“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Автомобиль жолдары туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қосымшаға сәйкес аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының тізбесі бекітілсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы “24” тамыздағы № 177 қаулысына қосымша |
Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 10.09.2024 № 191 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Жалпы ұзындығы, километр |
1 | KND-1 | Р-33 Қызылорда-Жалағаш-Самара-Шымкент-Ақсу | 2,3 |
2 | KND-2 | Р-33 Қызылорда-Жалағаш-Самара-Шымкент-Бұқарбай батыр | 6,3 |
3 | KND-3 | М-32 Самара-Шымкент-Мәдениет-Т.Жүргенов-Жаңаталап-Аққыр | 52,6 |
4 | KND-4 | М-32 Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария | 37,3 |
5 | KND-5 | М-32 Самара-Шымкент-Таң | 3,3 |
6 | KND-6 | Жаңақоныс елді мекеніне кіре беріс жол | 0,9 |
7 | KND-7 | KN-2 Самара-Шымкент-Жосалы-Жалағаш-Қаракеткен | 2,5 |
8 | KND-8 | KN-2 Самара-Шымкент-Жосалы-Жалағаш-М.Шәменов | 1,3 |
9 | KND-9 | Мырзабай ахун елді мекеніне кіре беріс жол | 4,0 |
10 | KND-10 | Жалағаш кентіне кіре беріс жол | 0,9 |
11 | KND-11 | Қызылорда-Жалағаш-Ақсу-Беркімбай кәлпе | 2,3 |
12 | KND-12 | Жосалы-Жалағаш-М.Шәменов-Түмен әулие | 4,0 |
13 | KND-13 | Аққұм елді мекенінен ипподромға кіре беріс жол | 2,6 |
14 | KND-14 | Жаңақоныс-Таң | 3,7 |
Барлығы | 124,0 |