РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Таушық ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2015 жылғы 7 қазандағы Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының қорытындысының негізінде, Таушық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Таушық ауылының I кварталдағы атаусыз көшесіне «Тышқанбаева Мөріш Асқарқызы» атауы берілсін.
2. «Таушық селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (Ж. Койшыбаева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі Ш.Азирбаев