"Сырдария аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 04 қыркүйектегі № 289 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 қыркүйекте № 5140 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 168 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 27.05.2016 № 168 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Сырдария аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ғ. Қазантаев

  Сырдария ауданы әкімдігінің
2015 жылғы “04” қыркүйектегі
№ 289 қаулысымен бекітілген

“Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім беру мектептерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бағынысты ведомстволары бар.
      3. “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі-мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Сырдария аудандық білім бөлімі” басшысының бұйрықтары түрінде ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120600, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Аманкелді Иманов көшесі, №43.
      10. “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен бекітілген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағ. 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
      11. Мемлекеттік органның толық атауы: “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      12. Осы Ереже “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      "Сырдария аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесiнiң құрылтайшысы Сырдария ауданының әкімдігі болып табылады.
      13. “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      14. “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

      15. “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Қазақстан Республикасының Конституциясы, білім беруді дамытуға байланысты Қазақстан Үкіметі белгіленген заңнамаларға, балалар құқығын қорғау жөніндегі конвенция, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрықтары, нормативтік құқықтық құжаттарын басшылыққа ала отырып, аудандағы білім беру мекемелерінің жұмысын үйлестіру.
      16. Міндеттері:
      1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
      2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптыстыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту.
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады;
      17. Функциялары:
      1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
      2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
      3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
      4) арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
      5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
      6) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
      7) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiтедi;
      8) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
      9) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
      10) аудан (қала) ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;
      11) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
      12) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      13) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      15) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
      16) ауылдық жердегі білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
      17) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;
      18) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      19) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
      20) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
      21) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
      22) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
      23) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
      24) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      18. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
      құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
      қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Сырдария ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      2) бөлімді мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда білдіреді;
      3) бөлім бұйрықтарына қол қояды;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалау шараларын қабылдайды;
      6) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      7) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
      8) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      9) шарттар жасасады;
      10) сенімхаттар береді;
      11) өз қызметін ұйымдастыру және оның ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды;
      12) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      23. “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
      “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекiтiліп берілген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      “Сырдария аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
      1) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) Сырдария аудандық білім бөлімінің “ №36 Әбілда Тәжібаев атындағы мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№37 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№42 Қ.Баймағанбетов атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5) Сырдария аудандық білім бөлімінің “ №44 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№126 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№130 Абай атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№131 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№132 Т.Айтбаев атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№135 А.Тоқмағанбетов атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№137 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№139 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№147 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№174 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№191 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17) Сырдария аудандық білім бөлімінің “№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      18) Сырдария аудандық білім бөлімінің “Оқушылар үйі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      19) Сырдария аудандық білім бөлімінің “Әуез мектебі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      20) Сырдария аудандық білім бөлімінің “Жалын” тынығу лагері мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      21) Сырдария аудандық білім бөлімінің жалпы орта білім беретін “Кешкі мектеп ” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      22) Сырдария аудандық білім бөлімінің “Психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      23) Сырдария аудандық білім бөлімінің “Шаған әуез мектебі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      24) Сырдария аудандық білім бөлімінің “Аманкелді әуез мектебі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Сырдарьинский районный отдел образования"

Постановление Сырдарьинского районного акимата Кызылординской области от 04 сентября 2015 года № 289. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 18 сентября 2015 года № 5140. Утратило силу постановлением Сырдарьинского районного акимата Кызылординской области от 27 мая 2016 года № 168

      Сноска. Утратило силу постановлением Сырдарьинского районного акимата Кызылординской области от 27.05.2016 № 168 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" акимат Сырдарьинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение коммунального государственного учреждения "Сырдарьинский районный отдел образования".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Ажикенова Е.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      Аким района Казантаев Г.

  Утверждено постановлением
акимата Сырдарьинского района
от “04” сентября 2015 года № 289

Положение коммунального государственного учреждения “Сырдарьинский районный отдел образования”

1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение “Сырдарьинский районный отдел образования” является государственным органом, обеспечивает координацию деятельности организаций образования Республики Казахстан, осуществляющим в сфере.
      2. Коммунальное государственное учреждение “Сырдарьинский районный отдел образования” имеет ведомства.
      3. Коммунальное государственное учреждение “Сырдарьинский районный отдел образования” осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Коммунальное государственное учреждение “Сырдарьинский районный отдел образования” является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Коммунальное государственное учреждение “Сырдарьинский районный отдел образования” вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение “Сырдарьинский районный отдел образования” имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Коммунальное государственное учреждение “Сырдарьинский районный отдел образования” по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела образования Сырдарьинского района.
      8. Структура и лимит штатной численности коммунальное государственное учреждение “ Сырдарьинский районный отдел образования” утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: индекс 120600, Республика Казахстан, Кызылординская область, Сырдарьинский район, поселок Теренозек улица Аманкелды Иманов, №43.
      10. График работы коммунального государственного учреждение “Сырдарьинский районный отдел образования”: ежедневно, с понедельника по пятницу, с 09.00 до 19.00 часов (перерыв с 13.00 до 15.00 часов), кроме субботы и воскресенья, других выходных и праздничных дней, установленных законодательными актами.
      11. Полное наименование государственного органа: коммунальное государственное учреждение “Сырдарьинский районный отдел образования”.
      12. Настоящее Положение является учредительным документом коммунального государственного учреждения “Сырдарьинский районный отдел образования”.
      Учредителем государственного учреждения "Сырдарьинский районный отдел образования" является акимат Сырдарьинского района.
      13. Финансирование деятельности коммунального государственного учреждения “Сырдарьинский районный отдел образования” осуществляется из районного бюджета.
      14. Коммунальному государственному учреждению “Сырдарьинский районный отдел образования” запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями “Сырдарьинский районный отдел образования”.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      15. Миссия коммунального государственного учреждение “Сырдарьинский районный отдел образования”:
      Координирует работу учреждении образования района, руководствуя нормативно-правовыми актами, приказами Министра образования и науки Республики Казахстан, Конвенцией по защите прав детей, законодательствами установленные Правительством Республики Казахстан для развития образования и Конституцией Республики Казахстан.
      16. Задачи:
      1) создание необходимых условий для получения качественного образования, направленного на формирование, развитие и профессиональное становление личности на основе национальных и общечеловеческих ценностей, достижений науки и практики;
      2) развитие творческих, духовных и физических возможностей личности, формирование прочных основ нравственности и здорового образа жизни, обогащение интеллекта путем создания условий для развития индивидуальности;
      3) осуществляет иные задачи в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      17. Функции:
      1) обеспечивает предоставление начального, основного среднего и общего среднего образования, включая вечернюю (сменную) форму обучения, и общего среднего образования, предоставляемого через организации интернатного типа;
      2) организует участие обучающихся в едином национальном тестировании;
      3) организует учет детей дошкольного и школьного возраста, их обучение до получения ими среднего образования;
      4) создает, реорганизует и ликвидирует в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, государственные организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования, за исключением государственных организаций образования, реализующих специальные и специализированные общеобразовательные учебные программы, а также общеобразовательные учебные программы дошкольного воспитания и обучения и дополнительные образовательные программы для детей;
      5) поддерживает и оказывает содействие в материально-техническом обеспечении государственных организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования (за исключением организаций образования в исправительных учреждениях уголовно-исполнительной системы);
      6) организует приобретение и доставку учебников и учебно-методических комплексов организациям образования, реализующим общеобразовательные учебные программы предшкольной подготовки, начального, основного среднего и общего среднего образования;
      7) утверждает государственный образовательный заказ на дошкольное воспитание и обучение, размер подушевого финансирования и родительской платы;
      8) обеспечивает материально-техническую базу районных методических кабинетов;
      9) обеспечивает дополнительное образование для детей;
      10) обеспечивает организацию и проведение школьных олимпиад и конкурсов научных проектов по общеобразовательным предметам, конкурсов районного (городского) масштаба;
      11) направляет средства на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам государственных учреждений образования из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума, и детям-сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, проживающим в семьях, детям из семей, требующих экстренной помощи в результате чрезвычайных ситуаций, и иным категориям обучающихся и воспитанников, определяемым коллегиальным органом управления организации образования, в размере не менее одного процента от бюджетных средств, выделяемых на текущее содержание общеобразовательных школ;
      12) осуществляет в установленном порядке государственное обеспечение детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, их обязательное трудоустройство и обеспечение жильем;
      13) организует в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, медицинское обслуживание обучающихся и воспитанников организаций образования, за исключением дошкольных;
      14) организует в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан, бесплатное и льготное питание отдельных категорий обучающихся и воспитанников;
      15) содействует трудоустройству лиц, окончивших обучение в организациях образования;
      16) содействует обеспечению жилищно-бытовых условий молодых специалистов, прибывших на работу в организации образования, находящиеся в сельской местности;
      17) вносит предложения в маслихат о льготном проезде обучающихся на общественном транспорте;
      18) оказывает организациям дошкольного воспитания и обучения и семьям необходимую методическую и консультативную помощь;
      19) осуществляет образовательный мониторинг;
      20) организует заказ и обеспечение организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы основного среднего, общего среднего образования, бланками документов государственного образца об образовании и осуществляет контроль за их использованием;
      21) осуществляет кадровое обеспечение государственных организаций образования;
      22) обеспечивает методическое руководство психологической службой в организациях образования;
      23) выдает разрешение на обучение в форме экстерната в организациях основного среднего, общего среднего образования;
      24) обеспечивает обследование психического здоровья детей и подростков и оказание психолого-медико-педагогической консультативной помощи населению;
      25) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      18. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать в установленном законодательством порядке от государственных органов, организаций, их должностных лиц необходимую информацию и материалы;
      участвовать в пределах компетенции в разработке проектов правовых и нормативных правовых актов;
      осуществлять иные права, предусмотренные действующими законодательными актами.
      2) рассматривать обращения, направленные физическими и юридическими лицами, контролировать их исполнение, в случаях и порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, предоставляеть на них ответы;
      организовывать прием физических лиц и представителей юридических лиц;
      принимать законные и обоснованные решения;
      обеспечивать контроль за исполнением принятых решений;
      реализовывать иные обязанности, предусмотренные действующим законодательством.

3. Организация деятельности государственного органа

      19. Руководство коммунального государственного учреждения “Сырдарьинский районный отдел образования” осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на “Сырдарьинский районный отдел образования” задач и осуществление им своих функций.
      20. Первый руководитель коммунального государственного учреждения “Сырдарьинский районный отдел образования” назначается на должность и освобождается от должности акимом Сырдарьинского района.
      21. Полномочия первого руководителя коммунального государственного учреждения “Сырдарьинский районный отдел образования”:
      1) определяет обязанности и полномочия своих сотрудников в отдела;
      2) представляет отдел в государственных органах и иных организациях;
      3) подписывает приказы отдела;
      4) в соответсвии с законодательством назначает на должности и освобождает от должностей сотрудников отдела;
      5) в установленном законодательством порядке поощряет и налогает дисциплинарные взыскания на сотрудников отдела;
      6) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в отделе и несет персональную ответственность за принятие анткорупционных мер;
      7) организует работу по реализации политики гендерного равенства;
      8) действует без доверенности от имини отдела;
      9) заключает договора;
      10) выдает доверенности;
      11) принимает регламент по вопросам организации своих полномочий и внутренного распорядка;
      12) утверждает график личного приема физических лиц и представителей юридических лиц;
      13) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя коммунального государственного учреждения “Сырдарьинский районный отдел образования” в период его отсутствия осуществляется лицом, его заменающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Организация труда работников коммунального государственного учреждения “Сырдарьинский районный отдел образования” регулируется Трудовым кодексом Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      23. Коммунальное государственное учреждение “Сырдарьинский районный отдел образования” имеет на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество коммунального государственного учреждение “Сырдарьинский районный отдел образования” формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за коммунального государственного учреждение “Сырдарьинский районный отдел образования”, относится к коммунальной собственности района.
      25. Коммунального государственного учреждение “Сырдарьинский районный отдел образования” не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и ликвидация государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение коммунального государственного учреждения “Сырдарьинский районный отдел образования” осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Перечень территориальных органов, находящихся в ведении коммунальное государственное учреждение “Отдел образования Сырдарьинского района” и его ведомств:
      1) коммунальное государственное учреждение “Школа-лицей имени Исы Токтыбаева №35” Сырдарьинского районного отдела образования;
      2) коммунальное государственное учреждение “Школа-лицей имени Абильды Тажибаева №36 ” Сырдарьинского районного отдела образования;
      3) коммунальное государственное учреждение “Средняя школа №37” Сырдарьинского районного отдела образования;
      4) коммунальное государственное учреждение “Средняя школа №42 имени К.Баймаганбетова” Сырдарьинского районного отдела образования;
      5) коммунальное государственное учреждение “Средняя школа №44” Сырдарьинского районного отдела образования;
      6) коммунальное государственное учреждение “Средняя школа №126” Сырдарьинского районного отдела образования;
      7) коммунальное государственное учреждение “Средняя школа №129” имени А.Жамишева Сырдарьинского районного отдела образования;
      8) коммунальное государственное учреждение “Средняя школа №130” имени Абая Сырдарьинского районного отдела образования;
      9) коммунальное государственное учреждение “Средняя школа №131” Сырдарьинского районного отдела образования;
      10) коммунальное государственное учреждение “Средняя школа №132” имени Т.Айтбаева Сырдарьинского районного отдела образования;
      11) коммунальное государственное учреждение “Средняя школа №135” имени А.Токмаганбетова Сырдарьинского районного отдела образования;
      12) коммунальное государственное учреждение “Средняя школа №137” Сырдарьинского районного отдела образования;
      13) коммунальное государственное учреждение “Средняя школа №139” Сырдарьинского районного отдела образования;
      14) коммунальное государственное учреждение “Средняя школа №147” Сырдарьинского районного отдела образования;
      15) коммунальное государственное учреждение “Средняя школа №174” Сырдарьинского районного отдела образования;
      16) коммунальное государственное учреждение “Средняя школа №191” Сырдарьинского районного отдела образования;
      17) коммунальное государственное учреждение “Средняя школа №210” имени О.Абилпаттаева Сырдарьинского районного отдела образования;
      18) Государственное коммунальное казенное предприятие “Оқушылар үйі” Сырдарьинского районного отдела образования;
      19) Государственное коммунальное казенное предприятие “Музыкальная школа” Сырдарьинского районного отдела образования;
      20) Государственное коммунальное казенное предприятие оздоровительный лагерь “Жалын” Сырдарьинского районного отдела образования;
      21) Государственное коммунальное казенное предприятие “Сырдарьинская средняя общеобразовательная вечерняя школа” Сырдарьинского районного отдела образования;
      22) коммунальное государственное учреждение “Кабинет психолого-педагогической коррекции” Сырдарьинского районного отдела образования.
      23) Государственное коммунальное казенное предприятие “Шаганская музыкальная школа” Сырдарьинского районного отдела образования;
      24) Государственное коммунальное казенное предприятие “Амангельдинская музыкальная школа” Сырдарьинского районного отдела образования;