РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 143-ө өкімін орындау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұнайлы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібі осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б. Біләлов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Тәжібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімнің міндетін атқарушы | Н. Жолбаев |
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 01 шілдеде № 167-қ қаулысының 1-қосымшасы |
Мұнайлы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы
Мұнайлы ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдауды (бұдан әрі - тасымалдау) ұйымдастыру туралы аудан әкімдігінің қаулысын қабылдау |
Ауыл, ауылдық округі әкімінің аппараттарымен қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды (ішкі істер органдарымен бірлесіп іс-шаралар жоспары, балалармен, ата-аналармен, мұғалімдермен нұсқама жүргізу, тасымалдаушы мен көлік туралы мәліметтер, балалардың тізімі, тасымалдауға бюджеттен бөлінген қаржы туралы мәліметтер, тасымалдауға жауаптыны белгілеу) бекіту |
Заңнамада белгіленген тәртіппен балалардың міну орындарынан жалпы білім беретін мектептерге тасымалдауын жүзеге асыру |
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 01 шілдеде № 167-қ қаулысының 2-қосымшасы |
Мұнайлы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Мұнайлы ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы тәртiбi (бұдан әрі – Тәртіп) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 143-ө өкімін орындау мақсатында әзірленген.2. Балаларды тасымалдау тәртiбi
2. Балаларды тасымалдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 Қаулысымен бекітілген автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбiр балаға отыратын жеке орын берiле отырып жүзеге асырылады.3. Балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс берушi (бұдан әрi – тапсырыс берушi) балаларды арнайы тасымалдауды ұйымдастыруға жауапты заңды немесе жеке тұлғалар болуы мүмкiн
4. Автобустармен балаларды тасымалдауды балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс берушiнiң жазбаша өтiнiмдерi негiзiнде тасымалдаушылар жүзеге асырады.
5. Өтiнiмде балаларды тасымалдау күнi (күндерi), уақыты, олардың саны мен жасы, жол жүру маршруты (бастапқы, соңғы және аралық пунктiлер), отырғызу және түсiру орындары, тегi, аты, әкесiнiң аты және балалардың тасымалдауын ұйымдастыруға жауаптының лауазымы және әрбiр автобус бойынша ерiп жүретiн ересек көрсетiледi.
Тапсырыс берушi меншiктi көлiгiн тапсырылған автобустарға қосымша бөлу жағдайында тасымалдауға арналған көлiк бiрлiгiнiң бөлiнетiн саны көрсетiледi.
Өтiнiмге тапсырыс берушi ұйымның бастығы немесе оның орынбасары қол қояды.
6. Тапсырыс берушi тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешiмдi ресiмдейдi, онда лауазымды адамдардың, топтар бастықтарының, бiрге ерiп жүрушiлердiң мiндеттерi, маршруты, мезгiлдерi, дайындау және жол жүрудi өткiзу тәртiбi, балалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар регламенттелiнедi.
7. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.
8. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiктерiнiң болуы және мыналармен:
1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиiс "Балаларды тасымалдау" деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;
2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;
3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);
4) екi алғашқы көмек дәрi қобдишаларымен (автомобильдi);
5) екi жылжуға қарсы тiректермен;
6) авариялық тоқтау белгiсiмен;
7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен;
8) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы тиiс.
9. Автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердiң жалпы саны осы көлiк құралы үшiн белгiленген және отыру үшiн жабдықталған орындардың санынан аспайды.
10. Балалардың топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейiн автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрiнiм жеткiлiксiз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) тыйым салынады. Тәулiктiң 22.00 сағатынан бастап 06.00 сағатына дейiн темiржол вокзалдарына және әуежайларға және олардан, сондай-ақ жақын арадағы демалыс орнына (қонатын жерге) дейiн жолда кiдiрiп қалған кезде балаларды тасымалдауға рұқсат етiледi.
Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлауға тиiс.
11. Тәулiктiң жарық мезгiлiнде балаларды автобуспен тасымалдау фаралардың жақын қосылған жарығымен жүзеге асырылады.
12. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.
13. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.
Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.
Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс.
Күзгi-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.
14. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға Тапсырыс берушi балаларды отырғызу және түсiру орындарының жай-күйiн тұрақты түрде (айына кемiнде бiр рет) тексередi.
15. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.
Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы тапсырыс берушiге хабарлауы тиiс, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
16. Балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiден патрульдiк автомобильдi лектерге iлесiп жүруге бөлу туралы жол полициясы органдарының мiндеттi белгiлеу бар жазбаша өтiнiмдi ұсынады. Аталған белгiсiнсiз автобустар тапсырыс берушiге ұсынылмайды. Өз кезегiнде тасымалдаушы балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ маршруттың қозғалысын бақылауды күшейту бойынша шаралар қолдану үшiн жол полициясы органдарын хабардар етедi.
17. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiмен бiрлесiп балалардың жиналу пунктiнде және келу пунктiнде автобустардың аялдауы үшiн алаңшалардың болуын; отырғызу алаңшаларының болуын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус тұрағынан кемiнде 30 м қашықтықта орналасуы тиiс.
18. Балаларды жаппай тасымалдау үшiн автобустарды бөлу кезiнде тасымалдаушы лектердiң үлкенiн тағайындауға (үш және одан да көп автобус кезiнде көлiк құралдарының қозғалыс қауiпсiздiгiне немесе пайдалануға жауапты адамдардың санынан, ал екi автобус кезiнде – осы автобустардың жүргiзушiлерiнiң санынан; үлкенi болып тағайындалған жүргiзушiнiң автобустарда кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлi болуы тиiс) тиiс.
19. Тапсырыс берушi балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып жүретiн, тапсырыс берушi-ұйым қызметкерлерiнiң немесе ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi (мектепке, өзге бiлiм беру ұйымдарына балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретiнде ерiп жүрушiлер үшiн арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын (16 жастан жоғары) белгiлеуге жол берiледi).
20. Балаларды алып жүруi үшiн тапсырыс берушi белгiлеген адамдар балаларды автобуспен тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқама алады.
21. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге немесе тасымалдаушыға тиесiлi көлiк құралдарын пайдалануға жауапты адам жүргiзедi.
Нұсқаманың өткiзiлуi туралы белгi және нұсқама алған тұлғаның қолы нұсқаманы есепке алу туралы арнайы журналға қойылады. Iлесiп жүрушiлер нұсқаманы өтпесе, автобустар тапсырыс берушiге ұсынылмайды.
22. Нұсқаманы өту кезiнде мынадай тәртiп егжей-тегжейлi жазылады:
1) автобустардың отырғызу орындарына берiлуi, балаларды отырғызу және түсiру ережелерi;
2) автобуста қол жүгiн орналастыру және багажды тасымалдау;
3) автобус салонында болғанда, балалардың жиналу, отырғызу және түсiру орындарында өздерiн ұстауы;
4) iлесiп жүрушiлердiң жүргiзушiмен өзара iс-қимылы;
5) салондағы жабдықтарды: желдеткiш люктердi, аялдауды талап ету сигналдарын, желдеткiштердi пайдалану;
6) автобустың аялдауы кезiнде балаларды бақылау.
23. Балалардың тұрақты тасымалдауын жүзеге асыру кезiнде тапсырыс берушi мынадай мәселелер кiретiн, арнайы бағдарлама бойынша балалармен тұрақты сабақтар өткiзудi ұйымдастырады:
1) жиналу орындарында және автобусты күту уақытында қауiпсiздiк тәртiбiнiң ережелерi туралы;
2) отырғызу және автобустан түсiру тәртiбi туралы;
3) автобустың қозғалу уақытындағы және аялдауы кезiндегi тәртiп ережелерi туралы;
4) тасымалдау кезiнде қауiптi немесе төтенше жағдайлар туындағандағы тәртiп туралы;
5) зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету тәсiлдерi туралы (ересек балалармен сабақ өткiзу кезiнде).
Сабақты өткiзу кезiнде жол қозғалысы процесiнде және тасымалдау уақытында туындайтын iс жүзiндегi жағдайларды талқылау үшiн көрнектi құралдарды пайдалану көзделуi тиiс.
24. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.
Балаларды тасымалдауға жiберген ұйымдағы жүргiзушiнiң жұмыс өтiлi үш жылдан кем болмауы тиiс.
Сыйымдылығы 41 орынды автобустармен балаларды тасымалдауға тағайындалған, сондай-ақ қалааралық қатынастағы балаларды басқа да тасымалдаудағы жүргiзушiлердiң автобустардағы жұмыс өтiлi кемiнде 5 жыл болуы тиiс.
25. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға тыйым салынады:
1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
2) жүру маршрутын өзгертуге;
3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;
6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
26. Бiр мекенжайға екi және одан артық автобустар бөлiнген жағдайда лектердiң аға жетекшiсi автобустардың олардың тұрақтауы үшiн бөлiнген алаңшада орналасуын қамтамасыз етеді.
Автобустардың тұрақтау орындарында және отырғызу (түсiру) орындарында автобустарды беру кезiнде балаларды тасымалдауға қатысы жоқ көлiк құралдары, сондай-ақ шығарып салушылар (күтiп алушылар) және бөтен адамдар болмайды.
27. Отырғызу платформасында (аялдамада) балалар бiр жерде топпен орналасады және мына мінез-құлық нормаларын сақтайды:
1) топ басшысының, ересек ерiп жүрушiнiң рұқсатынсыз кетуге, жаяу жолдың, жолдың жағасы, отырғызу платформасы бойынша жан-жаққа тарап кетуге;
2) отырғызу платформасында (аялдамада) тұрған басқа адамдарға кедергi және ыңғайсыздық жасауға;
3) жүгiруге, бiрiн-бiрi итеруге, қимыл ойындарын, соның iшiнде доптармен және басқа да заттармен ойнауға тыйым салынады;
4) жақындап келе жатқан көлiк құралы толық аялдағанға дейiн отырғызу платформасының, жаяу жолдың, жолдың жағасының шетiне жақын келуге;
5) үрленген және басқа жеңiл ойыншықтарды, доптарды және өзге де жеңiл заттарды қолда алып жүруге (ұстауға), қағаз ақшаларды санауға, құжаттарды және желдiң әсерiнен жолға ұшып кетуi мүмкiн және балалардың кенеттен жолдың жүру бөлiгiне шығып кетуiне әкеп соқтыруы мүмкiн басқа жеңiл заттарды алып шығаруға және қарауға.
28. Жүргiзушiге балаларды отырғызу (түсiру) уақытында автобустың кабинасынан шығуға болмайды.
29. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiнiң басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен (жаппай тасымалдаған кезде одан басқа тасымалдауды ұйымдастыруға жауаптының байқауымен) автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан жүгiрiп шығуына, жүру бөлiгiнiң шетiнде топтануына жол бермейдi.
30. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.
Отырғызған кезде жеке заттар баланың бiр қолына сыйуы тиiс, басқа қолымен ол баспалдақпен салонға көтерiлген кезде тұтқадан ұстауы тиiс.
31. Балаларды тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде тасымалдаған жағдайда фаралардың жақын немесе алыс жарығымен қоса тұманға қарсы фаралар пайдаланылуы мүмкiн.
32. Балаларды тасымалдаған кезде жүргiзушiге:
1) автобус қозғалысының белгiленген маршрутынан ауытқуға және белгiленген жылдамдық режимдерiн бұзуға;
2) қозғалыс барысында автобусты басқарудан алаңдауға (сөйлесуге, тамақ iшуге, кабинада қатты музыка қосуға);
3) тасуға тыйым салынған нәрселердi, заттарды және материалдарды автобуста алып жүруге;
4) топырақ жолдарға шығып кетуге және олармен жүруге (балаларды ауылшаруашылық жұмыстарына және демалыс орындарына, сондай-ақ жолды жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргiзу кезiнде тасымалдаған жағдайдан басқа) тыйым салынады.
33. Автобустың қозғалысы барысында ерiп жүрушiлер автобустың әрбiр есiгiнiң жанында орналасуы тиiс. Егер автобуста бiр ерiп жүрушi болса, ол автобустың алдыңғы есiгiнiң жанында орналасуы тиiс.
Медицина қызметкерлерi және балалар тасымалын ұйымдастыруға жауаптылар (жаппай тасымалдау кезiнде) соңғы автобуста орналасады.
34. Автобус салонындағы терезелер (желдеткiштер) жабық болады. Салонды желдету қажет болған жағдайда және тек ерiп жүрушiнiң рұқсатымен ғана төбедегi желдету люктерi ашылады.