"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімі аппараты басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Н. Өмірсерікұлы |
Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "22"желтоқсандағы № 432 қаулысымен бекітілген |
"Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
1) "Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Нағи Ілиясов" ауылдық клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2) "Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Балдырған" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
3. "Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс: 120605, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылы, Абай Кунанбаев көшесі №27.
"Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:
1) дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;
2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін. Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
"Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Сырдария ауданының әкімдігі болып табылады.
11. Осы Ереже "Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субьектілерімен "Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің крісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізу.15. Негізгі міндеттері:
1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылымын қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізу;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын және елдегі экономикалық үрдістерді басқаруды жүзеге асыру;
3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін жүзеге асыру, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу;
4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және еліміздің қоғамдық-саяси өмірдегі олардың азаматтық белсенді көзқарасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
2) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
3) тарихи мен мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
4) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;
5) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;
6) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
7) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
8) ауылдық округтегі коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтегі автомабиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;
9) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
10) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
12) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қатамасыз етуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.19. "Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары жоқ.
20. "Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;
4) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
5) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
6) кіріс көздерін қалыптастырады;
7) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
8) мемлекеттік органдағы сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін дербес жауапкершілікте болады;
9) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;
10) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттерді сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
11) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. "Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын әкім басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады."Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі.
1) "Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Н.Ілиясов" ауылдық клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
2) "Нағи Ілиясов округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Балдырған" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;