе” акимат Кармакшинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение коммунального государственного учреждения "Кармакшинский районный отдел ветеринарии".
      2. Признать утратившим силу постановление акимата Кармакшинского района от 29 января 2015 года № 637 "Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Кармакшинский районный отдел ветеринарии и ветеринарного контроля" (зарегистрированный в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4879, опубликованно в газетте "Қармақшы таңы" от 7 марта 2015 года).
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Қармакшинского района Кошалакову А.У.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Кармакшинского района С. Макашов

  Утверждено
постановлением акимата
Кармакшинского района
№ 115 от 25 ноября 2015 года

Положение коммунального государственного учреждения “Кармакшинский районный отдел ветеринарии”

1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” является государственным органом Республики Казахстан осуществляющим руководство в сфере ветеринарии.
      2. Учредителем коммунального государственного учреждения “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” является акимат Кармакшинского района.
      3. Коммунальное государственное учреждение “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” имеет ведомство.
      4. Коммунальное государственное учреждение “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      5. Коммунальное государственное учреждение “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      6. Коммунальное государственное учреждение “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      7. Коммунальное государственное учреждение “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      8. Коммунальное государственное учреждение “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя коммунального государственного учреждения “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      9. Структура и лимит штатной численности коммунального государственного учреждения “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      10. Местонахождение юридического лица: индекс 120500, Республика Казахстан, Кызылординская область, Кармакшинский район, поселок Жосалы, улица Коркыт ата, №1.
             График работы коммунального государственного учреждения “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” ежедневно, с понедельника по пятницу включительно, с 09.00 до 19.00 часов (перерыв с 13.00 до 15.00 часов), кроме субботы и воскресенья, других выходных и праздничных дней, установленных законодательными актами.
      11. Полное наименование государственного органа - коммунальное государственное учреждение “Кармакшинский районный отдел ветеринарии”.
      12. Настоящее Положение является учредительным документом коммунального государственного учреждения “Кармакшинский районный отдел ветеринарии”.
      13. Финансирование деятельности коммунального государственного учреждения “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” осуществляется из местного бюджета.
      14. Коммунальному государственному учреждению “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями коммунального государственного учреждения “Кармакшинский районный отдел ветеринарии”.
      Если коммунальному государственному учреждению “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящему доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанностигосударственного органа.

      15. Миссия коммунального государственного учреждения “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” является проведение единой государственной политики в области ветеринарии.
      16. Задачи:
      1) охрана здоровья населения от болезней общих для человека и животных;
      2) защита животных от болезней и организация их лечения;
      3) обеспечение ветеринарно-санитарной безопасности;
      4) охрана территорий соответствующей административно- территориальной единицы от заноса и распространения заразных и экзотических болезней из других государств;
      5) предупреждение и ликвидация загрязнения окружающей среды при осуществлении физическими и юридическими лицами деятельности в области ветеринарии.
      17. Функции:
      1) внесение в местный представительный орган области для утверждения правил содержания животных, правил содержания и выгула собак и кошек, правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек, предложений по установлению границ санитарных зон содержания животных;
      2) организация отлова и уничтожения бродячих собак и кошек;
      3) организация строительства скотомогильников (биотермических ям) и обеспечение их содержания в соответствии с ветеринарными (ветеринарно-санитарными) требованиями;
      4) организация и обеспечение предоставления заинтересованным лицам информации о проводимых ветеринарных мероприятиях;
      5) организация и проведение просветительной работы среди населения по вопросам ветеринарии; 
      6) организация государственных комиссий по приему в эксплуатацию объектов производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организаций по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок; 
       7) обезвреживание (обеззараживание) и переработка без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      8) возмещение владельцам стоимости обезвреженных (обеззараженных) и переработанных без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      9) утверждение списка государственных ветеринарных врачей, имеющих право выдачи ветеринарно-санитарного заключения на объекты государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора;
      10) организация и осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора за соблюдением физическими и юридическими лицами законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии в пределах соответствующей административно-территориальной единицы;
      11) проведение обследования эпизоотических очагов в случае их возникновения;
      12) выдача акта эпизоотологического обследования;
      13) осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора на предмет соблюдения требований законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии:
      на объектах внутренней торговли;
      на объектах производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также в организациях по хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок (за исключением связанных с импортом и экспортом);
      у лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии за исключением производства ветеринарных препаратов;
      при транспортировке (перемещении), погрузке, выгрузке перемещаемых (перевозимых) объектов в пределах соответствующей административно-территориальной единицы, за исключением их экспорта (импорта) и транзита;
      на всех видах транспортных средств, по всем видам тары, упаковочных материалов, которые могут быть факторами передачи возбудителей болезней животных, за исключением экспорта (импорта) и транзита;
      на скотопрогонных трассах, маршрутах, территориях пастбищ и водопоя животных, по которым проходят маршруты транспортировки (перемещения);
      на территориях, в производственных помещениях и за деятельностью физических и юридических лиц, выращивающих, хранящих, перерабатывающих, реализующих или использующих перемещаемые (перевозимые) объекты, за исключением экспорта (импорта) и транзита;
      14) осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора за соблюдением зоогигиенических и ветеринарных (ветеринарно-санитарных) требований при размещении, строительстве, реконструкции и вводе в эксплуатацию скотомогильников (биотермических ям), объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора, связанных с содержанием, разведением, использованием, производством, заготовкой (убоем), хранением, переработкой и реализацией, а также при транспортировке (перемещении) перемещаемых (перевозимых) объектов;
      15) составление акта государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзорав отношении физических и юридических лиц;
      16) организация проведения ветеринарных мероприятий по энзоотическим болезням животных на территории соответствующей административно-территориальной единицы; 
      17) организация проведения ветеринарных мероприятий по профилактике, отбору проб биологического материала и доставке их для диагностики особо опасных болезней животных по перечню, утверждаемому уполномоченным органом, а также других болезней животных;
      18) организация проведения мероприятий по идентификации сельскохозяйственных животных, ведению базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных;
      19) определение потребности в изделиях (средствах) и атрибутах для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и передача информации в местный исполнительный орган области;
      20) свод, анализ ветеринарного учета и отчетности и их представление в местный исполнительный орган области;
      21) внесение предложений в местный исполнительный орган области по ветеринарным мероприятиям по профилактике заразных и незаразных болезней животных;
      22) внесение предложений в местный исполнительный орган области по перечню энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств; 
      23) организация хранения ветеринарных препаратов, приобретенных за счет бюджетных средств, за исключением республиканского запаса ветеринарных препаратов; 
      24) внесение предложений в местный исполнительный орган области о ветеринарных мероприятиях по обеспечению ветеринарно-санитарной безопасности на территории соответствующей административно-территориальной единицы;
      25) организация санитарного убоя больных животных;
      26) прием уведомлений от физических и юридических лиц о начале или прекращении осуществления предпринимательской деятельности в области ветеринарии, а также ведение государственного электронного реестра разрешений и уведомлений в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 мая 2014 года “О разрешениях и уведомлениях”;
      27) принятие решений об установлении карантина или ограничительных мероприятий по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории в случае возникновения заразных болезней животных на территории района;
      28) принятие решений о снятии ограничительных мероприятий или карантина по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории после проведения комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации очагов заразных болезней животных на территории района;
      29) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      Функции коммунального государственного предпрятия на праве хозяйственного ведения “ Кармакшинская районная ветеринарная станция” Кармакшинского районного отдела ветеринарии:
      1) проведение ветеринарных мероприятий против особо опасных, незаразных и энзоотических болезней животных;
      2) проведение идентификации сельскохозяйственных животных;
      3) оказание услуг по искусственному осеменению сельскохозяйственных животных;
      4) оказание услуг по транспортировке (доставке), хранению ветеринарных препаратов против особо опасных и энзоотических болезней животных, а также транспортировке (доставке) изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных;
      5) содержание скотомогильников (биотермических ям), убойных площадок (площадок по убою сельскохозяйственных животных), строительство которых организовано местными исполнительными органами соответствующих административно-территориальных единиц;
      6) отлов и уничтожение бродячих собак и кошек;
      7) выдача ветеринарной справки;
      8) ведение базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных и выдачи выписки из нее;
      9) отбор проб биологического материала и доставки их в ветеринарную лабораторию;
      10) оказание услуг по транспортировке больных животных на санитарный убой.
      18. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать необходимую информацию от уполномоченного органа в области ветеринарии и иных государственных органов и организаций для осуществления возложенных на него задач;
      2) вносить предложение о приостановлении или инициировать отзыв лицензий физических и юридических лиц, осуществляющих ветеринарно-санитарную экспертизу продукции и сырья животного происхождения, в порядке установленном Законом Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях";
      3) осуществлять иные права и обязанности, предусмотренные Законом.

3. Организация деятельности государственного органа

      19. Руководство коммунальным государственным учреждением “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на коммунальное государственное учреждение “Кармакшинский районный отдел ветеринарии’ задач и осуществление им своих функции.
      20. Первый руководитель коммунального государственного учреждения “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” назначается на должность и освобождается от должности акимом Кармакшинского района.
      21. Полномочия первого руководителя коммунального государственного учреждения “Кармакшинский районный отдел ветеринарии”:
      1) организует и осуществляет руководство работой коммунального государственного учреждения “Кармакшинский районный отдел ветеринарии”, несет персональную ответственность за выполнение возложенных задач и осуществление им своих функций;
      2) руководит работой коммунального государственного учреждения “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” и несет персональную ответственность за выполнение возложенных задач, распределяет и утверждает должностные обязанности между сотрудниками и степень ответственности;
      3) назначает на должность и освобождает от должности сотрудников коммунального государственного учреждения “Кармакшинский районный отдел ветеринарии”;
      4) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников коммунального государственного учреждения “Кармакшинский районный отдел ветеринарии”;
      5) обеспечивает целевое использование бюджетных средств, выделенных на проведение ветеринарных мероприятий по энзоотическим и особо опасным болезням животных;
      6) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в коммунальном государственном учреждении “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;
      7) обеспечивает сохранность переданного коммунального имущества;
      8) проводит личный прием граждан и представителей юридических лиц;
      9) является должностным лицом соответствующего районного акимата и без доверенности выступает от его имени во взаимоотнощениях с государственными органами, организациями и гражданами;
      10) в пределах своей компетенции подписывает приказы;
      11) реализация стратегии гендерного равенства;
      Исполнение полномочий первого руководителя коммунального государственного учреждения “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа.

      22. Коммунальное государственное учреждение “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество коммунального государственного учреждения “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество закрепленное за коммунальным государственным учреждением “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” относится к районной коммунальной собственности.
      24. Коммунальное государственное учреждение “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.
      25. Права субъекта права коммунальной собственности в отношении коммунальному государственному учреждению “Кармакшинский районный отдел ветеринарии” осуществляет государственное учреждение “Отдел финансов Кармакшинского района”.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа.

      26. Реорганизация и упразднение коммунального государственного учреждения “ Кармакшинский районный отдел ветеринарии” осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Перечень организаций, находящихся в ведении коммунального государственного учреждения “Кармакшинский районный отдел ветеринарии”

      1. Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения “Кармакшинская районная ветеринарная станция” Кармакшинского районного отдела ветеринарии.