Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 20.04.2016 № 2/18 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда – Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 27.04.2018 № 22/274 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Емір елді мекенін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы мен жер аймақтарының сипаттамасы және салық салу мақсатындағы жер салығының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 20.04.2016 № 2/18 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Себепбаева).
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А.Укибаев |
Аудандық мәслихат | |
хатшысы | Б. Назар |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Мұнайлы ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
М. Таңатар
20 наурыз 2015 жыл.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Мұнайлы аудандық жер
қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесі басшысының м.а.
Ә. Өтегенов
20 наурыз 2015 жыл.
Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 30/2018 шешіміне 2-қосымша |
Емір елді мекені жерлері аймақтарының сипаттамасы және салық салу мақсатындағы жер салығының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері
Ескерту. 2-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 20.04.2016 № 2/18 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Аймақтар № | Аймаққа енетін аумақтар | Салық салу коэффициенттері |
1 | Селитебтік аймақ | 1,4 |
2 | Өндірістік аймақ | 1,5 |
Аймақтардың сипаты
1-ші аймақ - Селитебтік аймақ – тұрғын үй және қоғамдық-іскерлік құрылыстар, көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, ортақ пайдалану;
2-ші аймақ - Өндірістік аймақ.