"Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 426 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қаңтарда № 5308 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 168 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 27.05.2016 № 168 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімі аппараты басшысына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Н. Өмірсерікұлы

  Сырдария ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "22" желтоқсандағы
№ 426 қаулысымен бекітілген

"Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
      1) "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақжарма" ауылдық клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      2) "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Бүлдіршін" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      3. "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ақжарма ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс: 120602, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Ақжарма ауылы, Ағатай Есентұров көшесі №8.
       "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:
      1) дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;
      2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін. Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
      3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Сырдария ауданының әкімдігі болып табылады.
      11. Осы Ереже "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субьектілерімен "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
       Егер "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің крісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізу.
      15. Негізгі міндеттері:
      1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылымын қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізу;
      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын және елдегі экономикалық үрдістерді басқаруды жүзеге асыру;
      3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін жүзеге асыру, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу;
      4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және еліміздің қоғамдық-саяси өмірдегі олардың азаматтық белсенді көзқарасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
      2) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
      3) тарихи мен мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      4) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;
      5) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;
      6) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      7) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
      8) ауылдық округтегі коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтегі автомабиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;
      9) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
      10) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
      11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
      12) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
      13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
      құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
      қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қатамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары жоқ.
      20. "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
      2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
      3) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;
      4) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
      5) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
      6) кіріс көздерін қалыптастырады;
      7) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
      8) мемлекеттік органдағы сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін дербес жауапкершілікте болады;
      9) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;
      10) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттерді сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
      11) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
       "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын әкім басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі.
      1) "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақжарма" ауылдық клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      2) "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Бүлдіршін" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Акжарма"

Постановление Сырдарьинского районного акимата Кызылординской области от 22 декабря 2015 года № 426. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 19 января 2016 года № 5308. Утратило силу постановлением Сырдарьинского районного акимата Кызылординской области от 27 мая 2016 года № 168

      Сноска. Утратило силу постановлением Сырдарьинского районного акимата Кызылординской области от 27.05.2016 № 168 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" акимат Сырдарьинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Акжарма".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Сырдарьинского района.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      Исполняющий обязанности
      акима района Омирсерикулы Н.

  Утверждено постановлением
акимата Сырдарьинского района
от "22" декабря 2015 года № 430

Положениие коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Акжарма"

1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Акжарма" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности акима сельского округа.
      2. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Акжарма" имеет ведомства:
      1) государственное коммунальное казенное предприятие "сельский клуб "Акжарма" коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Акжарма";
      2) государственное коммунальное казенное предприятие детский сад "Бүлдіршін" коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Акжарма".
      3. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Акжарма" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Акжарма" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Акжарма" вступает в гражданско - правовые отношения от собственного имени.
      6. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Акжарма" имеет право выступать стороной гражданко-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Акжарма" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые решениями и распоряжениями акима сельского округа Акжарма и другими актами, предосмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Акжарма" утверждается в соответствий с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: индекс 120602, Республика Казахстан, Кызылординская область, Сырдарьинский район, село Акжарма, улица Агатай Есентурова №8.
      График работы коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Акжарма":
      1) работает 5 (пять) дней в неделю с понедельника по пятницу;
      2) время работы с 09.00 часов до 19.00 часов местного времени. Перерыв: с 13.00 часов до 15.00 часов;
      3) в субботу и в воскресенье, а также в установленные законодательством Республики Казахстан праздничные дни, не рабатает.
      10. Полное наименование государственного органа-коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Акжарма".
      Учредителем коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Акжарма" явлается акимат Сырдариньского района.
      11. Настоящее Положение является учредительным документом коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Акжарма".
      12. Финансирование деятельности коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Акжарма" осуществляется из местного бюджета.
      13. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат акима сельского округа Акжарма" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения объязанностей, являющихся функциями коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Акжарма".
      Если коммунальному государственному учреждению "Аппарат акима сельского округа Акжарма" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и объязанности государственного органа

      14. Миссия коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Акжарма" проведение общегосударственной политики исполнительной власти в сочетании с интересами и потребностями развития соответствующей территории.
      15. Основные задачи:
      1) проведение в жизнь политики Президента Республики Казахстан по охране и укреплению государственного суверенитета, конституционного строя, обеспечению безопасности, территориальной целостности Республики Казахстан, прав и свобод граждан;
      2) реализация стратегии социально-экономического развития Республики Казахстан, осуществление основных направлений государственной, социально-экономической политики и управления социальными и экономическими процессами в стране;
      3) претворение в жизнь конституционных принципов общественного согласия и политической стабильности, решение наиболее важных вопросов государственной жизни демократическими методами;
      4) осуществление мер по укреплению законности правопорядка, повышению уровня правосознания граждан и их активной гражданской позиции в общественно-политической жизни страны.
      16. Функции:
      1) содействует исполнению гражданами и юридическими лицами норм Конституции Республики Казахстан, законов, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных и местных государственных органов;
      2) в пределах своей компетенции осуществляет регулирование земельных отношений;
      3) организует работу по сохранению исторического и культурного наследия;
      4) содействует развитию местной социальной инфрастуктуры;
      5) организует в пределах своей компетенции водоснабжение населенных пунктов и регулирует вопросы водопользования;
      6) организует работы по благоустройству, освещению, озеленению и санитарной очистке населенных пунктов;
      7) при разработке бюджетной программы, админнистратором который выступает аппарат акима, выносит на обсуждение собрания местного сообщества предложения по финансированию вопросов местного значения по направлениям, предусмотренным в составе бюджета района в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан;
      8) обеспечивает сохранение коммунального жилищного фонда сельского округа, а также строительство, реконструкцию, ремонт и содержание автомобильных дорог в сельском округе;
      9) содействует сбору налогов и других обязательных платежей в бюджет;
      10) выявляет малообеспеченных лиц, вносит в вышестоящие органы предложения по обеспечению занятости, оказанию адресной социальной помощи, организует обслуживание одиноких престарелых и нетрудоспособных граждан на дому;
      11) обеспечивает трудоустройство лиц, состоящих на учете в службе пробации уголовно-исполнительной инспекции, и оказывает иную социально-правовую помощь;
      12) организует движение общественного транспорта;
      13) осуществление иных функции в соответствии с действующим законодательством.
      17. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать в установленном законодательством порядке от государственных органов, организации, их должностных лиц необходимую информацию и материалы;
      участвовать в пределах компетенции в разработке проектов правовых и нормативных правовых актов;
      осуществлять иные права, предусмотренные действующими законодательными актами.
      2) рассматривать обращения, направленные физическими и юридическими лицами, контролировать их исполнение, в случаях и порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, предоставляеть на них ответы;
      организовыватьприем физических лиц и представителей юридических лиц;
      принимать законные и обоснованные решения;
      обеспечивать контроль за исполнением принятих решений;
      реализовывать иные обязанности, предусмотренные действующим законодательством.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство коммунальным государственным учреждением "Аппарат акима сельского округа Акжарма" осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Акжарма" задач и осуществление им своих функций.
      19. Руководитель коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Акжарма" не имеет заместителя, который назначается на должности и освобождается от должности в соттветствии с законодательством Республики Казахстан.
      20. Полномочия руководителя коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Акжарма":
      1) является должностным лицом соответствующего района акимата на территории соответствующей административно-территориальной единицы и без доверенности выступает от его имени во взаимоотношениях с государственными органами, организациями и гражданами;
      2) рассматривает обращения, заявления, жалобы граждан, принимает меры по защите прав и свобод граждан;
       3) содействует организации крестьянских или фермерских хозяйств, развитию предпринимательской деятельности;
       4) взаимодействует с органами местного самоуправления;
       5) обеспечивают сохранность переданного коммунального имущества;
       6) формируют доходные источники;
       7) принимают работников по трудовому договору за счет экономии бюджетных средств и (или) поступлений, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о местном государственном управлении и самоуправлении;
       8) несет персональную ответственность за совершение коррупционных действий в государственном органе;
       9) реализует политику гендерного равенства;
       10) организация работ по тушению степных пожаров, а также пожаров в населенных пунктах не имеющие государственные противопожарные органы служб;
       11) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством.
      Исполнение полномочий руководителя коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Акжарма" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
       21. Аппарат коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Акжарма" возглавляется акимом назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      22. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Акжарма" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
       Имущество коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Акжарма" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество закрепленное, за коммунальным государственным учреждением "Аппарат акима сельского округа Акжарма" относится к коммунальной собственности.
      24. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Акжарма" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

6. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Акжарма" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Перечень организации, находящихся в ведении коммунального государственного учреждение "Аппарат акима сельского округа Акжарма" и его ведомств:
      1) государственное коммунальное казенное предприятие "сельский клуб "Акжарма" коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Акжарма";
      2) государственное коммунальное казенное предприятие детский сад "Бүлдіршін" коммунального государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Акжарма".