Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 213 "2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ай сайынғы ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Бейнеу ауданының әкімдігінің қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2607 болып тіркелген, алғашқы ресми жарияланған күні 2015 жылғы 6 ақпан, ресми жариялау көзі "Рауан" газеті) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қаулыда:
3 тармақтың орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылсын, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. "Бейнеу аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (О.Наурызбаев) осы қаулының "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет – ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Қ.Әбілшеев |