"Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарақия аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 01 сәуірде № 2652 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 маусымдағы № 166 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 06.06.2016 № 166 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М.Нұрмағанбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Түркменбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ә. Дауылбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарақия аудандық сәулет және

      қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесі басшысының міндетін атқарушы

      Нұрмағанбетов Мұхтар Дүйсенұлы

      24 ақпан 2015 жыл.

  Қарақия ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 66 қаулысымен бекітілген

"Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қарақия ауданының аумағында сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өзінің атауымен мөрi мен мөртаңбалары бар, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      5. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемеcі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сай бекiтiледi.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 130300, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, № 6 үй.

      9. Мемлекеттiк органның толық атауы: "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      10. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қарақия ауданының әкімдігі болып табылады.

      11. Осы Ереже "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      14. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      15. Миссиясы: ауданның сәулет және қала құрылысы қызметі саласында функцияларды жүзеге асыру.

      16. Міндеттері:

      1) толыққанды тіршілік ету ортаны қалыптастыру мақсатына сәулеттік және қала құрылысы шешімдерін әзірлеу мен іске асыруды қамтамасыз ету, аудан аумағын сәулеттік-қала құрылыстық дамыту мен ағымдағы және болашағы бар әлеуметтік-экономикалық кешенді міндеттерді шешуге бағытталған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;

      2) жаңа және ескі құрылысты жобалау кезінде ауданның сәулеттік келбетінің сақталуын ескерумен кешенділікті қамтамасыз ету;

      3) жерлерді, табиғи және материалдық ресурстарды тиімді және үнемді пайдалануды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін қала құрылысының жаңа ұстанымдары мен тәсілдерін енгізу;

      4) қоғамдық орталықтар, алаңдар, көшелер, жаяу жүргіншілер аймақтары, тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық кешендердің аяқталған сәулеттік ансамбльдерін құру.

      17. Функциялары:

      1) ауданның заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен аудан ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

      2) ауданның бас жоспарының жобасын, аудан шегін және шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      3) қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ аудан аумағын абаттандырудың және инженерлік қамтамасыз етудің, құрылыс салудың қағидаларын бекіту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      4) тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау қағидаларын бекіту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      5) жоспарланған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;

      6) базалық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу, заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік қала құрылысы кадастры деректерін заңды және жеке тұлғаларға ұсыну, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

      7) ауданның қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын іске асыру;

      8) жер учаскелерін таңдауға қатысу, ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін беру және алып қою бойынша ұсыныстар енгізу;

      9) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы ұсыныстар әзірлеу;

      10) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;

      11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;

      12) объектілерді жобалау мен құрылысын салуға сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру;

      13) жобалау құжаттамаларын сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы тарапына сәйкестігін келісу;

      14) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру және өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      15) мекен-жайларды беру және оларды "Мекен-жайлық тіркелім" ақпараттық жүйесіне тіркеу, оларды өзгерту және жою;

      16) заңнамаға сәйкес құрылысты жобалау құжатынсыз (жобалау-сметалық) немесе жеңіл эскиздік жобалармен рұқсат берілетін объектілерді орналастыруды келісу;

      17) заңнамаға сәйкес бөлме-жайлар немесе құрылыстарды өзгертуге техникалық күрделі емес топтарға жатқызу жөнінде шешімдерді қабылдау;

      18) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында олармен азаматтық құқықты жүзеге асыру мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын қарау және құзыреті шегінде шешімдер қабылдау;

      19) сәулет-қала құрылысы кеңесін ұйымдастыру және жүргізу;

      20) кадастрлық ақпаратты толықтыру, интеграциялау және сақтауды (топографиялық материалдар) және оған қолжетімділік режимді қамтамасыз ету;

      21) ауданды сәулеттік-көркемдік ресімдеу, көріктендіру және көгаландырудың кешенді бағдарламаларын әзірлеу;

      22) мекеменің құзіреті шегінде аудан әкімнің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

      23) барлық мемлекеттік органдардарда құзыреті шегінде мәселелерді қарауда мемлекеттің мүдделерін ұсыну;

      24) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

      18. Құқықтары мен міндеттері:

      1) белгіленген тәртіпте әзірленген және бекітілген жобалау-жоспарлау құжаттамаларын бұзумен орындалған жұмыстың кез келген түрлерінің өндірісін тоқтату туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте сәулет-құрылысты бақылау және қадағалау істері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыныс енгізу;

      2) сәулеттік қала құрылысы нормативтеріне және өзге де талаптарға сай келмейтін жобаларды, сәулет-жоспарлау тапсырмаларды бұзумен орындалған, сондай-ақ тиісті лицензиялары жоқ ұйымдар мен тұлғалармен әзірленген жобаларды келісуден бас тарту;

      3) сәулеттік маңызы бар басты жоспарлардың, құрылыстардың, тұрғын аудандары мен аудан орталықтарын көгалдандырудың, жекелеген ғимараттар мен құрылыстардың эскиздік жобаларының орындалысын анықтау;

      4) аудан әкімдігі мен жоғарғы ұйымдарға сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзіреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріндегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;

      6) әрбір нақтылы жағдайда эскиздік жобаларды әзірлеу, сәулет, қала құрылыстық маңызы бар басты объектілердің нұсқалық және конкурстық жобаларын, жеке жобаларды әзірлеу немесе үлгі жобаларды қолдану орындылығын анықтау, оларға қажет жағдайда өзгерістер енгізу;

      7) сәулет және қала құрылысы қызметін жүзеге асырған кезде мекендейтін және тіршілік ететін қолайлы ортаны қамтамасыз ету;

      8) мекеме әзiрлеушi болып табылатын аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингiн жүзеге асыру және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдау;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындау.

3. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

      19. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      20. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      21. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;

      2) белгіленген тәртіпте атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;

      3) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;

      4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;

      5) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін ұсынады;

      6) шарттар жасасады;

      7) сенімхаттар береді;

      8) банк есеп шоттарын ашады және заңнамаға сәйкес өзге мәмілелерді жасасады;

      9) қызметкерлердің іссапарларының, сынақтан өтудің және біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      10) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      11) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

      12) мекеме қызметкерлеріне мадақтау шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      23. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

      25. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қарақия ауданы әкімдігінің қаулысы бойынша жүзеге асырылады.

      26. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Қарақия аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства"

Постановление акимата Каракиянского района от 24 февраля 2015 года № 67. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 01 аперля 2015 года № 2652. Утратило силу постановлением акимата Каракиянского района Мангистауской области от 06 июня 2016 года № 166

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каракиянского района Мангистауской области от 06.06.2016 № 166 (вводится в действие со дня подписания)
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Каракиянского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства".
      2. Государственному учреждению "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" (Нурмаганбетов М.) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Туркменбаева А.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района А. Дауылбаев

      "СОГЛАСОВАН"
      Исполняющий обязанности
      руководителя государственного
      учреждения "Каракиянский районный
      отдел архитектуры и градостроительства"
      Нурмаганбетов Мухтар Дуйсенович
      24 февраля 2015 год.

  Утверждено
постановлением акимата
Каракиянского района
от 24 февраля 2015 года № 66
 

Положение
государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере архитектуры и градостроительства на территории Каракиянского района.
      2. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан и законами, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, а также счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      4. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства".
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, индекс 130300, Мангистауская область, Каракиянский район, село Курык, улица Досан батыра, дом № 6.
      9. Полное наименование государственного органа: государственное учреждение "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства".
      10. Учредителем государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" является акимат Каракиянского района.
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" запрещается вступать в договорные отношения с субьектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства".
      Если государственному учреждению "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" законодательными актами предоставлено право осуществлять, приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.
      14. Режим работы государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" определяется самостоятельно государственным учреждением "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" в соответствии с требованиями действующего законодательства Республики Казахстан.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства"

      15. Миссия: осуществление функций в области архитектурной и градостроительной деятельности района.
      16. Задачи:
      1) проведение государственной политики в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, направленной на решение текущих и перспективных задач комплексного социально-экономического и архитектурно-градостроительного развития территории района, обеспечение разработки и реализации архитектурных и градостроительных решений с целью формирования полноценной среды обитания;
      2) обеспечение комплексности при проектировании новой и реконструкции старой застройки, с учетом сохранения архитектурного облика района;
      3) внедрение новых градостроительных принципов и методов, обеспечивающих эффективное и рациональное использование земель, природных и материальных ресурсов, охрану окружающей среды;
      4) создание законченных архитектурных ансамблей общественных центров, площадей, улиц, пешеходных зон, жилых, культурно-бытовых комплексов.
      17. Функции:
      1) координация деятельности по реализации утвержденного в установленном законодательством порядке генерального плана района, комплексной схемы градостроительного планирования прилегающих территорий, отнесенных в установленном законодательстве порядке к зоне влияния района;
      2) организация разработки проекта генерального плана района, проектов установления и изменения районной черты и границ;
      3) организация работ по утверждению градостроительной документации, а также правил застройки, благоустройства и инженерного обеспечения территории района;
      4) организация работ по утверждению правил сохранения и содержания жилищного фонда, иных зданий и сооружений жилищно-гражданского назначения, инженерных коммуникаций, памятников истории и культуры, объектов государственного природно-заповедного фонда местного значения;
      5) информирование населения о планируемой застройке либо иных градостроительных изменениях;
      6) ведение государственного градостроительного кадастра базового уровня, предоставление в установленном законодательством порядке данных государственного градостроительного кадастра юридическим и физическим лицам, предоставление в установленном порядке информации и (или) сведений для внесения в базу данных государственного строительного кадастра;
      7) реализация градостроительных проектов, проектов детальной планировки и застройки района;
      8) участие в выборе земельных участков, подготовка предложений по предоставлению и изъятию земельных участков на подведомственной территории для застройки или иного градостроительного освоения;
      9) подготовка предложений о строительстве (расширении, техническом перевооружении, модернизации, реконструкции, реставрации и капитальном ремонте) строений, зданий, сооружений, инженерных и транспортных коммуникаций, а также об инженерной подготовке территории, благоустройстве и озеленении, консервации строек (объектов), проведении комплекса работ по постутилизации объектов местного значения;
      10) организация сохранения жилищного фонда, коммуникаций, памятников истории и культуры, объектов государственного природно-заповедного фонда и ведения контроля за их нормативным содержанием (использованием, эксплуатацией);
      11) ведение мониторинга строящихся (намеченных к строительству) объектов и комплексов в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан;
      12) выдача архитектурно-планировочных заданий на проектирование и строительство объектов;
      13) согласование проектной документации в части соответствия архитектурно-планировочному заданию;
      14) выдача разрешений на размещение объектов наружной (визуальной) рекламы и осуществление в пределах своей компетенции контроля за соблюдением законодательства Республики Казахстан о рекламе;
      15) присвоение адресов и их регистрация в информационной системе "Адресный регистр", их изменение и упразднение;
      16) согласование размещения объектов, строительство которых допускается без проектной (проектно-сметной) документации либо по упрощенным эскизным проектам, в соответствии с законодательством;
      17) принятие решений об отнесении к разряду технически не сложных изменений помещений или строений в соответствии с законодательством;
      18) рассмотрение заявлений и обращений физических и юридических лиц по вопросам осуществления ими гражданских прав в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности и принятие решений в пределах компетенции;
      19) организация и проведение архитектурно-градостроительного совета;
      20) обеспечение накопления, интеграции и хранения кадастровой информации (топографические материалы) и режима доступа к ней;
      21) разработка комплексных программ архитектурно-художественного оформления, благоустройства и озеленения района;
      22) разработка проектов нормативных правовых актов акима и акимата района в пределах компетенции учреждения;
      23) представление интересов государства во всех государственных органах при рассмотрении вопросов в пределах компетенции;
      24) осуществление иных функций, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан.
      18. Права и обязанности:
      1) вносить в установленном порядке предложения уполномоченным государственным органам по делам архитектурно-градостроительного контроля и надзора о приостановке производства любых видов работ, выполненных с нарушением разработанной и утвержденной в установленном порядке проектно-планировочной документации;
      2) отклонять от согласования проекты, не отвечающие нормативным, архитектурно-градостроительным и другим требованиям, проекты, выполненные с нарушением архитектурно-планировочных зданий, а также разработанные организациями и лицами, не имеющими соответствующих лицензий;
      3) определять выполнения эскизных проектов планировки, застройки, благоустройства жилых районов и центров района, отдельных зданий и сооружений, имеющих важное архитектурное значение;
      4) вносить предложения в акимат района и вышестоящие организации по вопросам архитектуры и градостроительства;
      5) осуществлять права владения и пользования государственным пакетом акций акционерных обществ и долями участия в товариществах с ограниченной ответственностью, субъекта права государственных юридических лиц, в том числе на принятие решений, аналогично компетенции уполномоченных органов соответствующей отрасли согласно законодательству Республики Казахстан о государственном имуществе;
      6) определять в каждом конкретном случае стадийность разработки эскизных проектов, вариантного и конкурсного проектирования объектов, имеющих важное архитектурное, градостроительное значение, разработки индивидуальных проектов или применение типовых проектов, внесение в них изменений в случае необходимости;
      7) обеспечить благоприятную среду обитания и жизнедеятельности при осуществлении архитектурной и градостроительной деятельности;
      8) осуществлять правовой мониторинг нормативных правовых актов акима и акимата района, разработчиком которых учреждение являлось и своевременно принимать меры по внесению в них изменения и (или) дополнений, или признанию их утратившими силу;
      9) осуществлять иные права и выполнять иные обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства"

      19. Руководство государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" задач и осуществление им своих функций.
      20. Первый руководитель государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" назначается на должность и освобождается от должности акимом района.
      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства":
      1) действует на принципах единоначалия и самостоятельно решает вопросы деятельности учреждения в соответствии с его компетенцией, определяемой законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением;
      2) запрашивает и получает в установленном порядке от исполнительных органов материалы, необходимые для решения вопросов, входящих в компетенцию учреждения;
      3) созывает в установленном порядке совещания по вопросам, входящим в компетенцию учреждения, с привлечением представителей заинтересованных организаций;
      4) определяет полномочия работников учреждения;
      5) без доверенности действует от имени учреждения, представляет его интересы во всех организациях;
      6) заключает договоры;
      7) выдает доверенности;
      8) открывает банковские счета и совершает иные сделки в соответствии с законодательством;
      9) утверждает порядок и планы по командировкам, стажировкам и повышением квалификации работников;
      10) издает приказы и дает указания, обязательные для всех работников учреждения;
      11) принимает на работу и увольняет с работы работников учреждения;
      12) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на работников учреждения;
      13) принимает меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;
      14) осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства"

      22. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" относится к коммунальной собственности.
      24. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Внесение изменений и дополнений в учредительные документы государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства"

      25. Внесение изменений и дополнений в учредительные документы государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" производится по постановлению акимата Каракиянского района.
      26. Внесенные изменения и дополнения в учредительные документы государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" регистрируются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

6. Реорганизация и ликвидация государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства"

      27. Реорганизация и ликвидация государственного учреждения "Каракиянский районный отдел архитектуры и градостроительства" осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.