Қостанай облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату қағидасын бекіту туралы

Қостанай облысы әкімінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 12 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қыркүйекте № 5891 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
       Н. Садуақасов

  Әкімнің
2015 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 12 шешімімен бекітілген

Қостанай облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық,
мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны
ыдыстағы өнiмдерді сату қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидасы (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қостанай облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылған:
      сауда объектiсi - құрал-жабдықпен арнайы жарақтандырылған, тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, сауда базары, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы.
      Стационарлық сауда объектілері:
      сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын өткізетін, сауда алаңы он мың шаршы метрден асатын сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтитын 1-санатты;
      сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды өткізуге мамандандырылған, сауда алаңы екі мың шаршы метрден он мың шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтитын 2-санатты;
      сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бес жүз шаршы метрден екі мың шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 3-санатты;
      сауда, қосалқы үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бір жүз шаршы метрден бес жүз шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 4-санатты;
      сауда үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бір жүз шаршы метрден аз сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 5-санатты сауда объектілері болып бөлінеді.
      Стационарлық емес сауда объектілері мыналарға бөлінеді:
      1) автомат - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
      2) жылжымалы сөре - арнайы бөлінген орынға орналастырылатын сауда орнын білдіретін тасымалды уақытша құрылыс (конструкция);
      3) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлiк құралы;
      тауарларды автодүкендер арқылы өткізген кезде мамандандырылған көлік құралы техникалық тұрғыдан жарамды болуға тиіс.
      4) шатыр (павильон) - бір немесе бірнеше сауда орындары үшін сауда жабдықтарымен жарақталған, сауда қоры үшін алаңы бар және арнайы белгіленген орынға орналастырылатын құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жеңiл құрылатын құрылыс;
      5) дүңгiршек - бір немесе бірнеше сауда орындарына есептелген, азық-түлік тауарларын сақтауға арналған сауда залы және үй-жайлары жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс;
      6) сауда базары - аумақта шаруашылық қызмет ету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негізде жұмыс істейтін және өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етілген, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, өрт қауіпсіздігі, сәулет-құрылыс талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талаптарға сәйкес келетін сауда қызметіне арналған оқшауланған мүліктік кешен.
      Қоғамдық тамақтандыру - тамақ өнiмдерiн өндiрумен, қайта өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет.
      Қоғамдық тамақтандыру объектiлері мынадай санаттарға бөлiнедi:
      1) ресторан - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды қоса алғанда, дайындалуы күрделi ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;
      2) кафе - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, дайындалуы күрделi емес ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ, алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;
      3) бар - тұтынушыларға тiске басар, десерт және кондитерлiк тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;
      4) асхана - тұтынушылар өз-өздерiне қызмет көрсететiн қоғамдық тамақтандыру объектiсi.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімінің 07.09.2016 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібі

      3. Спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату осы өнімдерді сатуға арналған сауда объектілерінен және қоғамдық тамақтану объектілерінен тыс сатуға жол берілмейді.

3. Қорытынды ережелер

      4. Осы Қағидаларды бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Об утверждении Правил реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Костанайской области

Решение акима Костанайской области от 1 сентября 2015 года № 12. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 22 сентября 2015 года № 5891

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 29 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Костанайской области.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
       Н. Садуакасов

  Утверждены
решением акима
от 1 cентября 2015 года
№ 12

Правила
реализации продукции в стеклянной таре в местах
проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых
мероприятий в Костанайской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Костанайской области (далее - Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 29 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяют порядок реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Костанайской области.
      2. В настоящих Правилах использованы следующие понятия:
      торговый объект - здание или часть здания, сооружение или часть сооружения, торговый рынок, автоматизированное устройство или транспортное средство, специально оснащенные оборудованием, предназначенным и используемым для выкладки, демонстрации товаров, обслуживания покупателей и проведения денежных расчетов с покупателями при продаже товаров.
      Стационарные торговые объекты подразделяются на:
      категорию 1, которая включает в себя торговые объекты с торговой площадью более десяти тысяч квадратных метров, реализующие продовольственные, непродовольственные товары, обеспеченные торговыми, административно-бытовыми, складскими помещениями и площадкой для стоянки автотранспортных средств в пределах границ своей территории, а также объекты общественного питания и иные объекты;
      категорию 2, которая включает в себя торговые объекты с торговой площадью от двух тысяч до десяти тысяч квадратных метров, специализирующиеся на реализации продовольственных, непродовольственных товаров, обеспеченные торговыми, административно-бытовыми, складскими помещениями и площадкой для стоянки автотранспортных средств в пределах границ своей территории, а также объекты общественного питания и иные объекты;
      категорию 3, которая включает в себя торговые объекты с торговой площадью от пятисот до двух тысяч квадратных метров, обеспеченные торговыми, подсобными, административно-бытовыми помещениями, помещениями для приема, хранения и подготовки продовольственных, непродовольственных товаров к продаже, объекты общественного питания (при их наличии) и иные объекты (при их наличии);
      категорию 4, которая включает в себя торговые объекты с торговой площадью от ста до пятисот квадратных метров, обеспеченные торговыми, подсобными помещениями, помещениями для приема, хранения и подготовки продовольственных, непродовольственных товаров к продаже, объекты общественного питания (при их наличии) и иные объекты (при их наличии);
      категорию 5, которая включает в себя торговые объекты с торговой площадью менее ста квадратных метров, обеспеченные торговыми помещениями, помещениями для приема, хранения и подготовки продовольственных, непродовольственных товаров к продаже, объекты общественного питания (при их наличии) и иные объекты (при их наличии).
      Нестационарные торговые объекты подразделяются на:
      1) автомат - автоматизированное устройство, предназначенное для продажи товаров;
      2) выносной прилавок - переносное временное сооружение (конструкция), представляющее собой торговое место, располагаемое на специально определенном месте;
      3) автолавка - оснащенное торговым оборудованием специализированное автотранспортное средство;
      при реализации товаров через автолавки специализированное транспортное средство должно быть технически исправным.
      4) палатка (павильон) - легко возводимое строение из сборно-разборных конструкций, оснащенное торговым оборудованием для одного или нескольких торговых мест, имеющее площадь для торгового запаса и располагаемое на специально определенном месте;
      5) киоск - некапитальное переносное сооружение, оснащенное торговым оборудованием, не имеющее торгового зала и помещений для хранения продовольственных товаров, рассчитанное на одно или несколько торговых мест;
      6) торговый рынок - обособленный имущественный комплекс, предназначенный для торговой деятельности, с централизацией функций хозяйственного обслуживания территории, управления и охраны, действующий на постоянной основе и обеспеченный площадкой для стоянки автотранспортных средств в пределах границ своей территории, а также соответствующий санитарно-эпидемиологическим требованиям, требованиям пожарной безопасности, архитектурно-строительным и иным требованиям в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Общественное питание - предпринимательская деятельность, связанная с производством, переработкой, реализацией и организацией потребления продуктов питания.
      Объекты общественного питания подразделяются на следующие категории:
      1) ресторан - объект общественного питания и отдыха, предлагающий ассортимент блюд сложного приготовления, включая заказные и фирменные, а также алкогольную продукцию с обязательным предоставлением услуг официантов потребителям;
      2) кафе - объект общественного питания и отдыха, предлагающий ассортимент блюд несложного приготовления, а также алкогольную продукцию с обязательным предоставлением услуг официантов потребителям;
      3) бар - объект общественного питания и отдыха, предлагающий потребителям закуски, десерты и кондитерские изделия, а также алкогольную продукцию;
      4) столовая - объект общественного питания с самостоятельным обслуживанием потребителей.
      Сноска. Пункт 2 – в редакции решения акима Костанайской области от 07.09.2016 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Порядок реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения мероприятий

      3. Реализация продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий не допускается вне торговых объектов и объектов общественного питания, предназначенных для реализации данной продукции.

3. Заключительные положения

      4. Нарушение настоящих Правил влечет ответственность, установленную действующим законодательством Республики Казахстан.