"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі | Р. Рустемов |
Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "24" желтоқсандағы № 283 қаулысымен бекітілген |
"Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзіреті шегінде мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
1) "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2) "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
3. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120300, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, М. Көкенов көшесі № 4.
10. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:
дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;
жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін. Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
12. Осы Ереже "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
"Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жаңақорған ауданының әкімдігі болып табылады.
13. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
14. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.16. Міндеттері:
1) ұлттық мәдениетті өркендету, сақтау, дамыту әрі тарату;
2) ауданның мәдени-рухани дамуының жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған мәдени шаралар жүргізу;
3) мемлекеттік және Қазақстанда бар басқа да тілдердің қолдануы мен одан әрі дамытылуының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
17. Функциялары:
1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
2) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
4) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
5) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
6) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
7) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
8) ауданның мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;
9) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;
10) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
18. Құқықтары мен міндеттері:
1) мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар беруге;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
19. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.20. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын Жаңақорған ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттілігі:
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді;
2) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
3) бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімді білдіреді;
6) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
7) ведомостволық бағынысты мекеме, кәсіпорын басшыларын заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
8) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
9) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
10) Қазақстан Республкасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілгі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады."Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады."Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының тізбесі:
1. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.