«Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 78 қаулысы. Маңғыстау облысы әділет департаментінде 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 2712 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 296 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 29.09.2015 № 296 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы                       С. Алдашев

 
      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Б. Ерсайынұлы
      20 наурыз 2015 жыл
 
 

      Маңғыстау облысы әкімдігінің
      2015 жылғы 20 наурыз
      № 78 қаулысымен бекітілген

«Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы көрсетіледі.
      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңселері арқылы;
      2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 623 қаулысымен бекітілген «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) көзделген жағдайларда және негіздер бойынша дәлелді түрдегі бас тарту туралы жауап немесе тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау туралы куәлікті беру болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) әрекетінің тәртiбiн сипаттау

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (әрекетті) бастау үшін мыналар негіз болып табылады:
      көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – стандарттағы қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      портал арқылы жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
      Құжаттарды қабылдау тізбесі Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (әрекеттің) мазмұны:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 15 (он бес) минуттың ішінде құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және тіркейді. Нәтижесі – тіркейді, қабылданған құжаттары туралы талон береді және көрсетілетін қызметті беруші басшылығына құжатқа бұрыштама қоюға жолдайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және орындауға жолдайды. Нәтижесі – келіп түскен құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы 4 (төрт) сағат ішінде көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын анықтайды, түскен құжаттарды жолдайды. Нәтижесі – келіп түскен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 4 (төрт) сағат ішінде ұсынылған құжаттарды комиссияға жолдайды. Нәтижесі –ұсынылған құжаттарды комиссияға жолдайды;
      5) комиссия 2 (екі) жұмыс күннің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және сараптамалық комиссияға хабарлайды. Нәтижесі - сараптамалық комиссияға тиісті жеріне бару туралы хабарлайды;
      6) сараптамалық комиссия 12 ( он екі) жұмыс күн ішінде комиссиядан хабарлама түскен күннен бастап тиісті жерге бару арқылы тексеру жүргізеді. Нәтижесі –сараптамалық комиссияның тексерісінің нәтижесі бойынша тексеру актісі жасалады;
      7) комиссия 2 (екі) жұмыс күн ішінде құжаттарды қарау қорытындысы бойынша тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді, оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Нәтижесі – хаттамаға қолдар қойылады, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде комиссия қорытындысын қарайды және аттестаттау туралы куәлік дайындайды. Нәтижесі – тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде аттестаттау туралы куәлікке немесе көрсетілетін мемлекеттік қызметтен дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қояды. Нәтижесі-аттестаттау туралы куәлік немесе дәлелді бас тарту туралы жауап;
      10) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 15 (он бес) минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушыға аттестаттау туралы куәлік немесе көрсетілетін мемлекеттік қызметтен дәлелді бас тарту туралы жауап береді. Нәтижесі –аттестаттау туралы куәлік немесе көрсетілетін мемлекеттік қызметтен дәлелді бас тарту туралы жауап береді.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара әрекетінің тәртiбiн сипаттау

      6. Көрсетілетін мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      5) комиссия;
      6) сараптамалық комиссия
      7. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшасына сәйкес әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілетін блок-схемамен сүйемелденеді.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. ЭҮП арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру және ресімнің (іс - әрекеттің) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы компьютердегі интернет-браузерінде сақталып тіркелген өзінің ЭЦҚ куәлігінің көмегімен ЭҮП-де тіркеуді жүзеге асырады (ЭҮП-де тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушы үшін жүзеге асырылады);
      2) 1- процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы компьютердегі интернет-браузеріне тіркелген ЭЦҚ куәлігін бекіту, көрсетілетін қызметті алушының паролін ЭҮП-ге енгізу (авторлау үдерісі);
      3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин жеке сәйкестендіру номері/бизнес сәйкестендіру номері (бұдан әрі - ЖСН/БСН) мен пароль арқылы ЭҮП-де тексеру;
      4) 2- процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны ЭҮП-де қалыптастыру;
      5) 3- процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды қоса беруі;
      6) 4- процесс – «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінде (бұдан әрі –ЭҮТШ) қызметке ақы төлеу, бұдан кейін төлем туралы ақпарат «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «ЕЛ» МДБ АЖ) келіп түседі;
      7) 2-шарт–«ЕЛ»МДБАЖ-да қызметті көрсету үшін төлем дерегін тексеру;
      8) 5- процесс – «ЕЛ» МДБ АЖ-да қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6- процесс – сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының тіркелген ЭЦҚ куәлігін таңдау;
      10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін ЭҮП-де тексеру;
      11) 7- процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 8- процесс – қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
      13) 9- процесс – «ЕЛ» МДБ АЖ-да электрондық құжатты тіркеу (қызмет алушының сұранысы) және «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының автоматтандырылған жұмыс орнының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі –«ЕЛ» МДБ АЖО АЖ) сұранысты өңдеу;
      14) 4-шарт – лицензияны беру үшін қызмет берушінің көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелеріне сәйкестігін тексеруі;
      15) 10- процесс – «ЕЛ» МДБ АЖО АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      16) 11- процесс – көрсетілетін қызметті алушының «ЕЛ» МДБ АЖО АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      9. Көрсетілетін қызметті берушінің ЭҮП арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбi осы Регламенттiң 2-қосымшасында ұсынылады.
      10. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі өтініш беру тәртібін және рәсімнің (іс - әрекеттің) реттілігін сипаттау:
      1) 1- процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін «ЕЛ» МДБ АЖО АЖ-да логин мен пароль енгізуі (авторлау үдерісі);
      2) 1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын «ЕЛ» МДБ АЖО АЖ-да логин мен пароль арқылы тексеру;
      3) 2- процесс – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны «ЕЛ» МДБ АЖО АЖ-да қалыптастыру;
      4) 3- процесс – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және қызмет беруші қызметкерінің қызмет алушы деректерін енгізуі;
      5) 4- процесс – «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлға мемлекеттік деректер базасы/заңды тұлға мемлекеттік деректер базасында (бұдан әрі –ЖТ МДБ/ЗТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушы туралы деректеріне сұрау салу;
      6) 2-шарт –ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын тексеру;
      7) 5- процесс – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің расталмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 6- процесс – қағаз түріндегі құжаттардың болуы туралы бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына қоса беруі;
      9) 7- процесс – «ЕЛ» МДБ АЖО АЖ-да сұранысты тіркеу және қызметті өңдеу;
      10) 3-шарт – лицензияны беру үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелеріне сәйкестігін тексеру;
      11) 8- процесс – «ЕЛ» МДБ АЖО АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтарының болуына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 9-процесс – «ЕЛ» МДБ АЖО АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны)көрсетілетін қызмет алушының алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      11. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбi осы Регламенттiң 3- қосымшасында ұсынылады.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы, көрсетілетін қызметті берушінің Порталында, интернет-ресурсында орналастырылады.

«Тұқымның сапасына сараптама жасау
жөніндегі зертханаларды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
 


 

«Тұқымның сапасына сараптама жасау
жөніндегі зертханаларды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
 


 

«Тұқымның сапасына сараптама жасау
жөніндегі зертханаларды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
 


 


 

«Тұқымның сапасына сараптама жасау
жөніндегі зертханаларды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша
 


 
 

Об утверждении регламента государственной услуги "Аттестация лабораторий по экспертизе качества семян"

Постановление акимата Мангистауской области от 20 марта 2015 года № 78. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 30 апреля 2015 года № 2712. Утратило силу - постановлением акимата Мангистауской области от 29 сентября 2015 года № 296

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Мангистауской области от 29.09.2015 № 296(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).


      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года «О государственных услугах» акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый регламент государственной услуги «Аттестация лабораторий по экспертизе качества семян».
      2. Государственному учреждению «Областное управление сельского хозяйства» (Б. Ерсайынулы) обеспечить официальное опубликование данного постановления в информационно-правовой системе «Әділет» и в средствах массовой информации, размещение на интернет-ресурсе акимата Мангистауской области.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Амиржанова Р.М.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Исполняющий обязанности
      акима области                           С. Алдашев
 

      «СОГЛАСОВАНО»
      руководитель государственного учреждения
      «Областное управление сельского хозяйства»
      Б. Ерсайынулы
      20 марта 2015 г.


Утвержден
постановлением акимата
Мангистауской области
от 20 марта 2015 года № 78
 
 

Регламент государственной услуги «Аттестация лабораторий по экспертизе качества семян» 1. Общие положения

      1. Государственная услуга «Аттестация лабораторий по экспертизе качества семян» (далее – государственная услуга) оказывается местными исполнительными органами области (далее - услугодатель), в том числе через веб-портал «электронного правительства» www.e.gov.kz (далее – ПЭП).
      Прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляются через:
      1) канцелярию услугодателя;
      2) веб-портал «электронного правительства»: www.egov.kz.
      2. Форма оказания государственной услуги: электронная (частично автоматизированная) и (или) бумажная.
      3. Результат оказания государственной услуги – выдача свидетельства об аттестации лаборатории по экспертизе качества семян либо мотивированный ответ услугодателя об отказе в оказании государственной услуги в случаях и по основаниям, предусмотренным Стандартом государственной услуги «Аттестация лабораторий по экспертизе качества семян» утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 июня 2014 года № 623 (далее - Стандарт).
      Форма представления результата оказания государственной услуги: бумажная.

2. Описание порядка действий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      4. Основанием для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги являются:
      при обращении к услугодателю - заявление по форме согласно приложению к стандарту;
      при обращении на портал - запрос в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП услугополучателя.
      Прием перечня документов осуществляется согласно пункту 9 Стандарта.
      5. Содержание каждой процедуры (действия), входящей в состав процесса показания государственной услуги:
      1) специалист канцелярии услугодателя в течении 15 (пятнадцати) минут осуществляет прием документов и регистрирует. Результат – регистрация, выдача талона о принятых документах и направляет документы на резолюцию руководству услугодателя;
      2) руководство услугодателя в течение 1 (одного) рабочего дня ознакамливается с поступившими документами и направляет для исполнения. Результат – направляет поступившие документы для оказания государственной услуги руководителю отдела услугодателя;
      3) руководитель отдела услугодателя в течение 4 (четырех) часов определяет ответственного исполнителя услугодателя, направляет поступившие документы; Результат – направляет поступившие документы ответственному исполнителю услугодателя;
      4) ответственный исполнитель услугодателя в течение 4 (четырех) часов представленные документы передает комиссии. Результат –представленные документы передает комиссии;
      5) комиссия в течение 2 (двух) рабочих дней проверяет полноту представленных документов и уведомляет экспертную комиссию. Результат – уведомляет экспертную комиссию о выезде на место;
      6) экспертная комиссия в течение 12 (двенадцати) рабочих дней со дня поступления уведомления от комиссии с выездом на место проводит обследования. Результат – по результатам обследования экспертной комиссии составляется акт обследования;
      7) комиссия в течение 2 (двух) рабочих дней по итогам рассмотрения документов, принимает решение об аттестации или отказе в аттестации лаборатории по экспертизе качества семян, которое оформляется протоколом, подписывается всеми членами комиссии. Результат – подписание протокола, принятие решение об аттестации или отказе в аттестации лаборатории по экспертизе качества семян;
      8) ответственный исполнитель услугодателя рассматривает заключение комиссии и готовит свидетельство об аттестации - в течение 1 (одного) рабочего дня. Результат – принимает решение об аттестации или отказе в аттестации лаборатории по экспертизе качества семян;
      9) руководство услугодателя подписывает свидетельство об аттестации либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги - в течение 1 (одного) рабочего дня. Результат – свидетельство об аттестации либо мотивированный ответ об отказе;
      10) специалист канцелярии услугодателя выдает в течение 15 (пятнадцати) минут свидетельство об аттестации или мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги услугополучателю. Результат – выдача свидетельства об аттестации или мотивированного ответа об отказе в оказании государственной услуги.

3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      6. Перечень структурных подразделений (работников) услугодателя, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги:
      1) канцелярия услугодателя;
      2) руководство услугодателя;
      3) руководитель отдела услугодателя;
      4) ответственный исполнитель услугодателя;
      5) комиссия;
      6) экспертная комиссия.
      7. Описание последовательности процедур (действий) сопровождается блок - схемой прохождения каждого процедуры (действия) с указанием длительности каждой процедуры (действия), согласно приложению приложению 1 к настоящему регламенту государственной услуги «Аттестация лабораторий по экспертизе качества семян» (далее – Регламент).

4. Описание использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги

      8. Описание порядка обращения и последовательности процедур (действий) услугополучателя при оказании государственной услуги через ПЭП:
      1) услугополучатель осуществляет регистрацию на ПЭП с помощью своего регистрационного свидетельства ЭЦП, которое хранится в интернет-браузере компьютера услугополучателя (осуществляется для незарегистрированных услугополучателей на ПЭП);
      2) процесс 1 – прикрепление в интернет-браузере компьютера услугополучателя регистрационного свидетельства ЭЦП, процесс ввода услугополучателем пароля (процесс авторизации) на ПЭП для получения государственной услуги;
      3) условие 1 – проверка на ПЭП подлинности данных о зарегистрированном услугоплучателе через логин индивидуальный идентификационный номер/бизнес идентификационный номер (далее -ИИН/БИН) и пароль;
      4) процесс 2 – формирование ПЭПом сообщения об отказе в авторизации в связи с имеющимися нарушениями в данных услугополучателя;
      5) процесс 3 – выбор услугополучателем услуги, указанной в настоящем Регламенте, вывод на экран формы запроса для оказания услуги и заполнение услугополучателем формы (ввод данных) с учетом ее структуры и форматных требований, прикреплением к форме запроса необходимых документов в электронном виде;
      6) процесс 4 – оплата услуги на платежный шлюз «электронного правительства» (далее – ПШЭП), а затем эта информация поступает в информационную систему государственной базы данных «Е-лицензирование» (далее - ИС ГБД «ЕЛ»);
      7) условие 2 – проверка в ИС ГБД «ЕЛ» факта оплаты за оказание услуги;
      8) процесс 5 – формирование сообщения об отказе в запрашиваемой услуге, в связи с отсутствием оплаты за оказание услуги в ИС ГБД «ЕЛ»;
      9) процесс 6 - выбор услугополучателем регистрационного свидетельства ЭЦП для удостоверения (подписания) запроса;
      10) условие 3 – проверка на ПЭП срока действия регистрационного свидетельства ЭЦП и отсутствия в списке отозванных (аннулированных) регистрационных свидетельств, а также соответствия идентификационных данных между ИИН/БИН указанным в запросе, и ИИН/БИН указанным в регистрационном свидетельстве ЭЦП;
      11) процесс 7 – формирование сообщения об отказе в запрашиваемой услуге в связи с не подтверждением подлинности ЭЦП услугополучателя;
      12) процесс 8 – удостоверение (подписание) посредством ЭЦП услугополучателя заполненной формы (введенных данных) запроса на оказание услуги;
      13) процесс 9 – регистрация электронного документа (запроса услугополучателя) в ИС ГБД «ЕЛ» и обработка запроса в информационной системе автоматизированного рабочего место государственной базы данных «Е-лицензирование» (далее - ИС АРМ ГБД «ЕЛ»);
      14) условие 4 – проверка услугодателем соответствия услугополучателя квалификационным требованиям и основаниям для выдачи лицензии;
      15) процесс 10 – формирование сообщения об отказе в запрашиваемой услуге в связи с имеющимися нарушениями в данных услугополучателя в ИС АРМ ГБД «ЕЛ»;
      16) процесс 11 – получение услугополучателем результата услуги (электронная лицензия), сформированной ИС АРМ ГБД «ЕЛ». Электронный документ формируется с использованием ЭЦП услугодателя.
      9. Порядок использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги через ПЭП представляется в приложении 2 к настоящему Регламенту.
      10. Описание порядка обращения и последовательности процедур (действий) при оказании государственной услуги через услугодателя:
      1) процесс 1 – ввод сотрудником услугодателя логина и пароля (процесс авторизации) в ИС АРМ ГБД «ЕЛ» для оказания государственной услуги;
      2) условие 1 – проверка в ИС АРМ ГБД «ЕЛ» подлинности данных о зарегистрированном сотруднике услугодателя через логин и пароль;
      3) процесс 2 – формирование ИС АРМ ГБД «ЕЛ» сообщения об отказе в авторизации в связи с имеющимися нарушениями в данных сотрудника услугодателя;
      4) процесс 3 – выбор сотрудником услугодателя услуги, указанной в настоящем Регламенте, вывод на экран формы запроса для оказания услуги и ввод сотрудником услугодателя данных потребителя;
      5) процесс 4 – направление запроса через шлюз «электронного правительства» (далее – ШЭП) в государственную базу данных юридических лиц/государственную базу данных физических лиц (далее - ГБД ЮЛ/ГБД ФЛ) о данных услугополучателя;
      6) условие 2 – проверка наличия данных услугополучателя в ГБД ЮЛ/ГБД ФЛ;
      7) процесс 5 – формирование сообщения о невозможности получения данных в связи с отсутствием данных услугополучателя в ГБД ЮЛ/ГБД ФЛ;
      8) процесс 6 – заполнение формы запроса в части отметки о наличии документов в бумажной форме и сканирование сотрудником услугодателя необходимых документов, предоставленных услугополучателем, и прикрепление их к форме запроса;
      9) процесс 7 – регистрация запроса и обработка услуги в ИСАРМ ГБД «ЕЛ»;
      10) условие 3 – проверка услугодателем соответствия услугополучателя квалификационным требованиям и основаниям для выдачи лицензии;
      11) процесс 8 – формирование сообщения об отказе в запрашиваемой услуге в связи с имеющимися нарушениями в данных услугополучателя в ИС АРМ ГБД«ЕЛ»;
      12) процесс 9 – получение услугополучателем результата услуги (электронная лицензия) сформированной ИС АРМ ГБД «ЕЛ». Электронный документ формируется с использованием ЭЦП услугодателя.
      11. Порядок использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги через услугодателя представляется в приложении 3 к настоящему Регламенту.
      12. Подробное описание последовательности процедур (действий), взаимодействий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги, а также описание порядка использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги отражается в справочнике бизнес - процессов оказания государственной услуги согласно приложению 4 к настоящему Регламенту. Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги размещается на Портале, интернет-ресурсе услугодателя.
 

Приложение 1
к регламенту государственной услуги
«Аттестация лабораторий по
экспертизе качества семян»
 


Приложение 2
к регламенту государственной услуги
«Аттестация лабораторий по
экспертизе качества семян»



Приложение 3
к регламенту государственной услуги
«Аттестация лабораторий по
экспертизе качества семян»


Приложение 4
к регламенту государственной услуги
«Аттестация лабораторий по
экспертизе качества семян»