РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Ақтау қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Д.Тулебаева):
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды жүргізуді қамтамасыз етсiн;
осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруын және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Т. Елтизаровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Е.Жаңбыршин
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Ақтау қалалық білім бөлімі»
мемлекеттік мекеме басшысы
С.Д. Тулебаева
30 қаңтар 2015 жыл
2015 жылғы 30 қаңтардағы №76
Ақтау қаласы әкімдігінің қаулысына
қосымша
2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы топтар |
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны |
Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге) |
Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге) |
||||||||||||
Балабақша |
Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын-орталықтар |
Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын-орталықтар |
Дербес толық күн болатын шағын-орталықтар |
Дербес жарты күн болатын шағын-орталықтар |
Балабақша |
Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын-орталықтар |
Мектеп жанындағы жарты күнболатын шағын-орталықтар |
Дербес толық күн болатын шағын-орталықтар |
Дербес жарты күн болатын шағын-орталықтар |
Балабақша |
Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын-орталықтар |
Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын- орталықтар |
Дербес толық күн болатын шағын-орталықтар |
Дербес жарты күн болатын шағын-орталықтар |
|
1-ден 3-ке дейінгі топтар |
375 |
596 |
27711 |
29573 |
9681 |
9681 |
|||||||||
4-тен 5-ке дейінгі топтар |
100 |
26331 |
9681 |
||||||||||||
6-дан 7-ге дейінгі топтар |
477 |
40 |
24346 |
12173 |
9681 |
4841 |
|||||||||
8-ден 9-ға дейінгі топтар |
195 |
22971 |
9681 |
||||||||||||
10-нан және оданда артық топтар |
2460 |
23409 |
9681 |