«Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 28 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 наурзда № 2637 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 259 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 20.08.2015 № 259 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы                       С. Алдашев
 
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Б. Ерсайынұлы
      18 ақпан 2015 ж.


Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 18 ақпандағы
№ 28 қаулысымен бекітілген
 
 

«Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс - қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті алушының белгіленген нысан бойынша өтінімді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 843 қаулысымен бекітілген «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттарды беруі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс - қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің құжаттарды қабылдауы және тіркеуі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысының құжаттарды қарауы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының құжаттарды қарауы;
      4) ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) құжаттарды қарауы;
      5) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің (бұдан әрі – әкім) алдын ала квотаны бекітуі;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушылардың тізілімін жасауы;
      7) әкімнің көрсетілетін қызметті алушылардың тізілімін бекітуі;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының бекітілген құжаттарды жіберуі;
      9) басқарма басшысының құжаттарды қарауы;
      10) басқарманың жауапты орындаушысының жиынтық тізілімін қалыптастыруы;
      11) басқарма басшысының жиынтық тізілімді бекітуі;
      12) басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысының төлем шоттарының тізілімін қалыптастыруы және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынуы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесi:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) ВАК;
      5) әкім;
      6) басқарма басшысы;
      7) басқарманың жауапты орындаушысы;
      8) басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы.
      7. Әрбір ресімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы ресімдердің (іс - қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді – 15 (он бес) минуттан аспайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды – 15 (он бес) минут ішінде;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды және оларды өтінімдерді қарау және әрбір тұқым шаруашылығы және тұқым тұтынушы үшін элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша субсидиялар сомасын айқындау үшін әкімнің шешімімен құрылған ВАК қарауына ұсынады – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      4) ВАК құжаттарды қарайды және әрбір тұқым шаруашылығына және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша алдын ала квоталарды қалыптастырады, әкімге бекітуге ұсынады – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      5) әкім алдын ала квоталарды бекітеді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына көрсетілетін қызметті алушылардың тізілімін жасау үшін жібереді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы тізілім жасайды және әкімге жібереді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      7) әкім тізілімді бекітеді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бекітілген алдын ала квоталарды және жиынтық тізілімді басқарма басшысына жібереді - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      9) басқарма басшысы құжаттарды қарайды және басқарманың жауапты орындаушысына жібереді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      10) басқарманың жауапты орындаушысы жиынтық тізілімді қалыптастырады және басқарма басшысына бекітуге жібереді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      11) басқарма басшысы жиынтық тізілімге қол қояды және басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына береді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      12) басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы төлем шоттарының тізілімін қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынады – 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде.
      8. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
 

«Элиталық тұқымдарды субсидиялау»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
 


 
 

«Элиталық тұқымдарды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2 - қосымша
 


 
 

Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование элитных семян»

Постановление акимата Мангистауской области от 18 февраля 2015 года № 28. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 16 марта 2015 года № 2637. Утратило силу постановлением акимата Мангистауской области от 20 августа 2015 года № 259

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Мангистауской области от 20.08.2015 № 259(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года «О государственных услугах» акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый регламент государственной услуги «Субсидирование элитных семян».
      2. Государственному учреждению «Областное управление сельского хозяйства» (Б. Ерсайынулы) обеспечить официальное опубликование данного постановления в информационно-правовой системе «Әділет» и в средствах массовой информации, размещение на интернет-ресурсе акимата Мангистауской области.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Мангистауской области Амиржанова Р.М.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Исполняющий обязанности
      акима области                           С. Алдашев


      «СОГЛАСОВАНО»
      руководитель государственного учреждения
      «Областное управление сельского хозяйства»
      Б. Ерсайынулы
      18 февраля 2015 г.


Утвержден
постановлением акимата
Мангистауской области
от 18 февраля 2015 года № 28
 
 

Регламент государственной услуги «Субсидирование элитных семян» 1. Общие положения

      1. Государственная услуга «Субсидирование элитных семян» (далее - государственная услуга) оказывается местным исполнительным органом области (далее - услугодатель).
      2. Форма оказания государственной услуги: бумажная.
      3. Результат оказания государственной услуги – предоставление в территориальное подразделение казначейства реестра счетов к оплате для дальнейшего перечисления причитающихся бюджетных субсидий на банковские счета услугополучателей.

2. Описание порядка действий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      4. Основанием для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги являются подача услугополучателем заявки по установленной форме и документов, предусмотренные пунктом 9 стандарта государственной услуги «Субсидирование элитных семян», утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2014 года № 843.
      5. Содержание каждой процедуры (действия), входящей в состав процесса оказания государственной услуги и длительность их выполнения:
      1) прием и регистрация документов сотрудником канцелярии услугодателя;
      2) рассмотрение документов руководителем отдела услугодателя;
      3) рассмотрение документов ответственным исполнителем услугодателя;
      4) рассмотрение документов межведомственной комиссией (далее – МВК);
      5) утверждение предварительных квот акимом района (города областного значения) (далее – аким);
      6) составление реестра услугополучателей ответственным исполнителем услугодателя;
      7) утверждение реестра услугополучателей акимом;
      8) направление утвержденных документов ответственным исполнителем услугодателя;
      9) рассмотрение документов руководителем управления;
      10) формирование сводной ведомости ответственным исполнителем услугодателя;
      11) утверждение сводной ведомости руководителем управления;
      12) формирование и представление в территориальное подразделение казначейства реестра счетов к оплате ответственным исполнителем финансового отдела управления.

3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      6. Перечень структурных подразделений (работников) услугодателя, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги:
      1) сотрудник канцелярии услугодателя;
      2) руководитель отдела услугодателя;
      3) ответственный исполнитель услугодателя;
      4) МВК;
      5) аким;
      6) руководитель управления;
      7) ответственный исполнитель управления;
      8) ответственный исполнитель финансового отдела управления.
      7. Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) с указанием длительности каждой процедуры (действия):
      1) сотрудник канцелярии услугодателя осуществляет прием и регистрацию документов, направляет их руководителю отдела услугодателя – не более 15 (пятнадцати) минут;
      2) руководитель отдела услугодателя рассматривает документы и определяет ответственного исполнителя услугодателя – в течение 15 (пятнадцати) минут;
      3) ответственный исполнитель услугодателя рассматривает документы и предоставляет их на рассмотрение МВК, созданной решением акима для рассмотрения заявок и определения сумм субсидий для каждого семеноводческого хозяйства и потребителя семян по каждому виду элитных семян - в течение 1 (одного) рабочего дня;
      4) МВК рассматривает документы и формирует предварительные квоты для каждого семеноводческого хозяйства и потребителя семян по каждому виду элитных семян, направляет на утверждение акиму - в течение 2 (двух) рабочих дней;
      5) аким утверждает и направляет предварительные квоты ответственному исполнителю услугодателя для составления реестра услугополучателей – в течение 1 (одного) рабочего дня;
      6) ответственный исполнитель услугодателя составляет реестр и направляет акиму - в течение 1 (одного) рабочего дня;
      7) аким утверждает реестр и направляет ответственному исполнителю услугодателя - в течение 1 (одного) рабочего дня;
      8) ответственный исполнитель услугодателя направляет руководителю управления утвержденные предварительные квоты и сводный реестр - в течение 1 (одного) рабочего дня;
      9) руководитель управления рассматривает документы и направляет ответственному исполнителю управления - в течение 1 (одного) рабочего дня;
      10) ответственный исполнитель управления формирует сводную ведомость и направляет на утверждение руководителю управления - в течение 2 (двух) рабочих дней;
      11) руководитель управления подписывает сводную ведомость и передает ответственному исполнителю финансового отдела управления - в течение 1 (одного) рабочего дня;
      12) ответственный исполнитель финансового отдела управления формирует и представляет в территориальное подразделение казначейства реестр счетов к оплате - в течение 5 (пяти) календарных дней.
      8. Описание последовательности процедур (действий) сопровождается блок-схемой согласно приложению 1 к настоящему регламенту государственной услуги «Субсидирование элитных семян» (далее – Регламент).
      9. Подробное описание последовательности процедур (действий), взаимодействий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги отражается в справочнике бизнес-процессов оказания государственной услуги согласно приложению 2 к настоящему Регламенту. Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги размещается на интернет-ресурсе услугодателя.

Приложение 1
к регламенту государственной услуги
«Субсидирование элитных семян»



 
 

Приложение 2
к регламенту государственной услуги
«Субсидирование элитных семян»