"Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 257 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 5244 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 мамырдағы № 387 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 05.05.2016 № 387 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жаңақорған ауданының әкімі Р. Рустемов

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "26" қарашадағы
№ 257 қаулысымен бекітілген

"Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жаңақорған ауданының әкімдігі болып табылады.
      3. "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствосы бар.
      4. "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      5. "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      6. "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      7. "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      8. "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі баcшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      9. "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120300, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Амангелді Иманов көшесі № 167. үй
      "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
      11. Мемлекеттік органның толық атауы - "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      12. Осы Ереже "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      14. "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
      16. Міндеттері:
      1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу ;
      2) халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
      3) ветеринарлық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау ;
      5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасын бақылау;
      6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитарлиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
      7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
      8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру.
      17. Функциялары.
      1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      9) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
      10) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
      11) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      13) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      14) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      16) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      19) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
      20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
      22) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      23) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      24) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      25) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      26) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      27) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      28) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
      29) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      30) "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бойынша функциялары:
      ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндірумен, өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің импортымен, экспортымен, транзитімен байланысты қызметті қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөніндегі қызметін бақылауды және қадағалауды;
      республикалық қорды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды бөлуді, олардың сақталуын, тасымалдануын (жеткізілуін) және пайдаланылуын бақылауды және қадағалауды;
      ветеринарлық есепке алу мен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынуды;
      ветеринарлық іс-шаралардың орындалуын бақылауды және қадағалауды;
      мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды және қадағалауды;
      жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын айқындауды және анықтауды;
      ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің жүргізілуін бақылауды және қадағалауды;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауды көздейдi.
      "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жаңақорған аудандық ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының функциялары:
      1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
      4) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
      5) құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;
      6) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
      7) ветеринариялық анықтама беру;
      8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беру;
      9) биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
      10) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру.
      18. Құқықтары:
      1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      2) жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдауға;
      3) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығаруға;
      4) заңнамаға сәйкес өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға құқылы.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына, өз функционалдық міндеттерінің жүзеге асырылуына жауап береді;
      2) "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербестік жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасында қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үлестіреді және бекітеді;
      3) "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      4) заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;
      5) жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
      6) "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      7) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
      8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
      9) тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
      10) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
      11) гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асырады.
      "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      26. "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне берілген мүліктердің сақталуын және тиімді пайдалануын бақылауды жүзеге асырады.
      "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлікті Жаңақорған ауданының әкімдігі қайтарып алуға немесе өзі құрған заңды тұлғалар арасында, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде басқа да түрлері белгіленбесе, өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Ресубликасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымның тізбесі:
      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жаңақорған аудандық ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии"

Постановление Жанакорганского районного акимата Кызылординской области от 26 ноября 2015 года № 257. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 04 декабря 2015 года № 5244. Утратило силу постановлением акимата Жанакорганского района Кызылординской области от 05 мая 2016 года № 387

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Жанакорганского района Кызылординской области от 05.05.2016 № 387 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" акимат Жанакорганского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Жанакорганского района.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким Жанакорганского района Р. Рустемов

  Утверждено постановлением
акимата Жанакорганского района № 257 от "26" ноября 2015 года

Положение коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии"

1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" является государственным органом Республики Казахстан осуществляющим руководство в сфере ветеринарии.
      2. Учредителем коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" является акимат Жанакорганского района.
      3. Коммунальное государственное учреждение "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" имеет ведомство.
      4. Коммунальное государственное учреждение "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      5. Коммунальное государственное учреждение "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      6. Коммунальное государственное учреждение "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      7. Коммунальное государственное учреждение "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      8. Коммунальное государственное учреждение "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      9. Структура и лимит штатной численности коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      10. Местонахождение юридического лица: индекс 120300, Республика Казахстан, Кызылординская область, Жанакорганский район, поселок Жанакорган, улица Амангельди Иманова, дом № 167.
      График работы коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" ежедневно, с понедельника по пятницу, с 09.00 до 19.00 часов (перерыв с 13.00 до 15.00 часов), кроме субботы, воскресенья и других выходных и праздничных дней, установленных законодательными актами.
      11. Полное наименование государственного органа - коммунальное государственное учреждение "Жанакорганский районный отдел ветеринарии".
      12. Настоящее Положение является учредительным документом коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии"
      13. Финансирование деятельности коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" осуществляется из местного бюджета.
      14. Коммунальному государственному учреждению "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" запрешается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии".
      Если коммунальному государственному учреждению "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящему доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход местного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа.

      15. Миссия коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" является проведение единой государственной политики в области ветеринарии.
      16. Задачи:
      1) защита животных от болезней и их лечение ;
      2) охрана здоровья населения от болезней, общих для животных и человека;
      3) обеспечение ветеринарно-санитарной безопасности;
      4) охрана территории Республики Казахстан от заноса и распространения заразных и экзотических болезней животных из других государств;
      5) контроль за безопасностью и качеством ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок;
      6) разработка и использование средств и методов диагностики, борьбы с болезнями животных и обеспечения ветеринарно-санитарной безопасности;
      7) предупреждение и ликвидация загрязнения окружающей среды при осуществлении физическими и юридическими лицами деятельности в области ветеринарии;
      8) развитие ветеринарной науки, подготовка и повышение квалификации специалистов в области ветеринарии, физических и юридических лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии.
      17. Функции:
      1) внесение в местный представительный орган области для утверждения правил содержания животных, правил содержания и выгула собак и кошек, правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек, предложений по установлению границ санитарных зон содержания животных;
      2) организация отлова и уничтожения бродячих собак и кошек;
      3) организация строительства скотомогильников (биотермических ям) и обеспечение их содержания в соответствии с ветеринарными (ветеринарно-санитарными) требованиями;
      4) организация и обеспечение предоставления заинтересованным лицам информации о проводимых ветеринарных мероприятиях;
      5) организация и проведение просветительной работы среди населения по вопросам ветеринарии;
      6) организация государственных комиссий по приему в эксплуатацию объектов производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организаций по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок;
      7) обезвреживание (обеззараживание) и переработка без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      8) возмещение владельцам стоимости обезвреженных (обеззараженных) и переработанных без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      9) принятие решений об установлении карантина или ограничительных мероприятий по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории в случае возникновения заразных болезней животных на территории района;
      10) принятие решений о снятии ограничительных мероприятий или карантина по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории после проведения комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации очагов заразных болезней животных на территории района; 
      11) утверждение списка государственных ветеринарных врачей, имеющих право выдачи ветеринарно-санитарного заключения на объекты государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора;
      12) организация и осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора за соблюдением физическими и юридическими лицами законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии в пределах соответствующей административно-территориальной единицы;
      13) проведение обследования эпизоотических очагов в случае их возникновения;
      14) выдача акта эпизоотологического обследования;
      15) осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора на предмет соблюдения требований законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии:
      на объектах внутренней торговли;
      на объектах производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также в организациях по хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок (за исключением связанных с импортом и экспортом);
      у лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии за исключением производства ветеринарных препаратов;
      при транспортировке (перемещении), погрузке, выгрузке перемещаемых (перевозимых) объектов в пределах соответствующей административно-территориальной единицы, за исключением их экспорта (импорта) и транзита;
      на всех видах транспортных средств, по всем видам тары, упаковочных материалов, которые могут быть факторами передачи возбудителей болезней животных, за исключением экспорта (импорта) и транзита;
      на скотопрогонных трассах, маршрутах, территориях пастбищ и водопоя животных, по которым проходят маршруты транспортировки (перемещения);
      на территориях, в производственных помещениях и за деятельностью физических и юридических лиц, выращивающих, хранящих, перерабатывающих, реализующих или использующих перемещаемые (перевозимые) объекты, за исключением экспорта (импорта) и транзита;
      16) осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора за соблюдением зоогигиенических и ветеринарных (ветеринарно-санитарных) требований при размещении, строительстве, реконструкции и вводе в эксплуатацию скотомогильников (биотермических ям), объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора, связанных с содержанием, разведением, использованием, производством, заготовкой (убоем), хранением, переработкой и реализацией, а также при транспортировке (перемещении) перемещаемых (перевозимых) объектов;
      17) составление акта государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора в отношении физических и юридических лиц;
      18) организация проведения ветеринарных мероприятий по энзоотическим болезням животных на территории соответствующей административно-территориальной единицы;
      19) организация проведения ветеринарных мероприятий по профилактике, отбору проб биологического материала и доставке их для диагностики особо опасных болезней животных по перечню, утверждаемому уполномоченным органом, а также других болезней животных;
      20) организация проведения мероприятий по идентификации сельскохозяйственных животных, ведению базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных;
      21) определение потребности в изделиях (средствах) и атрибутах для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и передача информации в местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы;
      22) свод, анализ ветеринарного учета и отчетности и их представление в местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы;
      23) внесение предложений в местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы по ветеринарным мероприятиям по профилактике заразных и незаразных болезней животных;
      24) внесение предложений в местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы по перечню энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств;
      25) организация хранения ветеринарных препаратов, приобретенных за счет бюджетных средств, за исключением республиканского запаса ветеринарных препаратов;
      26) внесение предложений в местный исполнительный орган области о ветеринарных мероприятиях по обеспечению ветеринарно-санитарной безопасности на территории соответствующей административно-территориальной единицы ;
      27) организация санитарного убоя больных животных;
      28) прием уведомлений от физических и юридических лиц о начале или прекращении осуществления предпринимательской деятельности в области ветеринарии, а также ведение государственного электронного реестра разрешений и уведомлений в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях";
      29) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      30) Функции коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" в области ветеринарно-санитарного контроля и надзора:
      контроль и надзор за деятельностью физических и юридических лиц по выполнению требований законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии, за исключением деятельности, связанной с производством ветеринарных препаратов и кормовых добавок, импортом, экспортом, транзитом перемещаемых (перевозимых) объектов;
      распределение, контроль и надзор за хранением, транспортировкой (доставкой) и использованием закупленных по бюджетным программам ветеринарных препаратов, за исключением республиканского запаса;
      ведение ветеринарного учета и отчетности и представление их в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан в области ветеринарии;
      контроль и надзор за выполнением ветеринарных мероприятий;
      контроль и надзор безопасности объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора, ветеринарно-санитарной обстановки; выявление и установление причин и условий возникновения и распространения болезней животных и их пищевых отравлений;
      контроль и надзор за проведением идентификации сельскохозяйственных животных;
      рассмотрение дел об административных правонарушениях в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан.
      Функции коммунального государственного предпрятия на праве хозяйственного ведения "Жанакорганская районная ветеринарная станция" коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии":
      1) проведения ветеринарных мероприятий против особо опасных, незаразных и энзоотических болезней животных;
      2) проведения идентификации сельскохозяйственных животных;
      3) оказания услуг по искусственному осеменению сельскохозяйственных животных;
      4) оказания услуг по транспортировке (доставке), хранению ветеринарных препаратов против особо опасных и энзоотических болезней животных, а также транспортировке (доставке) изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных;
      5) содержания скотомогильников (биотермических ям), убойных площадок (площадок по убою сельскохозяйственных животных), строительство которых организовано местными исполнительными органами соответствующих административно-территориальных единиц;
      6) отлова и уничтожения бродячих собак и кошек;
      7) выдачи ветеринарной справки;
      8) ведения базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных и выдачи выписки из нее;
      9) отбора проб биологического материала и доставки их в ветеринарную
лабораторию;
      10) оказания услуг по транспортировке больных животных на санитарный убой.
      18. Права :
      1) запрашивать и получать необходимую информацию от уполномоченного государственного органа в области ветеринарии и иных организаций для осуществления возложенных на него задач;
      2) принимать решение об изъятии и уничтожении продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      3) вносить решения о делении территории на зоны в порядке, установленном уполномоченным органом;
      4) осуществление иных прав и обязанности в соответствии с законодательством.

3. Организация деятельности государственного органа

      19. Руководство коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на коммунальное государственное учреждение "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" задач и осуществление им своих функции.
      20. Первый руководитель коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" назначается на должность и освобождается от должности акимом района.
      21. Полномочия первого руководителя коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии":
      1) организует и осуществляет руководство работой отдела и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" задач и осуществления им своих функции;
      2) руководить работой коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" и несет персональную ответственность за выполнение возложенных задач, распределяет и утверждает должностные обязанности между сотрудниками и степень ответственности;
      3) назначает на должность и освабождает от должности сотрудников коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии";
      4) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии";
      5) обеспечивает целевое использование бюджетных средств, выделенных на проведение ветеринарных мероприятий по энзоотическим и особо опасным болезням животных;
      6) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в отделе и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;
      7) обеспечивает сохранность переданного коммунального имущества;
      8) проводить личный прием граждан и представителей юридических лиц;
      9) является должностным лицом соответствующего районного акимата и без доверенности выступает от его имени во взаимоотнощениях с государственными органами, организациями и гражданами;
      10) в пределах своей компетенции подписывает приказы;
      11) реализация стратегии гендерного равенства;
      Исполнение полномочий первого руководителя коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Взаимоотношения между юридическим лицом и уполномоченным органом по государственному имуществу (местным исполнительным органом), юридическим лицом и уполномоченным органом соответствующей отрасли (местным исполнительным органом), администрацией юридического лица и его трудовым коллективом регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа.

      23. Коммунальное государственное учреждение "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество закрепленное за коммунальным государственным учреждением "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" относится к районной коммунальной собственности.
      25. Коммунальное государственное учреждение "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжатся закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.
      26. Акимат Жанакорганского района осуществлят контроль за эффективностью использования и сохранность переданного коммунальному государственному учреждению "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" имущества.
      Акимат Жанакорганского района закрепленного за коммунальным государственным учреждением "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" имущества вправе изъять это имущество, либо перераспределить его между созданными им юридическими лицами по своему усмотрению, если иное не установлено законодательными актами Республики Казахстан.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа.

      27. Реорганизация и упразднение коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии" осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Перечень организации, находящихся в ведении коммунального государственного учреждения "Жанакорганский районный отдел ветеринарии":
      1. Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Жанакорганская районная ветеринарная станция".