Қарақия ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау қағидалары туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/441 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 қаңтарда № 2936 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 3/53 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.05.2021 № 3/53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берiлiп отырған Қарақия ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидалары бекiтiлсiн.

      2.пМаңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

М. Ибағаров

Облыстық


мәслихат хатшысы

Б. Жүсіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарақия аудандық ауыл

      шаруашылығы және ветеринария

      бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Е.С. Бегниязов

      10 желтоқсан 2015 жыл.


      "Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті

      Қарақия ауданының Ішкі істер бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      С. Аяғанов

      10 желтоқсан 2015 жыл.


      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және қадағалау

      комитетінің Қарақия аудандық

      аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б.С. Елбаев

      10 желтоқсан 2015 жыл.

      Ескерту. Келісу парағына өзгерістер енгізілді Маңғыстау облыстық мәслихатының 29.09.2017 № 13/159 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 29/441 шешімімен бекітілген

Қарақия ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Қарақия ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау (бұдан әрі – Қағида) тәртібін айқындайды.

      2. Қағида, меншік түріне қарамастан, жануарларды асырайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты.

      3. Қағида "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленіп, жасалды.

      4. Осы Қағида да келесі ұғымдар қолданылады:

      1) қараусыз жануарлар – меншік иесі бар және оның иелігінен (қарауынан) уақытша босап кеткен, иесі болмаған немесе иесі белгісіз жануарлар, сонымен қатар иесі меншік құқығынан бас тартқан ауыл шаруашылығы жануарлары;

      2) ветеринариялық құжаттар – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат; ауыл шаруашылық жануарға, жануардан алынатын өнімге және шикізатына ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын қаланың жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен ауыл шаруашылық жануарлардың, жануардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;

      3) ветеринариялық іс-шаралар – ауыл шаруашылық жануарлары ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе жоюға; ауыл шаруашылық жануарлары мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;

      4) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;

      5) ауыл шаруашылығы жануарларының иесі – өз меншігінде немесе басқадай меншікте ауыл шаруашылығы жануарлары бар жеке немесе заңды тұлға;

      6) ауыл шаруашылығы жануарлары – ірі қара мал, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер;

      7) қоғамдық орындар – адамдардың көп жиналатын немесе адамдардың жиналуы мүмкін орындар, оның ішінде көшелер, бақтар, саябақтар және өзге де азаматтардың демалатын орындары – жағажайлар, стадиондар – ойын-сауық шаралары жүргізілетін орындар;

      8) жануарларға арналған пана – қараусыз қалған ауыл шаруашылық жануарларын уақытша асырау үшін арналған арнайы жабдықталған нысандар;

      9) жануарларды асырау – жануарлардың тіршілігін, физикалық және психикалық денсаулығын сақтау, ветеринариялық-санитариялық нормаларын сақтай отырып жарамды тұқым алатын, сонымен қатар азаматтар мен жануарлар әлемі өкілдерінің қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалатын жануарлар иелерінің іс әрекеттері;

      10) жануарларды бiрдейлендiру – жануарларды бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға жануарлар туралы мәлiметтердi енгiзіп және жануарға ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;

      11) жануарларды бірдейлендіру жөніндегі дерекқор – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын бөлімшелер жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;

      12) жануарларды бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме –тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын, жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері жануарды бірдейлендіру жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда дерекқордан алатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануарлар иелерінің талап етуі бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;

      13) аймақ – жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотия жағдайымен сипатталатын, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ;

      14) инсектицидті дәрі-дәрмектер – зиянды жәндіктермен күресудің химиялық құралдары;

      15) дезинфекция, дезинсекция және дератизация – жұқпалы және паразиттік ауруларды қоздырғыштарды, тұрмыстық жәндіктерді және кеміргіштерді өндірістік, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындардың үй жайларында және аумақтарда жүйелі түрде жүргізілетін жоюға арналған алдын алу шаралары.

2. Жануарларды асырау

      5. Ауыл шаруашылығы жануарларын қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес тұрғын үйлерден, пәтерлерден, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерінен, саябақтардан, хайуанаттар бағынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтандыру, сауда кәсіп орындарынан, тамақ өнеркәсібінен, жалпы демалатын орындардан, балаларды сауықтыру лагерлерінен, демалыс үйлерінен, шипажайлардан, жасанды су қоймаларынан, артезиан құдықтарынан және өзен жағалауы мен сағаларынан қашықтықта орналасқан арнайы жабдықталған (жабық) жайларда асырау керек.

      6. Ауыл шаруашылық жануарларын асырайтын орын күнделікті механикалы түрде тазалануы және апта сайын дезинфекциялануы тиіс. Мал тезегі, жапасы, жем-шөптердің қалдықтары және қоқыстар өз уақытында осыған арналған белгіленген орындарға шығарылады.

      7. Жылдың жылы мезгілдерінде (наурыздан қараша айына дейін) ауыл шаруашылығы жануарлары тұратын орындарды жәндіктерге, сонымен қатар кеміргіштерге (тышқандар, егеуқұйрықтар) қарсы күрес мақсатында ай сайын инсектицидтер мен дератизаторлық препараттарымен зарарсыздандыру керек.

      8. Ветеринариялық және бірегей есепке алу эпизоотиялық жағдайды, нысандардың ветеринариялық-санитариялық ахуалын бағалау, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалаудың және ветеринариялық қағидалардың сақталуын, сондай-ақ жүргiзiлген диагностикалық, эпизоотияға қарсы, емдiк, ветеринариялық-санитариялық және жою iс-шараларының көлемін және тиімділігін анықтау үшін жүргізіледі.

      9. Жеке тұрғын үй иесіне, онда бір жанұя болып тұрған жағдайда, ауыл шаруашылығы жануарларын белгіленген ветеринариялық-санитариялық нормаларын сақтай отырып, арнайы жабдықталған жабық тұрақта асырауға рұқсат беріледі.

      10. Жеке тұрғын үй иесіне, онда бір жанұядан артық отбасылары тұрған жағдайда, сол тұрған үйге көрші тұратын отбасылардың келісімімен белгіленген ветеринариялық-санитариялық нормаларын сақтай отырып, арнайы жабдықталған жабық тұрақта ауыл шаруашылығы жануарларын асырауға рұксат етіледі.

      11. Ауыл шаруашылығы жануарларын сату, әкелу және әкету ветеринариялық паспорт негізінде ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен берілетін белгіленген үлгідегі ветеринариялық құжатты рәсімдеген жағдайда ғана рұқсат етіледі.

      12. Ауыл шаруашылығы жануарларын әуе, су, теміржол көліктерімен тасымалдау осындай көлік түрлерінің тасымалдау Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес белгіленген санитарлық аймақтың шекарасынан тыс жерде жануарларды асырауға, өсіруге, жаюға, айдап өтуге тыйым салынады.

      14. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өткенде, жайғанда және серуендеткенде тұрғындардың қауіпсіздігіне жануардың иелері жауап береді. Көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, басқа да жалпы қоғамдық пайдаланатын орындарында және қаланың ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында малдарды жаюға тыйым салынады.

      15. Ауыл шаруашылығы жануарларын қаланың тұрғын үй қорының пәтерлерінде асырауға тыйым салынады.

      16. Жануарлардың және адамдардың денсаулығына аса қауіп туғызатын жануарларды алу және жою Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Егер жануар клиникалық сау деп танылған жағдайда, ол иесіне қайтарылады.

      17. Көшелерде, алаңдарда, саябақтарда және басқа да жалпы пайдаланатын қоғамдық орындарда және ауданның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда бағушысыз жүрген ауыл шаруашылық жануарлары қараусыз ауыл шаруашылық жануарлары деп есептеледі және уақытша ұстау үшін арнайы жабдықталған орындарға иесі табылғанға дейін қамауға жатады.

      18. Бақылаусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарларын арнайы жабдықталған орынға жеткізу, тасымалдау, күзету, асырау (жемдеу, сумен қамтамасыз ету, ветеринариялық қызмет көрсету) шығындарын бақылаусыз жануарларды асырауға жауапты кәсіпорын берген шоттарға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының иелері өтейді.

      19. Арнайы жабдыкталған орындарда бақылаусыз ауыл шаруашылығы жануарлары алты ай бойы (ірі қара мал, жылқылар, түйелер) және екі ай (мүйізді ұсақ мал) ұсталып, егер олардың меншік иесі табылмаса және оларға өзінің құқығы туралы мәлімдемесе, бұл жануарлар меншік құқығы оларды асырау кезінде болған тұлғаға өтеді.

3. Қағиданың сақталуын бақылау

      20. Қарақия ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидасының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

4. Қорытынды ережелер

      21. Осы Қағиданы бұзғаны үшін жануардың иелері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 406-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

      22. Осы Қағиданың күші меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан ауыл шаруашылық жануарларының барлық иелеріне, жеке немесе басқадай меншігінде жануарлары бар жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      23. Ауыл шаруашылығы жануарлары арнайы жабдықталған орындарға жеткізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 246- бабының талаптары сақталуы тиіс.

О Правилах содержания животных на территории населенных пунктов Каракиянского района

Решение Мангистауского областного маслихата от 10 декабря 2015 года № 29/441. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 13 января 2016 года № 2936. Утратило силу решением Мангистауского областного маслихата от 28 мая 2021 года № 3/53

      Сноска. Утратило силу решением Мангистауского областного маслихата от 28.05.2021 № 3/53 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях", законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила содержания животных на территории населенных пунктов Каракиянского района.

      2. Руководителю аппарата Мангистауского областного маслихата (Сейбагытов Д.) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

М. Ибагаров

Секретарь областного


маслихата

Б. Жусупов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного

      учреждения "Каракиянский

      районный отдел сельского

      хозяйства и ветеринарии"

      Бегниязов Е.С.

      10 декабрь 2015 год.


      Начальник государственного учреждения

      "Отдел внутренних дел Каракиянского района

      Департамента внутренних дел Мангистауской области"

      Аяганов С.

      10 декабрь 2015 год.


      Руководитель государственного

      учреждения "Каракиянская районная

      территориальная инспекция Комитета

      ветеринарного контроля и надзора

      Министерства сельского хозяйства

      Республики Казахстан"

      Елбаев Б.С.

      10 декабрь 2015 год.

      Сноска. Лист согласования с изменениями, внесенными решением Мангистауского областного маслихата от 29.09.2017 № 13/159 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Утверждены
решением Мангистауского
областного маслихата
от 10 декабря 2015 года № 29/441

Правила содержания животных на территории населенных пунктов Каракиянского района 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определяют порядок содержания животных на территории населенных пунктов Каракиянского района (далее – Правила).

      2. Правила распространяются на всех физических и юридических лиц независимо от форм собственности, содержащих животных.

      3. Правила разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях", законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 10 июля 2002 года "О ветеринарии".

      4. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) безнадзорные животные – животные, имеющие собственника и временно выбывшие из его владения (попечения), не имеющие собственника либо собственник которых неизвестен, а также сельскохозяйственные животные, от права собственности на которых собственник отказался;

      2) ветеринарные документы – ветеринарно-санитарное заключение, ветеринарный сертификат, выдаваемые государственным ветеринарно-санитарным инспектором города на объекты государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора; ветеринарная справка, выдаваемая ветеринарным врачом подразделения местного исполнительного органа города, осуществляющего деятельность в области ветеринарии, на сельскохозяйственное животное, продукцию и сырье животного происхождения, об эпизоотической ситуации на территории города, а также аттестованным ветеринарным врачом подразделения производственного контроля по определению соответствия сельскохозяйственных животных, продукции и сырья животного происхождения ветеринарным нормативам в порядке, утвержденном Правительством Республики Казахстан;

      3) ветеринарные мероприятия – комплекс противоэпизоотических, ветеринарно-санитарных процедур, направленных на предотвращение возникновения, распространения или ликвидацию болезней сельскохозяйственных животных, включая их профилактику, лечение или диагностику: обезвреживание (обеззараживание), изъятие и уничтожение животных, зараженных особо опасными болезнями, представляющими опасность для здоровья сельскохозяйственных животных и человека;

      4) ветеринарный паспорт – документ установленной уполномоченным органом формы, в котором в целях учета животных указываются: владелец, вид, пол, масть, возраст животного;

      5) владелец сельскохозяйственного животного – физическое или юридическое лицо, которое имеет в собственности или ином владении сельскохозяйственное животное;

      6) сельскохозяйственные животные – крупный рогатый скот, овцы, козы, лошади, верблюды;

      7) общественные места – места, где находится значительное скопление людей или такое скопление людей возможно, в том числе: улицы, скверы, парки и иные места отдыха граждан - пляжи, стадионы - места, где осуществляются зрелищные мероприятия;

      8) приют для животных – специально оборудованные объекты, предназначенные для временного содержания безнадзорных сельскохозяйственных животных;

      9) содержание животных – действия, совершаемые владельцами животных для сохранения жизни физического и психического здоровья животных, получения полноценного потомства при соблюдении ветеринарно-санитарных норм, а также для обеспечения общественного порядка и безопасности граждан и представителей животного мира;

      10) идентификация животных – процедура учета животных, включающая присвоение индивидуального номера животным путем использования изделий (средств) идентификации, таврения с включением сведений о животном в базу данных по идентификации животных и выдачей ветеринарного паспорта на животное;

      11) база данных по идентификации животных – часть ветеринарного учета, предусматривающая единую, многоуровневую систему регистрации данных об индивидуальном номере животного, о его ветеринарных обработках, включая результаты диагностических исследований, а также данных о владельце животного, осуществляемая подразделениями местных исполнительных органов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии, и используемая уполномоченным органом;

      12) выписка из базы данных по идентификации животных – сведения о сроках и характере проведенных ветеринарных мероприятий, включая результаты диагностических исследований, извлекаемые из базы данных по идентификации животных ветеринарным врачом подразделения местного исполнительного органа, осуществляющего деятельность в области ветеринарии соответствующей административно-территориальной единицы, по требованию владельцев животных в порядке и форме, утвержденной уполномоченным органом;

      13) зона – условно ограниченная территория независимо от административно-территориального деления, характеризующаяся эпизоотической ситуацией по заразным болезням животных;

      14) инсектицидные препараты – химические средства борьбы с вредными насекомыми;

      15) дезинфекция, дезинсекция и дератизация – комплекс мер, направленных на уничтожение возбудителей инфекционных и паразитарных заболеваний, бытовых насекомых и грызунов, систематически проводимых в производственных, жилых зданиях, на транспорте, в помещениях общественных мест и на территориях.

2. Содержание животных

      5. Сельскохозяйственные животные должны содержаться в специально оборудованных (закрытых) помещениях, расположенных на расстоянии от жилых домов, квартир, школ, лечебных и детских учреждений, парков, зоопарков, стадионов, предприятий общественного питания, торговли, пищевой промышленности, мест массового отдыха, оздоровительных детских лагерей, домов отдыха, санаторий, искусственных водоемов, артезианских колодцев и от берегов рек и их притоков, в соответствии с действующими санитарными нормами.

      6. Помещения, в которых содержатся сельскохозяйственные животные, должны ежедневно механически очищаться и еженедельно дезинфицироваться. Навоз, помет, объедки кормов и мусор необходимо своевременно вывозить в специально отведенные для этого места.

      7. В целях борьбы с насекомыми, а также грызунами (мыши, крысы) в теплое время года (с марта по ноябрь месяц) места содержания сельскохозяйственных животных необходимо обрабатывать ежемесячно инсектицидными и дератизационными препаратами.

      8. Ветеринарный и идентификационный учет ведется для мониторинга и оценки эпизоотической ситуации, ветеринарно-санитарного состояния объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора и соблюдения ветеринарных правил, а также объема и эффективности проводимых диагностических, противоэпизоотических, лечебных, ветеринарно-санитарных и ликвидационных мероприятий.

      9. Владельцу индивидуального жилого дома, при проживании в нем одной семьи, разрешается содержание сельскохозяйственных животных в специально оборудованных закрытых постройках при соблюдении установленных ветеринарно-санитарных норм.

      10. Владельцу индивидуального жилого дома, в случае проживания в нем более одной семьи, разрешается содержание в специально оборудованных закрытых помещениях сельскохозяйственных животных с согласия семей, проживающих в этом жилом доме по соседству, при соблюдении установленных ветеринарно-санитарных норм.

      11. Продажа, ввоз и вывоз сельскохозяйственных животных разрешается только при оформлении ветеринарного документа установленного образца, которое выдается уполномоченным государственным органом в области ветеринарии на основании ветеринарного паспорта.

      12. Перевозка сельскохозяйственных животных воздушным, водным, железнодорожным транспортом осуществляется в соответствии с Правилами перевозок на данных видах транспорта.

      13. В пределах границ санитарной зоны, которая устанавливается в соответствии с требованиями действующего законодательства, содержание, разведение, выпас, перегон животных запрещается.

      14. За безопасность населения при выгуле, выпасе и перегоне сельскохозяйственных животных ответственность несет владелец. На улицах, площадях, скверах, других общественных местах общего пользования и особо охраняемых природных территориях города выгул скота запрещается.

      15. Запрещается содержание сельскохозяйственных животных в квартирах жилого фонда города.

      16. Изъятие и уничтожение животных, представляющих особую опасность для здоровья животных и человека, осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан. В случае, если животное признано клинически здоровым, оно возвращается владельцу.

      17. Сельскохозяйственные животные, находящиеся на улицах, площадях, скверах и других общественных местах общего пользования и особо охраняемых природных территориях района без сопровождающих лиц, считаются безнадзорными сельскохозяйственными животными и подлежат загону в специально оборудованные помещения для временного содержания до выявления владельца.

      18. Доставка, транспортировка, охрана, содержание (организация кормов, обеспеченность водой, ветеринарные услуги) в специально оборудованных помещениях безнадзорных сельскохозяйственных животных возмещаются владельцем сельскохозяйственных животных согласно представленным счетам предприятия, ответственного за содержание безнадзорных животных.

      19. Безнадзорные сельскохозяйственные животные, содержащиеся в специально оборудованных помещениях в течении шести месяцев (крупный рогатый скот, лошади, верблюды) и двух месяцев (мелкий рогатый скот), если их собственник не будет обнаружен и не заявит о своем праве на них, право собственности на этих животных переходит к лицу, у которого они находились на содержании.

3. Контроль за соблюдением Правил

      20. Контроль за соблюдением Правил содержания животных на территории населенных пунктов Каракиянского района осуществляют государственные учреждения, уполномоченные на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

4. Заключительные положения

      21. За нарушение настоящих Правил владелец несет ответственность в соответствии со статьей 406 Кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях".

      22. Действие настоящих Правил распространяется на всех владельцев сельскохозяйственных животных, физических и юридических лиц независимо от их форм собственности и ведомственной подчиненности, имеющих в собственности или ином владении животных.

      23. После доставления сельскохозяйственных животных в специально оборудованные помещения должны соблюдаться требования статьи 246 Гражданского Кодекса Республики Казахстан.