РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атауы "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) болып өзгертілсін.
2. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.04.2020 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. "Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы):
осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;
мемлекеттік мекеменің Маңғыстау облысының әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. Б. Әлібекова) облыстың коммуналдық меншіктегі объектілер тізіліміне тиісті өзгеріс енгізілсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының қаржы басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М.Б. Әлібекова
01 маусым 2015 жыл.
"Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы"
мемлекеттік мекесінің басшысы
Б. Ерсайынұлы
01 маусым 2015 жыл.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 01 маусым № 166 қаулысымен бекітілген |
"Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Ескерту. Ереженің күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.04.2020 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.