Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 16.01.2020 № 7 - қ(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына және "Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1672 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Батыр ауылдық округінің әкімі (Т. Қайров) осы қаулының әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Н. Жолбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Е. Әбілов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Батыр ауылдық округінің әкімі
Т. Қайров
15 қаңтар 2015 жыл
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 15 қаңтар 2015 жылғы № 5-қ қаулысымен бекітілген |
Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемеcі Батыр ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық катынастарға өз атынан түседі.
5. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен әкімнің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
6. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130006, Мұнайлы ауданы, Батыр ауылдық округі, Батыр ауылы.
8. Мемлекеттік органның толық атауы – Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
9. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Мұнайлы ауданының әкімдігі болып табылады.
10. Осы Ереже Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.
2. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауыл әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметтерін қамтамасыз ету болып табылады.
15. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін, конституциялық құрылысын қорғау және нығайту, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және елдегі әлеуметтік және экономикалық процесстерді басқару;
3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін өмірге енгізу, демократиялық әдістерімен мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін шешу;
4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру, азаматтардың құқықтық саналылығының және олардың елдің қоғамдық-саяси өмірдегі белсенді азаматтық ұстанымдарының деңгейін арттыру;
5) қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс–қимыл жасау.
16. Функциялары:
Ақпараттық-талдау:
1) ақпараттарды жинауды, өңдеуді жүзеге асыру және ауыл әкімін әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер бойынша ақпараттық–талдау материалдарымен қамтамасыз ету;
2) Президент жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру;
3) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды қамтамасыз ету, нормативтік-құқықтық актілерді жариялау;
4) Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жай–күйіне және орындаушылық тәртібіне талдау жүргізу;
Ұйымдық-құқықтық функциялары:
1) Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлау, кеңестерді, семинарларды және басқа да іс-шараларды өткізу, олардың дайындығын және өткізілуін ұйымдастыру;
2) ауыл әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
3) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конститутциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
4) заңнаманың сақталмағандығы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шралар қолдану;
5) Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметкерлерін даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру, жалпыға бірдей құқықтық оқуды жүргізу;
6) әкімнің шығарған актілерін тіркеуді жүргізу;
7) әкімнің актілерін тиісті дәрежеде ресімдеуді және таратуды қамтамасыз ету;
8) Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде іс жүргізуді жоспарға сәйкес ұйымдастыру;
9) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау;
10) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
11) мемлекеттік тілді кең түрде қолдануға бағытталған шараларды қабылдау;
12) жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияны енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
13) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіліміне сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету;
14) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
15) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылауды жүргізу;
17) құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасау;
18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) осы ережемен қарастырылған негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрауға және алуға құқығы бар;
2) мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
3) Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылықты Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Батыр ауылдық округінің әкімі жүзеге асырады.
19. Ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіпте қызметінен босатылады немесе өз өкілеттігін тоқтатады.
20. Батыр ауылдық округі әкімінің өкілеттігі:
Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің құзыреттері мен міндеттерінің шеңберін анықтайды;
Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіпте тәртіптік жазалар қолданады;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды және қызметтен босатады;
Батыр ауылдық округінің әкімі басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынастарды жүзеге асыруда өкілетті тұлға болып табылады.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністе міндетті күші бар актілер шығарады.
Батыр ауылдық округінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi
21. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ
5. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
24. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Мұнайлы ауданы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.
25. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
6. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
26. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.