"Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы

Қарақия аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 63 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 наурызда № 2648 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 маусымдағы № 166 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 06.06.2016 № 166 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130300, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, № 4 үй.

      2. Қоса беріліп отырған "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      3. "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.Таубаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларын қабылдасын.

      4. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ә.Әбдіхалықова) коммуналдық меншік нысандарының тізбесіне тиісті толықтыру енгізсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Бекқайыровқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ә.Дауылбаев

  Қарақия ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 24 ақпандағы № 63
қаулысымен бекітілген

"Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І
1. Жалпы ережелер

      1. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      6. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130300, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, 4 үй.

      8. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      9. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қарақия ауданының әкімдігі болып табылады.

      10. Осы Ереже "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      13. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

      Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасын, ананы, әкені және баланы мемлекеттік қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.

      15. Міндеттері:

      1) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу;

      2) "Азаматтық хал актілері жазбалары" ақпараттық жүйесін жүргізу;

      3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша ақпараттық қызметтер көрсету.

      16. Функциялары:

      1) тууды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      2) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;

      4) әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      5) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      6) азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;

      7) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      8) бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      9) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.

      "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды, материалдарды, ауызша және жазбаша түсініктемелер сұратуға және алуға;

      2) аудан әкімдігінің мәжілістеріне, аудан әкімінің жиналыстарына қатысуға;

      3) меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерден және жеке тұлғалардан құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпараттарды сұратып алуға;

      4) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;

      5) әзірлеушісі мекеме болып табылатын, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылған деп тану бойынша уақтылы шаралар қабылдауға;

      6) мекеменің мүддесін барлық құзіретті органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіруге;

      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындауға.

3. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырылады.

      19. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарақия ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) өзінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      4) қызметкерлердің іссапарларының, тағылымдамадан өтудің және біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      5) құжат айналымын ұйымдастыруды және қадрлық қызмет жұмысын, орындаушы және еңбек тәртібін сақтауды бақылайды;

      6) "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуларды өткізуді ұйымдастырады;

      7) "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне мадақтау шарасын қабылдайды және тәртіптік жазалар қолданады;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауап береді.

      "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.

      "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      21. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      24. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қарақия ауданы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

      25. Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О создании и утверждении Положения государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния"

Постановление акимата Каракиянского района от 24 февраля 2015 года № 63. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 30 марта 2015 года № 2648. Утратило силу постановлением акимата Каракиянского района Мангистауской области от 06 июня 2016 года № 166

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каракиянского района Мангистауской области от 06.06.2016 № 166 (вводится в действие со дня подписания)
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Каракиянского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Создать государственное учреждение "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния".
      Местонахождение: Республика Казахстан, 130300, Мангистауская область, Каракиянский район, село Курык, улица Досан Батыра, дом № 4.
      2. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния".
      3. Государственному учреждению "Аппарат акима Каракиянского района" (Таубаев А.) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации;
      принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.
      4. Государственному учреждению "Каракиянский районный отдел экономики и финансов" (А.Абдикаликова) внести соответствующее дополнение в Реестр объектов коммунальной собственности.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Беккайырова А.
      6. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района А.Дауылбаев

  Утверждено постановлением
акимата Каракиянского района
от 24 февраля 2015 года № 63
 

П О Л О Ж Е Н И Е
государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим государственную регистрацию актов гражданского состояния.
      2. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" является юридическим лицом в организационно –правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, а также в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" вступает в гражданско–правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      6. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      7. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, 130300, Мангистауская область, Каракиянский район, село Курык, улица Досан Батыра, дом 4.
      8. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния".
      9. Учредителем государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" является акимат Каракиянского района.
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния".
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" осуществляется из местного бюджета.
      12. Государственному учреждению "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния".
      13. Режим работы государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" определяется государственным учреждением "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" самостоятельно в соответствии с требованиями действующего законодательства Республики Казахстан.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния"

      14. Миссия государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния":
      Проведение государственной политики в сфере государственной защиты брака (супружества) и семьи, материнства, отцовства и детства.
      15. Задачи:
      1) государственная регистрация актов гражданского состояния;
      2) ведение информационной системы "Записи актов гражданского состояния";
      3) оказание информационных услуг по государственной регистрации актов гражданского состояния.
      16. Функции:
      1) государственная регистрация рождения, в том числе внесение изменений, дополнений и исправлений в записи актов гражданского состояния;
      2) государственная регистрация заключения брака (супружества), в том числе внесение изменений, дополнений и исправлений в записи актов гражданского состояния;
      3) выдача повторных свидетельств или справок о государственной регистрации актов гражданского состояния;
      4) государственная регистрация установления отцовства, в том числе внесение изменений, дополнений и исправлений в записи актов гражданского состояния;
      5) государственная регистрация перемены имени, отчества, фамилии, в том числе внесение изменений, дополнений и исправлений в записи актов гражданского состояния;
      6) восстановление записей актов гражданского состояния;
      7) государственная регистрация смерти, в том числе внесение изменений, дополнений и исправлений в записи актов гражданского состояния;
      8) государственная регистрация усыновления (удочерения), в том числе внесение изменений, дополнений и исправлений в записи актов гражданского состояния;
      9) государственная регистрация расторжения брака (супружества), в том числе внесение изменений, дополнений и исправлений в записи актов гражданского состояния.
      Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" осуществляет иные функций, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать от государственных органов необходимую информацию, документы, материалы, устные и письменные объяснения;
      2) участвовать в заседаниях акимата района, в совещаниях акима района;
      3) запрашивать от должностных лиц предприятий, учреждений, организаций независимо от форм собственности, а также общественных объединении и физических лиц документы, заключения, материалы, сведения и информации;
      4) взаимодействовать в установленном порядке с местными исполнительными органами, организациями, учреждениями и объектами по вопросам относящимся к компетенции учреждения;
      5) осуществлять правовой мониторинг нормативных правовых актов акима и акимата, разработчиком которых учреждение являлось, и своевременно принимать меры по внесению в них изменений и (или) дополнений, или признанию их утратившими силу;
      6) представлять интересы учреждения во всех компетентных органах, учреждениях, организациях, а также в судебных и правоохранительных органах;
      7) оказать качественную государственную услугу населению в соответствии с действующим законодательством;
      8) осуществлять иные права и выполнять иные обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния"

      18. Руководство государственным учреждением "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" назначается на должность и освобождается от должности акимом Каракиянского района в соответствий с законодательством Республики Казахстан.
      20. Полномочия первого руководителя государственного учреждения " Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния":
      1) действует на принципах единоначалия и самостоятельно решает вопросы деятельности учреждения в соответствии с его компетенцией, определяемой законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением;
      2) назначает на должности и освобождает от должностей работников государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      3) издает приказы и дает указания по вопросам, входящим в его компетенцию, обязательные для выполнения всеми работниками государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния";
      4) утверждает порядок и планы по командировкам, стажировкам и повышениям квалификации работников;
      5) контролирует соблюдение исполнительской и трудовой дисциплины, работу кадровой службы и организацию документооборота;
      6) в целях обеспечения деятельности государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" и выполнения, возложенных на него задач организует проведение государственных закупок;
      7) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на работников государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния".
      8) противодействует коррупции и несет за это персональную ответственность.
      К ведению первого руководителя государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" законодательством Республики Казахстан может быть отнесено решение иных вопросов.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" в период его отсутствия осуществляется лицом, его заменяющим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния"

      21. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      22. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Каракиянский отдел регистрации актов гражданского состояния" относится к коммунальной собственности.
      23. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Порядок внесения изменений и дополнений в Положение государственого учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния"

      24. Внесение изменений и дополнений в Положение государственого учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" производится по постановлению акимата Каракиянского района.
      25. Внесенные изменения и дополнения в Положение государственого учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" регистрируются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

6. Реорганизация и ликвидация государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния"

      26. Реорганизация и ликвидация государственного учреждения "Каракиянский районный отдел регистрации актов гражданского состояния" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.