Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 29.05.2017 № 102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Дене шынықтыру және спорт туралы” Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 48-бабына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдік мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Т.Дүйсебаев |
Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 162 қаулысына қосымша |
Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру тегін немесе жеңілдік шарттармен дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері
№ | Азаматтар санаты | Жеңілдіктер мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1 | 7 жасқа дейінгі балалар | Тегін |
2 |
Көп балалы отбасыларының | Тегін |
3 | Балалар үйлерінің оқушы-балалары | Тегін |
4 | Спорт ардагерлері | Тегін |
5 | Оқушылар | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік |
6 | Студенттер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік |
7 | Зейнеткерлер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік |
* Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.