Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 16.01.2020 № 7 - қ(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына және "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 187 "Маңғыстау облысының жергілікті басқару құрылымы туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 11 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б. Біләлов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Жолбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Е. Әбілов |
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 54-қ қаулысымен бекітілген қосымша |
"Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І
1. Жалпы ережелер
1. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Мұнайлы ауданында құрылыс саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі"мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
6. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130006, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, қоғамдық ұйымдар ғимараты.
8. Мемлекеттік органның толық атауы – "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
9. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Мұнайлы ауданының әкімдігі болып табылады.
10. Осы Ереже "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.
2. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан аумағында қала құрылысын игеру кезінде құрылыс қызметі туралы заң нормаларының, мемлекеттік нормативтердің және белгіленген тәртіппен бекітілген құрылыс құжаттамаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету.
15. Міндеттері:
1) бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес, қала құрылысы тәртібін, аудан аумағында құрылыс салу ережелерін сақтай отырып құрылыс жобаларының іске асыруын қадағалауды жүзеге асыру;
2) жергілікті атқарушы органдарға объектілер мен кешендерді орналастыру, құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көліктік коммуникацияларды қайта жасақтау, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, қайта жабдықтау және күрделі жөндеу жөнінде, аумақты инженерлік дайындау, көркейту және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтатып қою, ауданға қарасты объектілерді кейіннен кәдеге жарату туралы ұсыныстар енгізу;
3) ауданның бас жоспарын, аудан және ауданға қатысты елді мекендердің жоспарлау және құрылысын салу жобаларын,құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеуге ұсыныс дайындауға қатысу.
16. Функциялары:
1) салынып жатқан (құрылысқа жоспарланған) объектілер мен кешендердің, реконструкциялау, кеңейту, қалпына келтіру, техникамен қайта жарақтандыру, қайта жаңғырту, күрделі жөндеу нысандарының мониторингін жүргізу;
2) сәйкес мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік сатып алуды (жергілікті бюджет қаржысы есебінен немесе оның қатысуымен орындалатын жобалау, құрылыс, қайта құрылымдау, күрделі жөндеу нысандары) жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
4) жұмыс, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларымен нысандарды пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және оларға қатысу;
5) аудан әкімінің қарауына шешім жобаларын әзірлеу, құрылыс қызметі мәселелері бойынша анықтама толтыру, ақпарат және баяндама дайындау;
6) азаматтардан "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі атына келіп түскен өтініштерін, арыздары мен шағымдарын уақытында және сапалы түрде қарап, талдау жасау;
7) қала құрылысы шешімдерінің әлеуметтік–экономикалық тиімділігінің негізгі бағытын анықтау, құрылыс тәжірибесіне ғылыми – техникалық жетістіктер, озық отандық және әлемдік тәжірибені енгізу арқылы үйлер, ғимараттар мен кешендердің құрылымдық орнықтылығының техникалық–экономикалық деңгейін жақсарту;
8) аудандық мәслихаттың комиссияларына және депутаттарына өз өкілеттігін атқару үшін ықпал ету, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, сессия кезіндегі депутаттардың және жергілікті қоғамдастық жиындарында азаматтардың құрылыс мәселелері бойынша айтқан ескертпелерін қарап, оларды орындау шараларын алу;
9) объектілердің құрылысына арналған жер учаскелеріне тиісті құжаттарды беру;
10) Әділет органдарына тиісті құжаттарды тіркеуге және жылжымайтын мүлік орталығына салынған нысандардың техникалық төлқұжаттарын жасақтауға тиісті техникалық құжаттамаларды беру;
11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да міндеттер.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) құрылыс қызметі субъектілерінен салынуға белгіленген және салынып (реконструкцияланып, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұрауға және алуға;
2) тапсырысшылардан танысу үшін осы құрылыс жөніндегі қажетті жобалау және атқару құжаттамасын, сондай – ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұрауға және алуға;
3) ведомствалық бағыныстылығына қарамастан құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын өндіретін кәсіпорындар мен ұйымдарға кедергісіз баруға;
4) сәулет–жоспарлау тапсырмаларына, нормативтік талаптарға, құрылыс туралы заңнамаға жауап бермейтін немесе қайшы келетін жобаларды қабылдамауға;
5) өз еркімен құрылыс салынуына, қала құрылысы тәртібінің, құрылыс саласындағы қолданыстағы заңнаманың бұзылуына кінәлі тұлғаларды және өз аймағында осы заң бұзушылықтардың орын алуына жол берген лауазымды тұлғаларды заңнамада белгіленген тәртіпте әкімшілік және өзге де жауаптылыққа тарту немесе оларға қаржыландыратын банктер арқылы айыппұл ықпал шараларын қолдану үшін тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс беруге;
6) қолданыстағы заңнамаларды, қала құрылысы, экологиялық және басқа да нормативтік талаптарды бұзған құрылыс индустриясы кәсіпорындардың құрылыс жұмыстарын жүргізуге және құрылыс өнімдерін өндіруге құқық беретін лицензиясын қайтару жөнінде ұсыныс беруге;
7) меншік формасы мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, аудан аумағында орналасқан кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, сондай – ақ жеке құрылыс салушылар орындауға міндетті қала құрылысы мәселесі бойынша шешім қабылдауға;
8) объектілер құрылысына сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшыларды тарта отырып, техникалық қадағалауды қолданыстағы нормативтерге сәйкес жүзеге асыруға;
9) көзделген мақсаттарды жүзеге асыру үшін қаражаттарды пайдалануға;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да құқықтар.
3."Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы жүзеге асырады.
19. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін басқарады және "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді;
2) "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымын жасақтайды және оны аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
3) ағымдағы жоспарларды бекітеді;
4) "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің құзыреттері мен міндеттерінің шеңберін анықтайды;
5) белгіленген талаптарға сәйкес "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалар қолданады;
6) құрылымдық бөлімше туралы ережені, лауазымдық нұсқаулықтарды бекітеді;
7) өзінің құзіреті шеңберінде бұйрық шығарады, нұсқау береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
21. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
24. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Мұнайлы ауданы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.
25. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
6. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.